Сейсенбі, 15 Қыркүйек , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Ұлттық парк – Ұлытаудың дамуына сеп

16.12.2021
- Жаңалықтар
0
Ұлттық парк –  Ұлытаудың дамуына сеп
95
БӨЛІСТІ
265
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ҚР Үкіметінің қаулысымен «Ұлытау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің құрылуы өңірдегі айтарлықтай қуанышты оқиға ретінде бағалануда. Бұл – еліміздегі осындай бағыттағы 14- құрылым болып табылады.

Ұлттық табиғи парк құру туралы жобаны ұлытаулықтар көптен бері көтеріп, ұсыныс жасап жүретін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірде өткен «Ұлытау-2019» халықаралық туризм форумына қатысуға келген сапарында ұлтымыздың тарихи мекені, қасиетті Ұлытауға ерекше көңіл бөлуді міндеттеген болатын. Ұлттық табиғи парктің құрылуы Президенттің осы тапсырмасын жүзеге асыруға байланысты жасалған игі қадамның бірі болуға тиіс. Аумағы 58,9 мың гектарды қамтитын парк табиғи кешендегі биологиялық және ландшафтық ерекшеліктерді сақтап, сирек кездесетін өсімдіктері мен жануарларды қорғау мақсатында құрылып отыр.

– Ұлттық парк – айрықша экологиялық және ғылыми маңызға ие болады. Этнотуризмді дамытуға септігін тигізеді. Осы өңірдегі бұрынғы жануарлар әлемін қалпына келтіру бағытында жұмыстар жүргізіледі. Осы салада жұмыс істейтін қорықшыларды дайындап, оқытып-үйрету іске асырылмақшы. Аудан көлемінде 70-ке тарта жаңа жұмыс орыны ашылатын болады, – дейді осы істің ойдағыдай жүзеге асуына ұйтқы болып жүрген Парламент Мәжілісінің депутаты Берік Әбдіғалиұлы.
Иә, Ұлттық табиғи парктің өмірге келуі ұлт ұясы Ұлытаудың тарихи және табиғи ерекшеліктері мен экожүйесін сақтай отырып, туризмді дамыту жөніндегі қолға алынып жатқан жобаларына соны серпін берері анық.

Өз тілшіміз.

Бөлісу38Твитерге24

Көп қаралған

  • ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ КЕПІЛІ

    ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ КЕПІЛІ

    69 бөлісті
    Бөлісу 28 Твитерге 17
  • #ЗАКОН И ПОРЯДОК — ОСНОВА СТАБИЛЬНОСТИ ОБЩЕСТВА

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • 🌿 ТАЗА ҚАЗАҚСТАН – ТАЗА АЙМАҚ, ТАЗА БОЛАШАҚ!

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • ТАЗА ҚАЗАҚСТАН АКЦИЯ

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • «Ұжымым – екінші отбасым»

    102 бөлісті
    Бөлісу 41 Твитерге 26
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру