Бейсенбі, 17 Шілде , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Қоғам

Ұлт қайраткерінің рухына арналды

01.12.2023
- Қоғам
0
Ұлт қайраткерінің рухына арналды
80
БӨЛІСТІ
222
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

С. Қожамқұлов атындағы Жезқазған драма театрында облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен облыстық тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығының ұйымдастыруымен мемлекет және қоғам қайраткері Жанайдар Сәдуақасовтың 125 жылдығына арналған «Жанайдар Сәдуақасов – тұлға тауқыметі» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті.

Конференцияға елімізге белгілі тарихшылар, ғалымдар, саясаттанушылар және зиялы қауым өкілдері қатысты. Іс-шара барысында Жезқазған тарихи-археологиялық музейі қысқа ғұмырында қазақ халқының теңдігі жолында аянбай қызмет еткен тұлғаның өмір жолы туралы мазмұнды көрме ұйымдастырды. Ж.Сәдуақасов 1898 жылы Ақмола уезі Сарысу болысы Төссаз елді мекенінде (қазіргі Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы Түгіскен ауылы) туған. Әуелде ауылда сауатын ашып, 1912 жылы Ақмоладағы орыс мектебінде, одан кейін Омбыдағы мұғалімдер семинариясында оқып білім алады.

Жанайдар Сәдуақасұлы 1922 – 1937 жылдар аралығында Қырғыз (Қазақ) АКСР Орталық атқару комитетінің жауапты хатшысы, Адай уездік ревком төрағасы, ҚазАКСР финанс халкомының орынбасары, Сырдария губаткомының орынбасары, төрағасы, Әділет халкомы, БК(б)П Қазақ өлкелік комитеті мәдениет-насихат бөлімінің меңгерушісі, ҚазКСР Халық комиссарлар кеңесі төрағасының 1-орынбасары әрі «Социалистік Қазақстан» газетінің бас редакторы, Алматы облыстық және қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы сияқты жауапты қызметтер атқарған. Ол туған халқының болашағы үшін басын бәйгеге тіккен қазақ зиялыларының бірі. Қандай қызметте жүрсе де адал әрі іскер азамат ретінде танылды. Әділет халық комиссары және Республика прокуроры қызметінде болған кезінде заң актілерін халық мүддесіне икемдеуге, ұлттық заң кадрларын даярлауға, әйелдерді заң қызметіне тартуға көп көңіл бөлді. Жетімдер үйі мен ұлттық мектептер ашуға белсене кірісті. Тұңғыш қазақ театрының ашылуына тікелей ықпал етті. Байларды тәркілеу саясатына ашық қарсы болып, Голощекиннің басқару тәсілімен келіспей, өлкелік партия комитетінің IV пленумында сөз сөйледі. 1932 жылы Ораз Жандосовпен бірге халықты аштықтан құтқару жөніндегі арнайы комиссияны басқарды. 1937 жылы 17 қыркүйекте «халық жауы» деген жаламен тұтқындалып, 1938 жылы ақпанда ату жазасына кесілген. Саяси қуғын-сүргін құрбаны болған Жанайдар КСРО Жоғарғы сотының шешімімен 1957 жылы ақталды.

Конференцияда тарих ғылымдарының докторы, академик Ханкелді Әбжанов, тарих ғылымдарының кандидаттары Теңгеш Қаленова, Перизат Сәдуақас, заң ғылымдарының докторы Жамаладин Ибрагимов, тарих магистрі Ғабдол Әуезов және тағы басқа да ғалымдар баяндама жасап, қайраткер тұлғаның өнегеге толы өмірі мен қоғамдық-саяси қызметіне қатысты тың деректер келтірді, еліміздің мәдени-әлеуметтік дамуы жолындағы атқарған елеулі еңбектеріне тоқталды. Конференция қорытындысы бойынша қарар қабылданып, Ж. Сәдуақасовтың өміріне қатысты ғылыми зерттеулер жүргізу мен көркем шығармалар жазуға қатысты мемлекеттік гранттар қарастыру жөнінде ұсыныстар жасалды.

Сондай-ақ оқыңыз

Су қателікті кешірмейді

Су қателікті кешірмейді

30.05.2025
Тіл төңірегіндегі текетірес

Тіл төңірегіндегі текетірес

14.03.2025

Жанайдардың інісі Құрманның қызы Перизат Сәдуақас біраз уақыттан бері архив деректерін жинақтап, ғылыми ізденістермен айналысуда. Қазір Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде қызмет істейді. Ол атасының өмірі мен қызметі туралы кітап жазып, ұлт қайраткерінің рухына арналған көптеген игі шараларға ұйтқы болып жүр. Осы жолғы ғылыми конференциядан кейін Перизат ұлт қайраткерінің жеке заттарын Жезқазған тарихи-археологиялық музейінің қорына тапсырды. Оның ішінде тағдыр тауқыметін тартқан тұлға Жанайдар Сәдуақасовтың құжаттары мен жеке суреттері, газетте жарияланған мақалаларының көшірмелері бар.

Амандық РАХҰЛЫ.

Бөлісу32Твитерге20
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Дулығалы мешіті

Дулығалы мешіті

27.01.2023
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
«Доңғалақ» па,«дөңгелек» пе?

«Доңғалақ» па,«дөңгелек» пе?

26.01.2024
Жыл басынан бері Қазақстан экономикасы 6,2%-ға өсті

Жыл басынан бері Қазақстан экономикасы 6,2%-ға өсті

15.07.2025
Президенттің ел экономикасын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау: Үкімет жарты жылда ЖІӨ-нің 6,2% өсімін қамтамасыз етті

Президенттің ел экономикасын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау: Үкімет жарты жылда ЖІӨ-нің 6,2% өсімін қамтамасыз етті

15.07.2025
Нысандарда болды, тапсырма берді

Нысандарда болды, тапсырма берді

11.07.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру