Сенбі, 21 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Өндіріс өрісі

«Ұжымым – екінші отбасым»

21.01.2022
- Өндіріс өрісі
0
«Ұжымым –  екінші  отбасым»

Игорь Гостевских

81
БӨЛІСТІ
226
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

«Балқаштүстімет» ӨБ «Шатыркөл» кенішінің үңгушілер бригадасына жетекшілік ететін Игорь Гостевских – өндіріс озаты, тәжірибесі мол мамандардың бірі.

Игорь – Балқаштың тумасы. «Қазақмыс» құрамындағы тау-кен кәсіпорнына 1999 жылы келіпті. Мысты өңірдің байлығымен таныстықты Саяқ кенішінен, үңгушіліктен бастаған. Сол күннен бастап жас жігіт тағдырын тау-кен ісімен біржола ұштастырды. Саяқ кенішінде бірнеше жыл еңбек еткен соң Игорь «Шатыркөл» кенішіне үңгуші болып ауысты. 6 разрядты үңгуші бүгінде осындағы үңгушілер бригадасының жетекшісі. Гостевскихтің бригадасында 8 адам: Тимур Тайлақов, Ерік Ерғалиев, Саламат Әбдірбаев, Бағлан Сәулембеков, Дарын Түскеев, Ержан Сандыбаев, Талғат Балтабаев пен Мәдияр Қаженов сынды білікті мамандар еңбек етеді. Танымал бригада. «Бір жеңнен қол шығарып» жұмыс істейтін жігіттер жоспарды артығымен орындап жүр.

– Біреулер кейде менен «үңгушіліктің не қажеті бар?» деп сұрайды. Жұмысым өзіме ұнайды! Қай кезде де кеншінің еңбегін жоғары бағалайтын адаммын. Ауыр жұмыс қорқақтардың қолынан келмейтінін білемін. Қанша жыл өтсе де осы пікірден айныған емеспін. Әсіресе, ауысымнан кейін жасалған жұмыстың нәтижесіне қарағанды жаным сүйеді. Бригада еңбегімен алынған кенді көргенде мақтаныштан жарыла жаздайсың, – дейді Игорь Гостевских.

Гостевских жетекшілік ететін үңгушілер бригадасы құрамында құнды металы бар кен қабаттарына жету үшін тау жыныстарын үсті-үстіне қопарады. «Алтын шыққан жерді белден қазу» қажеттігін бұл жігіттер жақсы біледі, сол үшін жанын аямай еңбек етеді. Сондықтан да алдына қойған міндеттерді артығымен орындайды. «Monomatic» темір арғымағының арқасында күн сайын жүздеген қума метр қыртысты бұрғылап шығады.

Сондай-ақ оқыңыз

Кен ұсақтау кешенінің қуаты артуда

Кен ұсақтау кешенінің қуаты артуда

06.12.2024
Кен ұсақтау кешенінің қуаты артуда

Кен ұсақтау кешенінің қуаты артуда

06.12.2024

Өндірісте бригадир болу оңай шаруа емес. Жауапкершілігі жоғары, адамдарды жұмылдырып, процесті ұйымдастыратын, тапсырма беріп қана қоймай, оның орындалуын да талап ете білетін адам ғана бригада басқара алады. Игорь Гостевских – дәл осындай адам. Жауапкершілік қажет пе, ұйымдастырушылық қабілет пе, оның бойында бәрі де бар. Темірдей тәртіпке бағынатын, зиянды әдеттен аулақ жігіт. Отбасында да ауызбіршілік, береке бар. Ер азамат үшін мұның да маңызы зор. Бригададағы жігіттер де бригадирлерінің мінезін де, тау қопаратын өжеттігін де бес саусағындай біледі. Оған асқар тау әкесіндей арқа сүйейді. Жер астында бірге еңбек ететін ұжымдастардың сенімі көп нәрседен хабар берсе керек. Себебі ол жер астында бірнеше шақырым тереңдікте жүргенде жоспар үшін емес, адамдардың өмірі үшін жауап береді. Бригадир қарамағындағы үңгушілердің отбасылары алдында да жауапты.

– Бригада – екінші отбасың. Менің қасымдағы жігіттердің қай-қайсы да сайдың тасындай іріктелген, сенімді азаматтар. Сөздері де, істері де ірі. Біз әрқайсымыз әр қаланың тумасымыз. Соған қарамастан бір-бірін үнемі қолдап жүретін ұжымға, тіпті, жақын туыстарға айналдық, – дейді Игорь Владимирович әріптестері жайлы.

Игорь алдыңғы қатарлы бригадир ғана емес, үлгілі отбасының тұтқасы. Үйдегі білектің күшін қажет ететін жұмыстар Игорьдің мойнында. Қолы қалт еткенде кішкентай қызымен аулаға шығып, серуендеуге тырысады. Кеншілерге берілетін 54 күндік еңбек демалысында міндетті түрде отбасымен саяхатқа аттанады. Соның арқасында Қазақстанның түпкір-түпкірін көріп қайтыпты. Жол түссе жақын арада Қазақстанның Елордасын көрсек деген арманы бар.

– Жұмысымды, туып-өскен шаһарымды өте жақсы көремін. Осында тудым, ержеттім, көшесіндегі әр тасына дейін таныс маған. Бұл жерден ешқайда кеткім келмейді. Өйткені туған үйім, достарым, жұмысым да осында. Тамаша көлі бар, оны қалай қиып кетерсің?! –деді Игорь бізбен қоштасарда.

Ләззат СМАҒҰЛОВА.

Бөлісу32Твитерге20
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Шолпан шапағы

Шолпан шапағы

13.06.2025
«Комсомол»  колхозы

«Комсомол» колхозы

28.03.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
Ұлытау төрінде «Көкмайса-2025» фестивалі өтті

Ұлытау төрінде «Көкмайса-2025» фестивалі өтті

20.06.2025
«Қазақмыс» Бағдар: Еңбек қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

«Қазақмыс» Бағдар: Еңбек қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

20.06.2025
Әлемдегі тау-кен мектебі облыста филиалын ашады

Әлемдегі тау-кен мектебі облыста филиалын ашады

20.06.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру