Бейсенбі, 22 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Руханият

«Ұлар» әдеби клубы құрылды

24.11.2023
- Руханият
0
«Ұлар» әдеби клубы құрылды
158
БӨЛІСТІ
440
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Облыс орталығындағы қалам қайратына сүйеніп, шығармашылықпен айналысып жүрген жас таланттардың бастамасымен «Ұлар» әдеби клубы құрылды. Клуб Қазақстан Жазушылар одағының облыстық филиалы жанында жұмыс істейтін болады.

– Мұндағы негізгі мақсатымыз – ең алдымен шығармашылық адамы ретінде өзімізді жоғалтып алмау және өлеңге таласы бар қыз-жігіттермен қатарымызды көбейту. Әдеби клубтың төрағасы етіп Абай Оразды сайладық. Клуб құрғанымызды ести сала Жаңаарқа ауданы мен Қаражал қаласы әкімдерінің орынбасарлары Әсет Аманжолов пен Ақжол Құрмансейіт «елге келіп кетіңдер» деп қуантып тастады, – дейді ақын Мұқағали Сейтқазы.

Бүгінгі таңда «Ұлардың» құрамында 15 шақты ақын қыз-жігіттер бар екен. Әдеби клубтың құрылуына Кенжебай ағамыздың 60 жылдығына арналған апталықтағы жыр кешінде басқосуымыз түрткі болды дейді жастар бірауыздан. Алайда, ақындардың алқалауымен құрылған әдеби орта прозашыларды да шеттетпейтін шығар деп, клуб тізгініне ие болған ақын Абай Оразбен тілдескен едік.

– Әдеби клуб болған соң әрине, әдебиет жанрларының қайсына болмасын бой ұрған талапкерлерді біз өз қатарымыздан көргіміз келеді. Бұйырса, облыс аумағын аралап, ел ішіндегі шығармашылыққа бет бұрған, бойында оты бар деген жаңа есімдерді іздейміз. Маршрутымыз бекітілді. 22 қараша күнгі Қаражал мен Жаңаарқадағы «Жайлауы жас қаламның – албырт сезім» атты поэзия кешінен кейін желтоқсанның басында Ұлытау ауданы мен Сәтбаев қаласына барып бас қосамыз. Клубымыздың «Ұлар» аталуы айтпаса да түсінікті болар. Ұлытау мен Ұлар – егіз ұғым ғой. «Әдебиет – ардың ісі» деген қанатты сөзге сүйенер болсақ, Ұлы Ар деген ұғымға да саяды, – дейді шығармашылық жастар қауымының жетекшісі.

Сондай-ақ оқыңыз

Қыл қобыздың абызы

Қыл қобыздың абызы

20.12.2024
Ұлы тұлға туралы көркем шындық

Ұлы тұлға туралы көркем шындық

24.10.2024

Жастар әдеби клубтың ашылу рәсімін 13 желтоқсанда театрда өткізуді ойластырып отыр. Оған Қарағандыдан бір топ ақын келеді деп күтілуде. Қалай болғанда да, облыс орталығында шығармашылық қауымның бас қосатын ортасының құрылуы сүйінішті жағдай. «Ұлар» – Ұлытау өңіріндегі әдеби ортаның қалыптасуын қамтамасыз етіп, жас таланттар шоғырын қанаттандыруға игі ықпалын тигізеді деп үміттенеміз.

Амандық РАХҰЛЫ.

Бөлісу63Твитерге40
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Үкімет Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 млрд теңге бөлді

Үкімет Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 млрд теңге бөлді

20.05.2025
Еңбекте ерлеген Ерғазиновтар

Еңбекте ерлеген Ерғазиновтар

16.05.2025
Кеңгірге газ келеді

Кеңгірге газ келеді

16.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру