Жексенбі, 15 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Аймақ мәселесі

Үрей ұшыратын үйлер

11.03.2022
- Аймақ мәселесі
0
Үрей ұшыратын үйлер
81
БӨЛІСТІ
224
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Бүгінде Жезқазғанның бұрынғы бөлігінен құрылыс салатын телім таппайсыз. Бірақ, бұл – бұдан былай барлық назар батыс бөлігіне аударылып, ескісі ескерусіз қалады, деген сөз емес. «Казгипроград» жобалау институты жасаған, 2015 жылғы 11 желтоқсандағы шешімімен облыстық мәслихат бекіткен жаңғыртылған, нақтыланған бас жоспарда қалаға қатысты мәселені бірегейлікпен шешу қарастырылған.

Қала аумағын абаттандыру мен көркейтуді кешенді қолға алуға көңіл бөлінген. Кеңгір су қоймасын жағалай жаппай көгалдандыру көзделген.  Көптен мазалап келе жатқан сапалы ауызсу және жылумен жүйелі жабдықтау мәселесі орайлы шешімін табады. Жаңа жылу-электр орталығы салынады. Тозығы жеткен жылуқ ұбыры кезең-кезеңмен жаңартылады. Бекітілгеніне жеті жылдың жүзі болып қалған қаланың бас жоспарын безбендегенде бізді осындай тәтті қиял баураған.

Қазір қаланың тұрғын үй қорында 655 көпқабатты тұрғын үй бар. Осының 255-і ескірген. Әрине, жарты ғасырдан астам тарихы бар шаһар үшін бұл байбалам салатындай оқыс оқиға емес. Өйткені, тарпаң табиғаттың өтінде тұрған еңселі ғимарат түгіл, майлап-сырлаған темірің де тозады. Бірақ, байыпты реновация (қайта жаңарту) бағдарламасы болмаса, тұрғын үй қорының құн-жыны шығатыны, тұрғындардың тығырыққа тірелетіні, айтпаса да түсінікті.

Ескірген үйдің 26-сы апатты жағдайда. Соның сегізін қалпына келтіру мүмкіндігі бар екен. Ал, қалғанын бұзғаннан басқа жол жоқ көрінеді. Бұл – жергілікті биліктің жүйкесін жүндей түтеніндей-ақ шаруа. Өйткені, әлгі апатты жағдайдағы 26 үйдегі 273 пәтер иесінің көңілін табу оңай емес. Бұдан екі жыл бұрын қала басшысы тұрғындармен кездесуде апатты үйлерді үш жылда көшіру бағдарламасы бекітілгенін айтқан еді. Бірақ, бұл бағдарлама баяу жүзеге асуда.

Апатты үйден арылу үшін тұрғын үй құрылысына қарқын керек. Бұл тұрғыда Жезқазғанда жиырма жылдай жөнді жұмыс жүрмеді. Кейінгі екі-үш жылда ептеп ілгерілу байқалады. Бірақ, уақытылы қатарға қосылмаған әлеуметтік-тұрмыстық мақсаттағы «сақалды» нысандарды санамалап шықсақ, көңілге кірбің ұялайды. Соның бірі – 74-орамдағы Гагарин көшесі,70/2 мекенжайында қалқиып тұрған бес қабатты 28 пәтерлік тұрғын үй.

2014 жылғы байқау қортындысына сәйкес сол жылы 4 маусымда қалалық құрылыс бөлімі мен «Майер Ман» ЖШС арасында мемлекеттік сатып алу туралы келісім-шарт жасалды. Алайда, жұмыс жүйелі жүрмеді. Орындалғаны сын көтермеді. Соның салдарынан мердігер мен тапсырыс беруші арасында дау-дамай өршіп, екі жақ сотқа жүгінген кезде құрылыс-монтаж жұмысы қаңтарылып тұрды. Талай мүлікпен құрылыс материалы қолды болып, «ұстағанның қолында, тістегеннің аузында» кетті.

Сондай-ақ оқыңыз

Тасқынға – тосқын

Тасқынға – тосқын

21.02.2025
Экологиялық сараптама аяқталды

Экологиялық сараптама аяқталды

08.11.2024

Бұрнағы жылы шілдеде ақтөбелік «Азия Эксперт Инжинирг» орталығы бастапқы жоба құжаттары мен құрылыс жүргізу кезіндегі барлық ақпарат қолды болғанына қарамастан, тұрғын үйдегі құрылыстық конструкцияның жағдайын зерттеу мен бағалау нәтижесіне сәйкес техникалық қортынды жасады. Амандық болса, ол 2023 жылы қазанда пайдалануға беріледі деп күтілуде. Сенгің-ақ келеді, бірақ, көңілде көлденең деп күдік тұрады.

 P.S. Жезқазған қаласының әкімдігі 2020 жылғы 26 тамыздағы қаулысымен Гагарин көшесі,70/2 мекенжайындағы 28 пәтерлік 5 қабатты тұрғын үйді коммуналдық меншіктен облыстық денсаулық сақтау басқармасының балансына берді. Бірақ, бұдан жергілікті билік бақылау мен қадағалаудан бейтарап қалады деген пікір тумаса керек. Себебі, оның игілігін көретін қала тұрғындары. Қазір Жезқазған қаласында 2403 адам пәтер кезегінде тұр.

 Әлібек ӘБДІРАШ.

ЖЕЗҚАЗҒАН қаласы.

 

 

Бөлісу32Твитерге20
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
«Комсомол»  колхозы

«Комсомол» колхозы

28.03.2025
«Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз»

«Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз»

05.07.2024
Сапалы өнім өндіруде

Сапалы өнім өндіруде

06.06.2025
Су құбырларын жаңартуға жұмсалады

Су құбырларын жаңартуға жұмсалады

06.06.2025
Жаңа демалыс аймағы ашылды

Жаңа демалыс аймағы ашылды

06.06.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру