Ұлытау ауданында «Тасбұлақ» демалыс орны ресми түрде пайдалануға берілді. Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес туристік инфрақұрылымды дамыту мақсатында «Қазақмыс» корпорациясының қолдауымен жүзеге асып отыр.
Салтанатты іс-шараға «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС «Жезқазған тау-кен өндірісі кәсіпорындарының» Бас директоры Данияр Жаналинов, облыс әкімінің орынбасары Жәнібек Нөпіров қатысып, нысанның ашылуымен құттықтады. Сондай-ақ, мұндай ерекше демалыс орнының маңыздылығын атап өтіп, аудан тұрғындары мен қонақтары үшін таптырмас демалыс орны болатындығын жеткізді.
Демалыс орнының аумағы — 600 шаршы метрден астам. Аталған орында жасыл желектер, ағаштар отырғызылып, толық абаттандырылған. Сондай-ақ Ұлытаудың тарихын айқындайтын белгі тас орнатылған.