Жұма, 11 Қыркүйек , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Руханият

Ұлы дала дүбіріне Ұлытаулықтар да қосылады

26.01.2024
- Руханият
0
Ұлы дала дүбіріне Ұлытаулықтар да қосылады
118
БӨЛІСТІ
327
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

«Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу де еліміз үшін айтулы оқиға болмақ. Байрақты бәсеке ұлттық спорт пен салауатты өмір салтын дәріптеу жағынан да, Ұлы даладағы көшпенділер өркениетінің мұрагері саналатын бауырлас халықтардың мәдени-гуманитарлық байланысын арттыру тұрғысынан да маңызды екені сөзсіз».

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ
«Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатынан.

Баршаға мәлім, осы күзде Астана қаласында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары шымылдығын түріп, 100-ден астам мемлекеттің спортшысы бағын сынап, бабын байқап көрмек. Бұл соңғы жылдары қанат жайып келе жатқан ұлттық спортты жаңа деңгейге шығаратыны даусыз. Міне, осы ауқымды шараға ұлытаулықтар да қатысады.

Қазір іс-шараға әзірлік қызу жүруде. Жер-жерлерде дүниежүзілік көшпенділер ойындарының брендін танымал ету бойынша республикалық медиа-жоспарға сәйкес ақпараттық науқанның бірінші кезеңі бастау алды. Осыған орай өткен аптаның соңында Ұлытау облысы әкімі аппаратының басшысы Абзал Жайлыбаевтың төрағалығымен кеңес өткізілді. Кеңесте ойындар аясында өтетін акцияны ұйымдастыру шараларының жоспары бекітілді. Жиында мәлім болғанындай, V Дүниежүзілік көшпенделір ойындарының жалпы тұжырымдамасына сәйкес «Бірлік керуені» және «Этноауыл» жобалары іске асады. Өңір осы жобаларға белсенді түрде қатысуы қажет.

Орайы келгенде айта кетейік, көшпенділер ойындарына 100-ден астам мемлекеттен 4000-ға жуық спортшы қатысып, Астанаға 100 мыңнан астам турист келеді деп күтілуде. Ал, шара барысында ат спорты, ұлттық күрес түрлері, садақ ату, жамбы ату, дәстүрлі интеллектуалды ойындар, саятшылық өнер, арқан тарту сынды ойынның 20 түрінен жарыс және ұлттық өнердің 10 түрінен арнайы көрсетілім сайысы өтеді.

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты «Астана-Арена» стадионында, жабылуы 10 мың адамдық «Қазанат» ипподромында өтеді деп жоспарланған.

«Қазанат» ипподромы аумағында «Көшпенділер әлемі» этноауылы құрылады. Бір күнде 30 мың келушіні қабылдайтын этноауылда Қазақстан мен әлем елдерінің үздік қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі, шеберлік сабақтары, ақындар айтысы мен төл мәдениетімізді паш ететін қосымша іс-шаралар ұйымдастырылады. V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары – «Ұлы дала дүбірі» деген ұранмен өтеді.

Ізтай БЕЛГІБАЙҰЛЫ.

 

Бөлісу47Твитерге30

Көп қаралған

  • Әнші Ғалым МҰХАМЕДИН«Құрметті профессор» атанды

    Әнші Ғалым МҰХАМЕДИН«Құрметті профессор» атанды

    213 бөлісті
    Бөлісу 85 Твитерге 53
  • Бәйеш батыр

    228 бөлісті
    Бөлісу 91 Твитерге 57
  • Саналы ата-ана болу – бақытты отбасының негізі

    67 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Экологиялық әдеттерді қалыптастыру және азаматтарды тұрақты тұтыну тәжірибесіне тарту

    67 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Ұлытаудан шыққан рухани шипагер

    197 бөлісті
    Бөлісу 79 Твитерге 49
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру