Жексенбі, 18 Қазан , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Шарайна

«Үміттің алқызыл желкені»

18.10.2024
- Шарайна
0
«Үміттің алқызыл желкені»
88
БӨЛІСТІ
245
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Олар мейірімді, көзқарастары, ой-тұжырымдары, түйсіктері бөлек. Табиғатынан талантты, талапты жандардың бұл тобы – мүмкіндігі шектеулі жандар. Оларды қолдау мақсатында дәстүрлі 18-ші «Үміттің алқызыл желкені» атты көркемөнерпаздардың шығармашылық фестивалі өтті.

Жезқазған қаласының 70 жылдық мерейтойы аясында және Республика күні қарсаңында ұйымдастырылған бұл шараның басты қонақтары – өнері де, өмірі де ерекше жандар.  Байқаудың мақсаты – мемлекет тарапынан жасалып жатқан қамқорлықты ұғынып, мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың қалыпты дамыған адамдармен әлеуметтік жағынан да, саяси, азаматтық, экономикалық және мәдени жағынан да тең құқылы екендігін осындай игі шаралармен дәлелдеу.

– Өмірдің қиындығына төтеп беріп, алға қойған мақсаттарына батыл қадам жасап, өнерлерін шыңдап жүрген бүлдіршіндерімізге тек қана шығармашылық табыс тілейміз. Осындай балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға әрдайым күш-қуат берсін, – деді Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Бақытжан Жайлаубаев фестивальді аша отырып.

Фестиваль «Әлем балалар көзімен» атты көрмемен басталды. Көрмеде әртүрлі әдіспен жасалған бұйымдарды көруге болады. Бірі бояуы мен кескіні келіскен сурет салса, бірі кесте тіккен, ал енді бірі былғарыдан бұйымдар әзірлеген. Оған осындай жандарды тәрбиелеп отырған «Дара жүрек», «Аялы алақан», «Лира» секілді 7 мекеменің тәрбиеленушілері қатысты. Ұйымдастырушылар олардың арасынан дарынды, талантты жастарды анықтады.

Фестиваль қатысушылары мүмкіндігі шектелсе де, рухы сынбаған жандар екенін көпшілікке тағы бір мәрте дәлелдеді. Сәйкесінше, оларға деген  көрермендердің ықыласы да ерекше болды. Соңында барлық қатысушыларға арнайы диплом мен сыйлық табыс етілді.

Гүлім МАРАТҚЫЗЫ.

Бөлісу35Твитерге22

Көп қаралған

  • Энергетиктердің еңбегі еленді

    Энергетиктердің еңбегі еленді

    108 бөлісті
    Бөлісу 43 Твитерге 27
  • АҚШ елшісі мыс қорыту зауытымен танысты

    89 бөлісті
    Бөлісу 36 Твитерге 22
  • Инженерлік білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық кеңеюде

    74 бөлісті
    Бөлісу 30 Твитерге 19
  • Жезқазғандықтардың үні үкіметке жетті

    96 бөлісті
    Бөлісу 38 Твитерге 24
  • Ұйым жүлдесі «ЖезУ» командасына бұйырды

    110 бөлісті
    Бөлісу 44 Твитерге 28
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру