Сенбі, 21 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Бағдар

Ұлытау облысының бюджеті бекіді

22.07.2022
- Бағдар
0
Ұлытау облысының бюджеті бекіді
82
БӨЛІСТІ
229
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Апта басында Ұлытау облыстық мәслихатының V сессиясы өтіп, онда облыстың 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті қабылданды.

Мәслихат хатшысы Бауыржан Шыңғысов төрағалық еткен сессияға облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы, облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары қатысты. Сессия күн тәртібінде Ұлытау облысының 2022-2024 жылдарға арналған бюджетін бекіту, ҚР Үкіметіне Ұлытау облысының шекараларын бекіту туралы ұсыныс енгізу және облыс әкімінің халықпен кездесуінің икемді күнтізбесін бекіту сынды негізгі үш мәселе қаралды.

Алғашқы мәселе бойынша Ұлытау облысы қаржы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Виктория Ставицкая баяндама жасады.

Басқарма басшысының хабарлағанындай, облыстың бюджеті Қарағанды облысының бюджетінен және аудан (қала) бюджеттері трансферттерінен қалыптасып отыр. Қарағанды облысының 610 млрд 161,3 млн теңгені құрайтын бюджетін бөлу кезінде Ұлытау облысы бюджеті түсімдерінің үлесі 17 пайызды немесе 103 млрд. 586 млн. теңгені, шығыстардың үлесі 15,6 пайызға немесе 95 млрд.320,3 млн. теңгені құрады. «Қазақмыс» компаниялар Тобының 9 кәсіпорнының облыс аумағына қайта тіркелуіне байланысты 8 млрд.256,6 млн. теңге профицит қалыптасқан.
2022 жылға арналған облыс бюджетінің кіріс бөлігі қосымша түсімдермен бірге 29 млрд. 847 млн. 942 мың теңгені құрады. Аудан, қалалардан түсетін трансферттер 13 млрд.813 млн.038 мың теңгені құрады. Осы жылғы бюджеттің барлық түсімдері 43, 6 млрд. теңгеге тең.
Осы жылғы облыс бюджетінің шығыс бөлігіне келсек, ол 30, 8 млрд теңге көлемінде жоспарланып отыр. Ол қаражаттың 82,8 пайызы ағымдағы шығыстарға, 7,2 пайызы күрделі сипаттағы шығыстарға, 7,3 пайызы даму бюджетіне, 2,7 пайызы заемдарды жабуға бағытталады.

– Шығыстардың негізгі үлесі, атап айтқанда 16 млрд. 261 млн. 623 мың теңгесі әлеуметтік салаға (білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету) жұмсалады, – деді қаржы басқармасының басшысы.

Сондай-ақ оқыңыз

Төлеген БҮКІРОВ,  Ұлттық құрылтайдың мүшесі:  «Ұлы  даланың ұлық жиыны –  қоғамдағы өзекті мәселені көтеретін алаң»

Төлеген БҮКІРОВ, Ұлттық құрылтайдың мүшесі: «Ұлы даланың ұлық жиыны – қоғамдағы өзекті мәселені көтеретін алаң»

14.02.2025
Аймақ дамуының айқын бағыттары

Аймақ дамуының айқын бағыттары

10.01.2025

Сессияда сонымен қатар, депутаттар алдында аймақ басшысы Берік Әбдіғалиұлы да сөз алып, бюджетті қалыптастыру жұмысы әлі жалғасатынын, енді республикалық бюджеттен түсетін трансферттер мен субвенцияларды анықтау мәселесі қаралатынын жеткізді.
Сессия күн тәртібіндегі осы және басқа да мәселелер бойынша депутаттар бірауыздан қолдап дауыс берді.

(Облыс әкімінің баспасөз қызметі).

Бөлісу33Твитерге21
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Шолпан шапағы

Шолпан шапағы

13.06.2025
«Комсомол»  колхозы

«Комсомол» колхозы

28.03.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
Ұлытау төрінде «Көкмайса-2025» фестивалі өтті

Ұлытау төрінде «Көкмайса-2025» фестивалі өтті

20.06.2025
«Қазақмыс» Бағдар: Еңбек қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

«Қазақмыс» Бағдар: Еңбек қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

20.06.2025
Әлемдегі тау-кен мектебі облыста филиалын ашады

Әлемдегі тау-кен мектебі облыста филиалын ашады

20.06.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру