Биылғы жылдың 2 ақпанында кинопрокатқа көрнекті қазақстандық геолог-ғалым Қаныш Сәтбаевтың еңбек жолының басталуы туралы баяндайтын «Қаныш» кинокартинасы шықты. Фильмнің кейбір көріністері «Қазақмыс» кеніштерінің бірінде түсірілген.
Картина 1926-1934 жылдардағы нақты тарихи оқиғаларға негізделді, сол кезде қаңырап қалған Қарсақбай орнында Қаныш Сәтбаевтың керемет күш-жігерімен кен өндіру басталды. Сол кезде өз халқының ұлы Жезқазған аймағының болашағын болжаған еді.
Фильмнің режиссері әрі сценарисі – Ерлан Нұрмұхамбет. Басты рөлдерді Әсет Есжан, Анна Оразбаева, Айдос Әуесбаев және Максим Горбанев сомдады.
Бір күн бұрын фильмнің алдын-ала көрсетілімі өтті. Түсірілім тобы түсірілім демеушілеріне, оның бірі «Қазақмыс» және «Қазақмыс Холдинг» ЖШС директорлар Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, фильмнің жеке есебінен прокатқа шығуына көмектескен Андрей Гайдинге алғысын білдірді.
Фильм Буэнос-Айрейдегі (Аргентина) халықаралық кино фестивальде «Үздік фильм» сыйлығын жеңіпалды. Ал Үндістандағы байқауда ол үш номинация бойынша жеңіске жетті.
Жақын арада ұлы ғалым зерттеген және кино картинада сөз болып отырған тарихи жер – Жезқазған мен Сәтбаевтың тұрғындары үшін көрсетілім өтеді.
«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС баспасөз қызметі.