Сейсенбі, 16 Желтоқсан , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Ұлытау облысында еліміз бойынша алғашқы Әуе құтқару жасағының салтанатты түрде ашылуы өтті

30.11.2025
- Жаңалықтар
0
Ұлытау облысында еліміз бойынша алғашқы Әуе құтқару жасағының салтанатты түрде ашылуы өтті
71
БӨЛІСТІ
196
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Сонымен қатар облыс орталығы – Жезқазған қаласында жаңа өрт сөндіру бөлімшесі іске қосылды. Айрықша күнде төтеншеліктерге су жаңа техника кілттері мен бірқатар сала қызметкеріне қызметтік пәтерлердің кілттері табыс етілді.

Маңызды шараға ҚР Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Арынов арнайы қатысып, аймақтың төтенше жағдайларға ден қою әлеуетін арттыру бағытындағы жұмыстардың жоғары деңгейде жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков құттықтау сөзінде аталған нысандардың ашылуы өңір қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі аса маңызды қадам екенін айтып, қолдау көрсеткен Төтенше жағдайлар министрлігіне және «Қазақмыс» корпорациясына алғыс білдірді.

«Мемлекет басшысы өңірлердің қауіпсіздігін күшейтуге ерекше мән беріп келеді. Бүгін ашылып отырған Әуе құтқару жасағы мен жаңа өрт сөндіру бөлімшесі – осы бағыттағы нақты қадам. Бұл – біздің тұрғындарымыздың қауіпсіздігі мен өмірін қорғауға арналған маңызды инвестиция», – деді өңір басшысы өз сөзінде.

Министр Шыңғыс Арынов өз сөзінде әуе құтқару инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жалғасатынын атап өтті.

«Осы үлгідегі жабдықталған тікұшақ ангарларын еліміздің түрлі өңірлерінде ашу жоспарланып отыр. Алғашқы нысанның дәл Ұлытау облысында іске қосылуы – орталық өңірге көрсетілген үлкен қолдау әрі еліміздің төтенше жағдайларға қарсы даярлығын күшейтуге бағытталған нақты қадам», – деді министр.

Салтанатты іс-шара барысында төтенше жағдайлар саласындағы қызметкерлер мен өңірдің белсенді азаматтары арнайы төсбелгілермен және алғысхаттармен марапатталды.

Айта кетейік, биыл Төтенше жағдайлар министрлігі Ұлытау облысына заманауи жабдықталған тікұшақ берген болатын. Бұл өңірдің қиын жағдайларға жедел ден қою мүмкіндігін бірнеше есе арттырды.

Жыл соңына дейін Ұлытау облысының Сәтбаев қаласы мен Жәйрем кентінде де жаңа өрт сөндіру бөлімдері ашылуы жоспарланып отыр.

Бөлісу28Твитерге18
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Тәуелсіздік күні құтты болсын!

15.12.2023
«Жошы ұлысы » һәм «Алтын орда»

«Жошы ұлысы » һәм «Алтын орда»

16.02.2024
Бас прокуратурада құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмыстық қатерлерді болжау саласындағы цифрлық құралдар таныстырылды

Бас прокуратурада құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмыстық қатерлерді болжау саласындағы цифрлық құралдар таныстырылды

13.12.2025
Маңызды жолды қайта жаңғырту жұмыстарының барысын тексерді

Маңызды жолды қайта жаңғырту жұмыстарының барысын тексерді

12.12.2025
«Қазақмыста» 2025 жылғы еңбек жарысының жеңімпаздары марапатталды

«Қазақмыста» 2025 жылғы еңбек жарысының жеңімпаздары марапатталды

12.12.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру