Жезқазған байыту фабрикасы еңбеккерлерінің арасында «Sonyplaystation – 4FIFA-2023» киберспорт түрінің турнирі мәреге жетті. Елімізде қарқын ала бастаған бұл заманауи ойын түрінен жарыстың өтуіне «КәсіпҚорған» кәсіподақ комитеті мен «JastarBolashaq» Жастар одағы ұйытқы болды.
Еңбек ұжымдарының киберспортқа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында ұйымдастырылған турнирге Жезқазған байыту фабрикасының директоры МұратБөрібаев қолдау танытты.
Киберспорт – бұл бейне ойындарға негізделген топтық немесе жеке жарыс түрі. Ағылшын тілінен аударғанда «компьютерлік спорт» немесе «электронды спорт» деп те аталады. Өзіндік ерекшелегі бар спорт түріне цехтардан еңбеккерлер белсене қатысты.
Турнир нәтижесінде бірінші орынды №1 ұнтақтау корпусының жұмыскерлері Алдияр Әлмұқан мен Ислам Әділшенов жеңіп алса, екінші орынды №2 ұнтақтау корпусынан Еркебұлан Бірмағанбет, Әділхан Ұзақпаев еншіледі. №2 бас корпусының жұмыскерлері Махамбет Фермағали және Мади Закиржанов үшінші орынға табан тіреді.
Бағдат ҚАЗКЕНОВ.