Сейсенбі, 16 Желтоқсан , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Ұлытау университетін құруға уәделесті

28.11.2025
- Жаңалықтар
0
Ұлытау университетін құруға уәделесті
68
БӨЛІСТІ
188
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Осы құжат аясында Ұлытау облысында жаңа инновациялық жоғары оқу орны – Ұлытау университеті құрылмақ. Меморандумға Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен «Қазақмыс» корпорациясының Басқарма төрағасы Нұрахмет Нуриев қол қойды.

Жоба өңірдің ғылыми білім беру инфрақұрылымын дамытуға, тау-кен, металлургия кешені үшін жоғары білікті кадр даярлауға және заманауи білім беру экожүйесін қалыптастыруға бағытталған. Жаңа университет білім, ғылым, өнеркәсіп бір арнаға тоғысқан алаңға айналады және Ұлытау облысының экономикалық, әлеуметтік әлеуетін күшейтуге ықпал етеді.

Оқу орны АҚШ-тың Colorado School of Mines және Қазақстанның Satbayev University-мен ынтымақтастық орнатуды көздеп отыр. Студенттерге халықаралық стандартқа сай бағдарлама және озық зерттеулер мен технологияларға қол жеткізу мүмкіндігі ұсынылады. Оқу үдерісін келесі академиялық оқу жылында бастау жоспарланған.

Университеттің инфрақұрылымына оқу корпусы, 140-150 орындық жатақхана, спорт кешені және заманауи R&D-орталық кіреді. Мұнда жаңа технологиялар әзірленіп, пайдалы қазбаларды өндіру мен өңдеудің тиімділігін арттыруға бағытталған ғылыми зерттеулер мен жобалар жүзеге асырылады.

Ғылым және жоғары білім министрлігі білім беру бағдарламаларын іске қосу кезінде әдістемелік және консультациялық қолдау көрсетеді. «Қазақмыс» оқу бағдарламаларын қаржыландыруды, ұйымдастыруды және қажет болған жағдайда мемлекеттік грант тарту арқылы бірлесіп қаржыландыруды өз мойнына алады.

Компания бұл жобаны Қазақстанның ғылыми әлеуетін нығайту және жаңа буын инженерлері мен зерттеушілерін даярлау жолындағы стратегиялық қадам ретінде бағалайды.

– Жезқазғанда біз геология мен инженерлік білім беруді дамыту жолында маңызды қадам жасадық – университетті, бизнес пен халықаралық серіктестерді біртұтас экожүйеге біріктірген Геологиялық кластерді іске қостық. Бұл жай ғана жаңа кампус емес, бұл кадр даярлаудың жаңа тәсілі, – деді министр Саясат Нұрбек.

Тау-кен саласындағы әлемдегі ең мықты университеттердің бірі – Colorado School of Mines-ты серіктес ету үздік жаһандық тәжірибені енгізуге, бірлескен ғылыми зерттеулерді іске қосуға және әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға мүмкіндік береді. Ұлытау облысы үшін бұл жоба жаңа жұмыс орындарын ашып, жастарды тартатын драйверге айналса, Қазақстан үшін шикізаттық экономикадан білім мен технологияға негізделген экономикаға көшуге бағытталған маңызды қадам болмақ.

«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС PR департаменті.

Бөлісу27Твитерге17
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Тәуелсіздік күні құтты болсын!

15.12.2023
«Жошы ұлысы » һәм «Алтын орда»

«Жошы ұлысы » һәм «Алтын орда»

16.02.2024
Бас прокуратурада құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмыстық қатерлерді болжау саласындағы цифрлық құралдар таныстырылды

Бас прокуратурада құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмыстық қатерлерді болжау саласындағы цифрлық құралдар таныстырылды

13.12.2025
Маңызды жолды қайта жаңғырту жұмыстарының барысын тексерді

Маңызды жолды қайта жаңғырту жұмыстарының барысын тексерді

12.12.2025
«Қазақмыста» 2025 жылғы еңбек жарысының жеңімпаздары марапатталды

«Қазақмыста» 2025 жылғы еңбек жарысының жеңімпаздары марапатталды

12.12.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру