Жұма, 9 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Ұлытау облысында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы аталып өтті

09.05.2025
- Жаңалықтар
0
Ұлытау облысында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы аталып өтті
67
БӨЛІСТІ
185
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай алғашқы мерекелік шаралар Ұлытау аймағында таңертең ерте басталды. Іс-шара Ұлы Отан соғысы батырларына арналған ескерткіштерге гүл шоқтарын қою рәсімімен ашылды.

Халқымыздың ХХ ғасырда басынан өткерген ең ауыр кезеңдерінің бірі — Екінші дүниежүзілік соғыс. Тарихи деректерге сүйенсек, қан майданға 1,2 миллион қазақстандық аттанып, оның 600 мыңы елге оралмаған. Бүгін — фашизмді жеңіп, адамзатты зұлматтан құтқарған Ұлы Жеңістің 80 жылдығы. Бұл айтулы дата еліміздің түкпір-түкпірінде кеңінен аталып өтуде.

Атап айтқанда, Жезқазған қаласындағы «Даңқ» аллеясында «Ұлы Жеңіс – ұрпаққа аманат» атты салтанатты іс-шара өтті. Жиналған жұртшылық алдымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындады. Бұдан кейін қатысушылар соғыста қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды. Облыс әкімі Дастан Рыспеков пен зиялы қауым өкілдері Отан үшін жанын қиған боздақтар рухына тағзым етті.

Дастан Рыспеков ардагерлерді мерекемен құттықтап, еңбек майданында көрсеткен ерлігі үшін алғыс білдірді.

Мемориал аумағында майдан даласындағы жауынгерлердің өмірін бейнелейтін театрландырылған көрініс көрсетіліп, дала асханасы ұйымдастырылды.

Сондай-ақ оқыңыз

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы 2025 жылы 2,8 мың жас маманды тұрғын үймен қамтамасыз етеді

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы 2025 жылы 2,8 мың жас маманды тұрғын үймен қамтамасыз етеді

04.05.2025
Ірі сауда желілеріндегі ассортименттің 60%-ы отандық тауар

Ірі сауда желілеріндегі ассортименттің 60%-ы отандық тауар

04.05.2025

Іс-шара кешкі сағат 19:00-де Алаш алаңында өтетін мерекелік концерттік бағдарламамен жалғаспақ.

Еске салайық, Ұлытау өңірінен 16 мыңға жуық азамат майданға аттанып, оның 10 мыңнан астамы елге оралмаған. Қазіргі таңда өңірдегі 397 тыл еңбеккеріне Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған мерейтойлық медаль табысталды.

Бөлісу27Твитерге17
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Ұлытау облысында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы аталып өтті

Ұлытау облысында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы аталып өтті

09.05.2025
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы 2025 жылы 2,8 мың жас маманды тұрғын үймен қамтамасыз етеді

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы 2025 жылы 2,8 мың жас маманды тұрғын үймен қамтамасыз етеді

04.05.2025
Ірі сауда желілеріндегі ассортименттің 60%-ы отандық тауар

Ірі сауда желілеріндегі ассортименттің 60%-ы отандық тауар

04.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру