Жезқазған мыс қорыту зауытына өзара тәжірибе алмасу мақсатында Түркияның атақты «Er-Bakir» компаниясының бір топ делегациясы келді.
«Қазақмыс» корпорациясы жаһандағы жетекші он мыс өндірушілерінің құрамына кіреді. Жезқазған мыс қорыту зауыты – еліміздегі ғана емес, Орталық Азиядағы алып өндіріс ошақтарының қатарында. Ал, «Er-Bakіr» кәсіпорны жылына 150 мың тоннадан астам өнім шығаратын мыс сымдар мен сымдар өндірісі бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі болып табылады.
– Біз арнайы бауырлас Түрік елінен келіп тұрмыз. «Қазақмыстың» алпауыт компания екендігін білеміз, жұмыс тәсілдерімізден бөлісу екі жақ үшін де тиімді болмақ. Қонақжайлықтарыңызға мың алғыс, – деді «Er-Bakir» компаниясының техникалық директоры Бюлент Танрыкулу өз кезегінде.
Айта кетейік, «Er-Bakir» қазірдің өзінде Kazakhmys Smelting-тен 100 тонна катанка алып, біздің өнімімізге техникалық сынақ жүргізуде.
Екі жақты келісімдер нәтижесінде болашақта бұл серіктестік сәтті жалғасын табады деп күтілуде.
Гүлім МАРАТҚЫЗЫ.