Менің туған жерім – Жаңаарқа. Бұл жердің табиғаты ерекше әсем. Әр таң сайын күн шуағы төгіліп, айнала жарқырайды. Жаңаарқаның аспаны көк, таулары биік, өзендері мөлдір таза. Бұл мекеннің әр бұрышы мен үшін қымбат.
Жаңаарқаның жазғы даласы гүлге толы. Ауылдың айналасы жасыл желекке оранып, әдемі иіспен көмкерілген. Мен достарыммен бірге далаға шығып, түрлі-түсті гүлдер жинаймыз, көбелектер қуамыз. Ауыл сыртындағы өзенге барып, шомыламыз, суы салқын әрі тұнық.
Қыста Жаңаарқа ақ көрпеге оранады. Біз балалар болып қардан аққала жасаймыз, шанамен сырғанаймыз. Әрбір қар ұшқыны бізге қуаныш сыйлайды. Ауылымыздың үлкендері бізге ертегілер айтып береді, біз ол ертегілерді тыңдап, таңқаламыз, ертегі кейіпкерлеріндей ақылды, батыл, ержүрек болғымыз келіп кетеді.
Жаңаарқаның адамдары да өте мейірімді, қонақжай. Ауылымыздың үлкендері бізге үнемі үлгі болып, ақыл-кеңестерін айтып отырады. Біз де оларға көмектесіп, құрмет көрсетеміз.
Мен Жаңаарқаны өте жақсы көремін. Оның әрбір тасы, әрбір ағашы мен үшін қымбат. Келешекте мен де туған жерімнің көркеюіне өз үлесімді қосқым келеді. Менің арманым – Жаңаарқаның әдемі табиғатын қорғау және оны болашақ ұрпаққа сақтау.
Ханшайым ЕЛЕУБАЙ,
Е. Шаханов атындағы тірек мектебінің (ресурстық орталығы) 2 «а» сынып оқушысы.