Сәрсенбі, 15 Шілде , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Ұлытау облысында “Заң мен тәртіп” қағидатын ілгерілету бойынша семинар-тренинг өтті

29.11.2025
- Жаңалықтар
0
Ұлытау облысында “Заң мен тәртіп” қағидатын ілгерілету бойынша семинар-тренинг өтті
75
БӨЛІСТІ
207
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Ұлытау облысы қоғамдық даму басқармасы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен “Заң мен тәртіп: ашық коммуникация және медиа тәуекелдерді басқару” тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Іс-шара өңірде заң үстемдігін нығайтуға бағытталған ақпараттық саясаттың тиімділігін арттыруды, ашық коммуникацияның рөлін күшейтуді және медиа тәуекелдерді басқару дағдыларын дамытуға арналды.

Семинарды Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Коммуникация бөлімінің меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Перизат Сәдуақас жүргізіп, сот жүйесіндегі коммуникация тәжірибесі мен медиа стратегия құру қағидаттары туралы жан-жақты мәлімет берді.

Іс-шарада Үкіметтің 2025 жылғы 1 сәуірдегі №200 қаулысымен бекітілген 2025–2030 жылдарға арналған «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасының негізгі бағыттары таныстырылды. Құжат заң үстемдігін нығайту, құқық қолдануды жетілдіру, құқықтық сауаттылықты арттыру және сот төрелігіне қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталғаны атап өтілді.

Сондай-ақ құқықтық мәдениетті дамытудың негізгі қағидаттары – заңның бәріне бірдей қолданылуы, ашықтық пен есептілік, адам құқықтарын құрметтеу және ұлттық-мәдени ерекшеліктерді ескеру мәселелері түсіндірілді.

Семинар аясында медиа стратегияның міндеттері де айтылды: құқық қорғау органдары жұмысының тиімділігін көрсету, қоғамның сенімін арттыру және алдын алу-ағартушылық жобаларды ақпараттық тұрғыдан кеңінен жариялау.

Бөлісу30Твитерге19

Көп қаралған

  • Бозкілемдегі бәсеке: «Қазақмыс барысы» кім?

    Бозкілемдегі бәсеке: «Қазақмыс барысы» кім?

    69 бөлісті
    Бөлісу 28 Твитерге 17
  • «Қазақмыс ұлттық ойындары – 2026»

    67 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Жала жабу дегеніміз не?

    157 бөлісті
    Бөлісу 63 Твитерге 39
  • Кеңгірбай бидің батасы

    647 бөлісті
    Бөлісу 259 Твитерге 162
  • Қазақмыс Ұлытау облысында геологиялық барлауды күшейтіп, бұрғылау көлемін екі есеге арттыруда

    71 бөлісті
    Бөлісу 28 Твитерге 18
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру