Сейсенбі, 8 Қыркүйек , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Өндіріс және өмір

Төртінші мәрте жеңімпаздарды анықтады

24.10.2024
- Өндіріс және өмір
0
Төртінші мәрте жеңімпаздарды анықтады
85
БӨЛІСТІ
236
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Балқаш қаласында 15-16 қазанда жыл сайынғы «WorldSkills Kazakhmys 2024» IV корпоративтік, кәсіби-шеберлік чемпионаты өтті. Оған Жезқазған, Қарағанды және Балқаш алаңдарынан колледж студенттері мен «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС кәсіпорындарының 73-ке тарта еңбеккері мен сарапшылар қатысты.

Чемпионат «Балқаштүстімет» ӨБ құрамындағы мамандандырылған құрылыс-механикалық басқармасы мен  «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС Балқаш мыс балқыту зауытының мысты электролиздеу цехы және колледж кадрларын даярлау және қайта даярлау орталығы базасында өтті.

Білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастық мақсатында чемпионатқа «YKC іnternational» халықаралық білім беру үйлестіру орталығының негізін қалаушы, Түркия Республикасы жоғары оқу орындары қауымдастығының өкілі Айдын Йокмач және «Turkye-grant.kz» ЖШС директоры Жанар Аманбаева шақырылды. Екі тарап чемпионат барысында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Кәсіби біліктілікті арттыру, жастар мен әр салада тәжірибесі бар мамандар арасында байланысты нығайтуды көздеген біліктілік чемпионаты «Слесарь ісі», «Металлургия», «Матаушы ісі», «Электрмонтаждау», «Еңбекті қорғау» сынды аталымдар бойынша өтіп, жеңімпаздарын анықтады.

«Слесарь ісі» бойынша І орынды Нұртас Қадырберлин жеңіп алса, ІІ орынды Дархан Қасым еншіледі. ІІІ орынның тұғырынан Нұрсұлтан Қанатбек көрінді. «Металлургия» аталымында Құрбан Байманов жеңімпаз атанса, Талғат Қабыкен ІІ орынның жүлдесіне ие болды. ІІІ орын Абылайхан Өмірсерікке тиесілі деп танылды.

Бекарыс Бекзатұлы «Матаушы ісі» бойынша І орынды, Бағдәулет Әбдіназаров ІІ орынды иеленсе, Арман Барменов ІІІ орынмен марапатталды. «Электрмонтаждау» саласында Бақдәулет Жақып үздік шықса, Абат Ахметовке ІІ орын тиді. Ардақ Тұрсұнбай ІІІ орынды қанағат тұтты. «Еңбекті қорғау» аталымында І орын Нұрболат Әлібековке тиесілі болса, Айгерім Әбдірова ІІ орынды еншіледі. Мәди Серікке ІІІ орын бұйырды.

Ләззат СМАҒҰЛОВА.

Бөлісу34Твитерге21

Көп қаралған

  • Аймақ басшысы Ұлытау ауданындағы аурухана құрылысының барысын тексерді

    Аймақ басшысы Ұлытау ауданындағы аурухана құрылысының барысын тексерді

    69 бөлісті
    Бөлісу 28 Твитерге 17
  • Заң мен тәртіп – тұрақты қоғамның негізі

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – ортақ міндет

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Противодействие коррупции — общая задача

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Газетіме сәлем жолдаймын

    107 бөлісті
    Бөлісу 43 Твитерге 27
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру