Бейсенбі, 19 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Мерей

Ұлық мерекедегі марапат

04.11.2022
- Мерей
0
Ұлық мерекедегі марапат
88
БӨЛІСТІ
244
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Азаттық аңсаған ата-бабаның Тәуелсіздік таңының атуына бастау болған 25 қазан – Республика күні биыл араға жылдар салып ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен қайта тойланды.  Ұлтымыздың ұлық мерекесіне арналған бұл күн шын мәнінде егемендіктің есігін айқара ашқан сәт болды.  Бұл мерекеге орай       Ұлытау облысында түрлі деңгейдегі мазмұнды шаралар көрініс тапты.

Еліміз бен аймағымыздың дамуына өлшеусіз үлес қосып,  еңбегімен елге қадірлі болған азаматтарды ұлықтауға арналған салтанатты жиында өңір басшысы Берік Әбдіғалиұлы Республика күнінің мән-маңызын талдай келе, ширек ғасырдан соң облыс мәртебесі қайта берілген аймақты дамытудың  алдағы жылдарға межеленген  шаралардың жүзеге асатынын баяндады. Оның айтуынша, бұл шаралар аймақ әлеуетінің одан әрі күшейіп, жетілуіне септік жасайтын болады.

– Бізге Тәуелсіздік оңай келген жоқ. Өр рухты бабалардың аңсары болған егемендікке жол ашқан 25 қазан баршамыз үшін ортақ қуанышқа айналуы тиіс. Иә, белгілі себептермен бұл мерекені өз деңгейінде атап өту мүмкін болмады. Бірақ, біз бұл күннің мәні мен маңызын ұмытқан жоқпыз.  Ортамызға қайта оралған бұл мереке Тәуелсіздіктің бастауы. Жаңа облыс ретінде қалыптасып, дамуға негіз қаланып жатыр. Алдағы жылдары өңірде «Қазақмыс» корпорациясының қолдауымен тың жобалар жүзеге аспақ. Ол үшін арнайы Кешенді жоспар әзірленді. Бағдарлама аясында облысты көркейтіп, жұмыс орындарын ашып, әлеуметтік-экономикалық жағдайды одан әрі күшейтуге басымдық берілуде. Мұның барлығы да Тәуелсіздіктің арқасында мүмкін болып отырған дүние кенідігін ұмытпаған абзал, – деді облыс басшысы.

Халықтар достығы мен мәдениет үйін дүбірге бөлеген салтанатты шарада алғаш рет Ұлытау облысының Құрметті атағы берілді. Облыстық мәслихаттың шешімімен бұл атаққа академик,  елімізде тұңғыш рет тағамтану академиясының негізін қалаған ғалым, қарт Ұлытаудың тумасы Төрегелді Шармановқа,  физика-математика ғылымдарының докторы, «Ғасыр адамы», бірнеше ғылым докторы мен кандидатын дайындаған Темірғали Көкетаевқа, қоғам қайраткері,   Қазақстан республикасы Праламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары болған Мұхамбет Көпеевке, ақын, айтыс өнерінің  жанашыры, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерманға берілді.

Сондай-ақ оқыңыз

№2 Бекет.  «Қызмет ету барысында оқыс оқиға болған жоқ»

№2 Бекет. «Қызмет ету барысында оқыс оқиға болған жоқ»

28.03.2025
Мерейлі мереке

Мерейлі мереке

14.03.2025

Ұлық мерекеде құрметке кенелгендердің қатарында білім беру, денсаулық сақтау, өндіріс, геология, мемлекеттік қызмет, өнер мен мәдениет, БАҚ саласында жемісті еңбек еткен бір топ ардагер ағалардың омырауына «Құрмет» ордені тағылды. Сонымен қатар, әр саланың майталмандары «Еңбек даңқы» орденімен, «Ерен еңбегі үшін»,  «Шапағат», «Жомарт  жүрек» «Бірлік» медальдарымен марапатталды.

 

Салтанатты жиында «Қазақмыс» корпорациясыныі Жезқазған өндірістік аймағында еңбек етіп жүрген азаматтар да ұлықталды. Олардың қатарында «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС «Жезқазғантүстімет» ӨБ бас энергетигі, энергетика саласының майталманы  Рестем  Валимухаметов пен құю-механикалық зауытының еңбеккері, желтоқсан көтерілісінің  куәгері  Айткүл Махметова да бар.  Рестем Салимзянович үшінші  дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапатталса, Айткүл Әбушахманқызы Жезқазған қаласының құрметті азаматы атғына ие болды.

 

Марапаттау рәсімінде Қазақстанның Құрмет грамотасы, облыстың Құрмет грамотасын алғандар қатары да болды. Аймақ азаматтарының ел дамуына қосқан үлестері Республика күнінде осылай бір ұлықталды.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

Суреттер автордікі.

Бөлісу35Твитерге22
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Шолпан шапағы

Шолпан шапағы

13.06.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
«Комсомол»  колхозы

«Комсомол» колхозы

28.03.2025
Ұлытау облысы шағын және орта бизнесті дамытуда көшбасшылық позициясын нығайтты

Ұлытау облысы шағын және орта бизнесті дамытуда көшбасшылық позициясын нығайтты

18.06.2025
Елімізде қайтарылған активтер қаражаты есебінен 318 млрд теңгеге 400-ден астам әлеуметтік нысан салынуда

Елімізде қайтарылған активтер қаражаты есебінен 318 млрд теңгеге 400-ден астам әлеуметтік нысан салынуда

18.06.2025
Ұлытау облысының ветеринария саласында ауқымды жұмыстар жүруде

Ұлытау облысының ветеринария саласында ауқымды жұмыстар жүруде

18.06.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру