Бейсенбі, 22 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Руханият

«Ұлар» қанатын қияға қақты

22.12.2023
- Руханият
0
«Ұлар» әдеби клубы құрылды
96
БӨЛІСТІ
266
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Ұлытау облысындағы бір топ жас ақынның бастамасымен құрылған «Ұлар» әдеби клубының шаңырақ көтергені туралы дабыралы хабар алысқа тарап жатыр. Соның әсері болар, оның ресми тұсаукесеріне Қазақстан Жазушылар одағы секретариатының атынан арнайы одақ төрағасының орынбасары, ақын Қасымхан Бегманов келіп қатысып, әдеби клубтың жазушылар ұйымының облыстық филиалы жанында жұмыс жүргізетіндігін атап айтты.

«Тас түскен жеріне ауыр» демекші, шығармашылық жастардың бұл бастамасына Жезқазған қаласының әкімдігі де барынша көңіл бөліп, «Екі жұлдыз» мейрамханасындағы тұсаукесер шарасының салтанатты жағдайда өтуіне қолдау көрсетті. Тұсаукесер кешін ашып, ізгі тілегін білдірген Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Бақытжан Жайлаубаев жас ақындарға қала әкімінің Құрмет грамоталарын табыстады. Сонымен қатар, Халықаралық Алаш әдеби сыйлығының лауреаты, ақын Қасымхан Бегмановтың иығына шапан жауып, естелік сыйлық тапсырып құрмет көрсетті. Өз кезегінде Қ. Бегманов әдеби клубтың ашылуымен құттықтап, жастарға «Ұлардың» мүшелік билетін тапсырды.

Бұл шараны өңірдің рухани өміріндегі елеулі оқиғаға балаған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерболат Сатыбалдин бейне-құттықтауын жолдап, ықылас-тілегін білдірді. Құттықтау лебіздерін одан әрі Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының директоры, белгілі қаламгер Батырбек Мырзабеков, «Қазақтың Кетбұқасы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Қарағанды облысының Құрметті азаматы Төлеген Бүкіров және басқа да руханиятқа жақын жүрген жандар жалғастырды. Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ғалия Түгелбаева, «AMANAT» партиясы «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС жанындағы Ұлытау облыстық филиалының атқарушы хатшысы Асқар Нұржанов әдеби клубтың жұмысына сәттілік тілеп, сый-сияпаттарын жасады.

Кеш барысында әдеби клубқа мүше болған жиырма шақты жас ақын өлеңдерін оқыды, өнерпаздар әннен шашу шашты. Осы шараның алдында ғана белгілі меценант Бекзат Алтынбековтің демеушілігімен баспадан ақын Жанат Әбдіғожиннің тұңғыш жыр жинағы шығыпты. Көпшілікке көзайым ретінде таныстырылған жаңа кітаптың тұсаукесері «Ұлардың» ұйымдастыруымен ақпан айында өтетін болады.

Сондай-ақ оқыңыз

Қыл қобыздың абызы

Қыл қобыздың абызы

20.12.2024
Ұлы тұлға туралы көркем шындық

Ұлы тұлға туралы көркем шындық

24.10.2024

Әдеби клубтың алдағы уақытқа межелеп отырған жоспарлары мен іс-шаралары аз емес. Ең әуелі қатардағы қыз-жігіттердің әдебиет ауылынан алшақтамауына көңіл бөлінбекші. Ол үшін клуб мүшелерімен бірлесіп кітап оқу, оны талқылау, әлем классиктерінің туындыларын талдау сияқты бастаманы қолға алмақшы. Әдеби кеш ұйымдастырып, жергілікті ақын-жазушылардың кітаптарын шығару да ойластырылуда. Осы кештен кейін Жазушылар одағының өкілі Қасымхан ақынмен бірге әдеби клуб жетекшісі Абай Ораз облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлының қабылдауында болыпты. Облыс басшысы мәдениет басқармасы арқылы жастардың бастамасына қолдау білдіретінін айтыпты. Бұл да жастар көңіліндегі сенімділікті нығайта түсуде. Қияға қанат қағуды мақсат тұтып отырған «Ұлар» клубы Ұлытау ауданында республикалық поэзия фестивалін өткізсек дейді, Қарағанды қаласының Жезқазғандағы әдеби күндерін өткізуді де жоспарлап отыр. Облыстың аудан, қалаларымен бірлесіп өткізетін шаралары да баршылық. Ең бастысы, әдеби клубтың өмірге келіп, қанат қаққанын қалың жұртшылық қуана қабылдауда. Ал, ойдағы істердің орайын кезінде уақыт төреші көрсете жатар.

Амандық РАХҰЛЫ.

 

Бөлісу38Твитерге24
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Үкімет Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 млрд теңге бөлді

Үкімет Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 млрд теңге бөлді

20.05.2025
Еңбекте ерлеген Ерғазиновтар

Еңбекте ерлеген Ерғазиновтар

16.05.2025
Кеңгірге газ келеді

Кеңгірге газ келеді

16.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру