Бейсенбі, 22 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Руханият

Ұлтты ұйыстырып, жадымызды жаңғыртты  

24.06.2022
- Руханият
0
Ұлтты ұйыстырып, жадымызды жаңғыртты  
77
БӨЛІСТІ
213
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

2022 жылдың 16 маусымы қазақ тарихында айрықша орын алатын күн. Барша қазаққа құтты қоныс, ұлысқа ұя болған Ұлытауда Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы өтті. Жаңа облыстың төрінде өткен алқалы жиынға Мемлекет басшысынан бастап, қайраткерлер, саясаткерлер мен қоғамдық пікір көшбасшылары, белсенді азаматтар қатынасты. Ұлт тағдыры мен ел ертеңіне бағытталған бастамалар талқыланды.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біз бабалар жолын ұстанып, құрылтай шақыру дәстүрін жаңғырттық. Елдігімізді нығайтып, бірлігімізді бекемдейік деп бүгін Ұлытау жерінде бас қосып отырмыз. Ұлы ұлыстың бастауында тұрған Жошы хан кесенесіне ақ шатыр орнаттық. Мұның зор символдық мәні бар. Елдің бірлігі, ұлттың тұтастығы дегеніміз осы. Мен құрылтайға келер алдында тұтас елдің атынан ұлы Жошы ханның рухына құран бағыштап, құрбан шалдым» – деді сөзінде.

Жаңа Қазақстанды құру жолында тарихи қадамның киелі жерден басталуын жақсы ырымға бағалаған Мемлекет басшысы, Құрылтайдың енді жылына бір мәрте жүйелі түрде ұйымдастырылатынын, келесі құрылтай Түркістан өңірінде өтетінін мәлімдеді.

Киелі жиында ел үшін маңызды мәселелер кеңінен талқыланды. Саяси реформаларға арқау болатын заң жобалары жыл аяғына дейін қабылданатыны, ал 25 қазанда ел егемендігін ұлықтайтын Республика күні қайта жаңғырмақ. Қазақтың бірлігін нығайту мақсатында Әулиетау етегінде рәміздер алаңының ашылатыны ұлытаулықтар үшін үлкен мақтаныш әрі үлкен жауапкершілік болмақ. Және бір жаңалық, құрылтайдың ауқымын кеңейту үшін «Құрылтай» атауымен арнайы мобильдік платформа құрылатындығы.

Құрылтай – дала демократиясының дәстүрін жаңғыртып, Ұлытаудың ұлы миссиясын қайта жалғастырды. Ел бірлігін бекемдеп, Тәуелсіздігімізді нығайтуға негізделген басқосуда тіл мен жер, еліміздің демократиялық бағыттағы даму жоспары, мемлекетіміздің жаңа саяси кезеңдегі алға жасар қадамдары мен Қазақстанның ұзақ мерзімді даму стратегиясы талқыланды.

Сондай-ақ оқыңыз

Қыл қобыздың абызы

Қыл қобыздың абызы

20.12.2024
Ұлы тұлға туралы көркем шындық

Ұлы тұлға туралы көркем шындық

24.10.2024

Президент әкімшілігінің кеңсесінде жасақталған, құрамында 117 мүшесі бар, құрылтайдың алғашқы отырысы сәтті өтті деуге болады. Қазақстанның әр тарапынан келген құрылтай мүшелері өздерінің ұсыныстарын ортаға салды.Сөз алғандардың ішінен жерлесіміз, мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бәймен мен академик Асқар Жұмаділдаев нақты ұсыныстары көпшіліктің ойынан шыққаны анық. Арқалы ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановқа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағының берілуін жалпы қазақ халқы оң қабылдады деп ойлаймын. Көңілге қаяу түсірген жағдай да орын алды деп есептеймін. Осы Құрылтайға шақырусыз келген саясаткер Мұхтар Тайжанды және «Желтоқсан» қоғамдық ұйымының белсенділерінің қатынастырылмауы. Келесі Құрылтайға Қазақстанға танымал саясаткерлердің қатынасуына мүмкіндік берілсе дұрыс болар еді деп ойлаймын.

Мемлекет басшысының референдумнан кейінгі алғашқы іс-шара – Құрылтайды Ұлытауда өткізуінде символикалық маңызы зор. Ұлтқа ұя, ұлысқа ұран болған ұлағатты Ұлытау көшпелі империялардың тағдыры тоғысқан, Алтын Орданың іргесі қаланған, баурайында Жошы хан, ел қамын жеген ер Едіге секілді әлемге әмірін жүргізген жампоздар тыным тапқан айбынды мекен, алты Алаштың анттасып, таңбасын тасқа басып, бірлігін бекемдеген, арғы атамыз Алаша ханның арғымағы аунаған, аруағын тебіренткен қасиетті топырақ. Ендеше Жерұйық мекенде өткен Құрылтай ұлысты ұйыстырып, халқымыздың қуат-жігерін, тарихи санасын жаңғыртатын, жаңа Қазақстанға бағдар беретін алтын қазыққа айналары анық.

Төлеген БҮКІРОВ,
«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС жанындағы Ардагерлер кеңесінің төрағасы,Қарағанды облысының Құрметті азаматы.

 

Бөлісу31Твитерге19
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Үкімет Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 млрд теңге бөлді

Үкімет Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 млрд теңге бөлді

20.05.2025
Еңбекте ерлеген Ерғазиновтар

Еңбекте ерлеген Ерғазиновтар

16.05.2025
Кеңгірге газ келеді

Кеңгірге газ келеді

16.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру