Дүйсенбі, 16 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет «Қазақмыс»

«Ұлы дала» ойындары рух пен бірлікті паш етті

06.06.2025
- «Қазақмыс»
0
«Ұлы дала» ойындары рух пен бірлікті паш етті
66
БӨЛІСТІ
182
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

«Қазақмыс» корпорациясының әр өңірдегі құрылымдарында еңбек ететін жастардың басын бір арнаға тоғыстырған «Jastar Bolashaq» Жастар одағы Жезқазған қаласында тұңғыш рет «Ұлы дала ойындары» атты ұлттық спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырды.

«Қазақмыс» корпорациясынан 400-ден аса еңбеккер қатысқан бұл дүбірлі дода 8 спорт түрін қамтыды. Атап айтқанда, асық ату, ләңгі, тебу қымыз ішу, ет жеу, садақ ату, арқан тартыс, таяқ тарту, қазақ күресі. Асық атудан 50, ләңгіден 37, қымыз ішуден 19, ет жеуден 15, таяқ тартудан 52 адам (ерлер), таяқ тартудан 18 (әйелдер), қазақ күресінен 54 адам бақ сынады. Сонымен қатар, садақ атудан 19 команда, арқан тартыстан 20 команда күш сынасты.

Аталған ұлттық спорт түрлерінен өткен жарыста ұлттық рухты бойларына сіңіріп, салауатты өмір салтын ұстанған қазақмыстық жастар бір-біріне оңайлықпен дес бере қоймады.

Алғаш рет ұйымдастырылған дода демесеңіз, ұлттық ойынға деген ынталары ерекше жастар жарысқа ерекше ынтамен қатысып, жеңіс тұғырынан көрінді. «Жастар барысы» қазақ күресінен 75 келіден жоғарғы салмақ дәрежесінде І орынды Ғазиз Омаров атындағы шахтапроходкалау тресінен Ислам Рахманқұлов жеңіп алды. Мамандандырылған жөндеу-механикалық басқармасынан Ернат Төлеш ІІ орынды еншілесе, аталған басқармадан Жақсылық Балғабеков ІІІ орынды иеленді.

Сондай-ақ оқыңыз

Сапалы өнім өндіруде

Сапалы өнім өндіруде

06.06.2025
Барлау саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады

Барлау саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады

06.06.2025

75 келіге дейінгі салмақта «Жомарт» кенішінен Қадыржан Қалдыбай топ жарса, Жезқазған мыс қорыту зауытынан Абылай Туғанбай ІІ орынға тұрақтады. ІІІ орынмен Оңтүстік Жезқазған кенішінен Нұрбек Асан марапатталды.

Таяқ тартуда 75 келіден жоғары салмақта құю-механикалық зауытынан Асқар Әбдіхамит І орынды иеленсе, шахтапроходкалау тресінен Нұрсұлтан Есімбай ІІ орынмен марапатталды. Жезқазған мыс қорырту зауытының жұмысшысы Әлімжан Нұркамалға ІІІ орын бұйырды. Ал, 75 келі салмақ дәрежесіне дейін таяқ тартудан күш сынасқандардан Оңтүстік Жезқазған кенішінен Инаят Транов жеңімпаз атанса, мамандандырылған жөндеу-механикалық басқармасынан Айдар Зүбайра ІІ орынның тұғырына көтерілді. ІТ қызметінен Айдос Үкенов ІІІ орынмен марапатталды.

Әйелдер арасынан таяқ тартуда автокөлікпен тасымалдау кәсіпорнынан Айдана Баймұханова топ жарса, жылу, энергетика кәсіпорнынан Әлия Сапарғали ІІ орынды иеленді. Шығыс Жезқазғанның намысын қорғаған Құралай Наетоваға ІІІ орын бұйырды.

Қымыз ішу жарысында І орынның жүлдесі құрылыс-монтаждау басқармасынан Айдос Әпекке тиесілі деп танылса, ІІ орынды ІТ қызметінен данияр Әсет еншіледі. Шығыс Жезқазған кенішінен Нұрқанат Әбдіжаппар ІІІ орынды місе тұтты.

Ет жеу жарысында жылу, энергетика кәсіпорнынан Мирас Байгенжин, Жезқазған мыс қорыту зауытынан Сәбит Сейтов, Жомарт кенішінен Ербол Жалбыров үздік деп танылды.

Асық атуда жылу, энергетика кәсіпорнынан Мейрамбек Майлыбай, мамандандырылған жөндеу-механикалық басқармасынан Оразай Тоймағанбет, автомобильмен тасымалдау кәсіпорнынан Досымхан Әсілтай топ жарды.

Ләңгі тебуден құрылыс-монтаждау басқармасынан Әзберген Жолдаяқов, тау-кен, шахта жабдықтары зауытынан Алмас Иманбердиев, Жезқазғансервис кәсіпорнынан Рахымжан Исмағанбетов жеңімпаздар қатарынан көрінді.

Сонымен қатар, садақ атудан командалық есеп бойынша І орынды Жезқазған байыту фабрикасының командасы жеңіп алса, ІІ орынның жүлдесі мамандандырылған жөндеу-механикалық басқармасының еншісіне тиді. Жезқазған мыс қорыту зауытына ІІІ орын бұйырды. Арқан тартыста Жыланды кеніші оқ бойы озып шықса, құю-механикалық зауытының командасы ІІ орынға тұрақтады. Жезқазған мыс қорыту зауыты бұл ойында да ІІІ орынды місе тұтты.

Ұлттық ойындарымызды дәріптеген жарыс барысында «КәсіпҚорған» кәсіподағы мен «Jastar Bolashaq» Жастар одағы жыл сайын бірлесе ұйымдастырып келе жатқан дәстүрлі спартакиаданың жеңімпаздары да марапатталды. Спорттың бірнеше түрін қамтыған спартакиадада командалық есепте І орынды мамандандырылған жөндеу-механикалық басқармасы жеңіп алса, ІІ орынды Жезқазған мыс қорыту зауытының командасы еншіледі. ІТ қызметінің командасына ІІІ орынның жүлдесі лайық деп танылды. Жеңімпаз командалар арнайы кубогпен марапатталды.

Бөлісу26Твитерге17
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
«Комсомол»  колхозы

«Комсомол» колхозы

28.03.2025
«Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз»

«Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз»

05.07.2024
«Қазақмыстықтар» «Алтын Гефест – 2025» байқауында жоғары марапатқа ие болды

«Қазақмыстықтар» «Алтын Гефест – 2025» байқауында жоғары марапатқа ие болды

13.06.2025
AMM 2025: «Қазақмыстың» негізгі бағыттары мен бастамалары

AMM 2025: «Қазақмыстың» негізгі бағыттары мен бастамалары

13.06.2025
Еңбек қауіпсіздігі – басты назарда

Еңбек қауіпсіздігі – басты назарда

13.06.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру