Бейсенбі, 22 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Руханият

«Ұлытаудан екінші Түркістан жасаудың қажеті жоқ»

10.06.2022
- Руханият
0
«Ұлытаудан екінші Түркістан жасаудың қажеті жоқ»
104
БӨЛІСТІ
289
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

«Бұрынғы Жезқазған облысының аумағында  Ұлытау облысын құру қажет. Жезқазған қаласы қайтадан облыс орталығы болады. Бұл аймақта дербес облыс құру – экономикалық қана емес, рухани жағынан да маңызды шешім».

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚР Президенті.

 

Жаңа облыс: даму мүмкіндіктері

Сондай-ақ оқыңыз

Қыл қобыздың абызы

Қыл қобыздың абызы

20.12.2024
Ұлы тұлға туралы көркем шындық

Ұлы тұлға туралы көркем шындық

24.10.2024

Сәті түскен сұхбат

Досхан СӘКЕНҰЛЫ,

С.Қожамқұлов атындағы қазақ музыкалық-

драма театрының директоры:

 

Алтын Орданың астанасы, алып империяның тұғыры болған Сарыарқа төріндегі Ұлытау өңіріне көктемнің алғашқы айы көл-көсір қуаныш ала келді. Жаңа Ұлытау облысы құрылатындығы жөніндегі жағымды жаңалықты жұртшылық жылы қабылдады, көшеге шығып, бір-бірін құттықтап, ізгі тілек жаудырды. Енді шалқыған көңілді сабасына түсіріп, келешек көкжиегіне көз жүгіртетін кез келді. Осы орайда Серке Қожамқұлов атындағы қазақ музыкалық-драма театрының басшысы Досхан СӘКЕНҰЛЫМЕН  сұхбаттасудың сәті түскен еді.

– Доске, жаңадан шаңырақ көтеріп жатқан облыстың руханият пен мәдени бағыт-бағдары, жоспары мен өзіндік дара жолы қандай болу керек деп ойлайсыз?

– Менің түсінігімде, Ұлытау облысының дара мәдени және рухани келбетін қалыптастыру, оған тарихи мұрасының әлеуетін пайдалану қажет. Ұлытаумен байланысты бірегей мәдени кодты қалыптастыра отырып, оны әлемдік брендке айналдыру – басты міндет. Ұлытаудан екінші Түркістан жасаудың қажеті жоқ. Төл тарихи құндылықтарды пайдалану – аса маңызды. Осы концептуалды жүйеге креативты индустрияны ендіріп, аймақтың туристік бағытын ашуға болады деп ойлаймын.

–  Оған, ең алдымен, не керек?

– Инфрақұрылым. Өте өзекті мәселе… Инфрақұрылымды ретке келтіру үшін қаржы да, уақыт та қажет. Ол тек жол жөндеумен шектелмейді. Барлык саланы қамтитын үлкен жұмыс. Көптеген мәдени нысанға – жөндеу, талай тарихи орынға жол тарту жұмысы күтіп тұр. Бұл тұрғыда «алдымен – экономика, мәдениетті сосын реттеп алармыз» деген көзқарас болмауға тиіс. Дәл қазіргі кезеңде облыстың келбетін келістіріп жасайтын – мәртебелі мәдениет.

Майталман маман. Өкінішке орай, кәсіби мамандар миграциясы тоқтайтын түрі жоқ. Мақсат – соған тосқауыл қоюдың тәсілін табу. Халықаралық деңгейдегі жобаны іске асыру үшін халықаралық тәжірибесі бар маманды шақыра отырып, жергілікті кадрлық резерв дайындайық. Елорда мен өзге ірі қаладан келетін маман «уақытша» деген түсініктен арылайық. Келген әр маман осы аймаққа қажет екенін сезінсе, шығармашылық шамасын көрсетуге мүмкіндік бар екеніне көз жетсе, кете қояды деп ойламаймын. Осындай ахуал қалыптастыра алмасақ, сырт түгіл, қолдағыдан айырылып қаламыз.

Ұлытау облысын брендтік аймаққа айналдыру үшін барлық басқарма (әсіресе, сәулет, құрылыс, инфрақұрылым) осы концептуалды «облыстық кодқа» қызмет етуі керек. Жезқазған-Ұлытау аймағына тән тарихи аураны облысқа қадам басқан, топырағына табаны тиген тек отандастар ғана емес, туристер де бірден сезінуі тиіс. Мәдени нысандар мен БАҚ арасында тығыз байланыс орнатып, ақпараттық көшбасшыға айналдырса. Кез-келген ақпарат тек облыс көлемімен шектелмей, республикалық және халықаралық деңгейде таратылса. Ол үшін сапалы жобаларды іске асыру қажет.

– Енді, «осы орайда театр өнері не бере алады?» дегенге тоқталсаңыз…

– Театр – ең әуелі, ой қозғаушы күш. Оның сахнасы көрерменге әдет-ғұрып пен салт-дәстүрді көрсететін музей емес, тарих арқылы ата-баба арман-мұратының, қалдырған аманатының құндылығын эмоционалды әсер арқылы жеткізетін, әр көрерменнің ойлануына мүмкіндік беретін рухани алаң. Театр – тәрбиелеуші құрал, деген түсініктен де арылған абзал. Өйткені, ол – бір ғана функциясы. Отандық және жаңа драматургияны сахналау арқылы заманауи және тиімді шығармашылық әдістер арқылы театр қоғамның ұйытқысы бола алатын дәрежеге жетуі тиіс. Серке Қожамқұлов атындағы қазақ музыкалық-драма театры да осы міндетті алға қойған.

– Пікіріңізді нақтылай түссеңіз…

– Бұрын бір Қарағанды облысында 5 театр болып, қызмет етсек, енді Ұлытау облысында жалғыз кәсіби театр боламыз. Біз үшін бұл – үлкен жауапкершілік. Ұлытау облысындағы театр өнерінің деңгейін бұдан былай бізге қарап безбендейді. Осы орайда театрдың шығармашылық әлеуетін арттырып, мол мүмкіндікке жол аша білу керек.

Бір жылда ресейлік және шетелдік мамандарды шақырып, О.Жанайдаровтың ел тарихын таразылайтын «Жұт» драмасы, Ғ.Ештанаевтың Ұлытау аймағы тарихын баяндайтын «Төртеу түгел болғанда…» эпикалық драмасы сахналанды. Көрермен көңілінен шыққан спектакльдің сахналық ғұмыры ұзақ болатынына сенімдемін. Жоспарда – Ұлық Ұлыстың тарихына саяхат жасауға мүмкіндік беретін «Ұлы дала аңызы» қойылымының концепциясын дайындау. М.Әуезовтың 125 жылдығына орай «Көксерек» әңгімесін сахналау да жоспарда бар. Жарты ғасырлық тарихы бар Серке театры өзіне жүктелген міндетті аса жауапкершілікпен орындайды.

– Тоқсан ауыз сөздің – тобықтай түйіні…

– Қорыта айтқанда, жаңа облыста жасалып жатқан әр оң өзгерісті тұрғындар сезінуі әрі пайдалануы керек. Жерлестеріміз өзінің және отбасының болашағын осы Ұлытаумен байланыстырса. Ал, білікті маман жерлестер шығармашылық амбициясын орындайтын жер ретінде Ұлытау облысын көруі үшін, соған сай ахуал қалыптастырған абзал. Мақсаты айқын, ниеті түзу, пейілі кең ұлытаулықтарды ұлыктайтын заман тудыру керек.

Бәрі өз қолымызда!

– Айтқаныңыз келсін! Әңгімеңізге рахмет!

Жазып алған Әлібек ӘБДІРАШ.

ЖЕЗҚАЗҒАН қаласы.

 

Бөлісу42Твитерге26
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Үкімет Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 млрд теңге бөлді

Үкімет Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 млрд теңге бөлді

20.05.2025
Еңбекте ерлеген Ерғазиновтар

Еңбекте ерлеген Ерғазиновтар

16.05.2025
Кеңгірге газ келеді

Кеңгірге газ келеді

16.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру