Жексенбі, 16 Тамыз , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Кәсіподақ тынысы

«Төраға үш айда тындырымды іс атқарды»

10.06.2022
- Кәсіподақ тынысы
0
«Төраға үш айда тындырымды іс атқарды»
84
БӨЛІСТІ
232
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Бұл «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС Жезқазған мыс қорыту зауытындағы  Тау-кен – металлургия және аралас өндіріс еңбеккерлерінің «КәсіпҚорған» кәсіподағы Жезқазған филиалына тиесілі  кәсіподақ комитетінің төрағасы Ардақ Ақылбековаға өндіріс ошағы жұмысшыларының берген шынайы оң бағасы.

Биыл құрылғанына 10 жыл толған кәсіподақ ұйымының алға қойған айқын мақсат-міндетін жүзеге асыруда  Жезқазған мыс қорыту зауытындағы кәсіподақ комитетінің  атқарып отырған қызметі айрықша.   Осы он жыл ішінде металлургтердің мүддесі мен құқығын  қорғау жолында  комитеттің жұмысы жүйелі түрде жүзеге асып келеді.

Ағымдағы жылдың ақпан айында төрағалықты қолға алған  Ардақ Мұқажанқызы металлургияның мектебінде шыңдалып, өндірістің қыр-сырына қаныққан жан.  Сондықтан оған кәсіподақ ұйымының тізгінін ұстау аса қиындық тудырмады.  Сөзімізге оның үш айда  еңбек ұжымдарымен тіл табысып, оларды ортақ мүддеге  жұмылдыра білу жолындағы жұмысы дәлел бола алады.  Келген күннен бастап әрбір цехқа,  телімге арнайы барып, жұмысшылардың  еңбек жағдайы мен әлеуметтік-тұрмыстық мәселелеріне құлақ асуды жолға қойған комитет төрағасының шаруаларын зауыт ұжымы оң бағалады.

Оған  жақында  кәсіподақ комитетінің  ашық отырысында көз жетті. Күкірт қышқылы цехында ұйымдастырылған алқалы жиында зауыт директоры Дүйсенғали Байғуатов  кәсіподақ комитетінің  ұстанымы мен жұмысшы мүддесін қорғау жолындағы шараларына үнемі қолдау білдіретіндігін жеткізді.

– Қай заманда болсын өз қоғамына сай бейімделген  кәсіподақ ұйымдары ең әуелі еңбекші топтың мүддесін, құқығын ескеріп, әлеуметтік жағдайының жақсаруына қол ұшын созуға әзір болуы керек. Осы талапқа сай келетін бірден-бір құрылым деп «КәсіпҚорған» кәсіподағын айтуға толық негіз бар. Зауыттағы комитеттің атқарып отырған шаралары біздің жұмысшыларымызды қолдау мен қорғауға негізделгені қуантады.   Мен әрқашан ұйымның бастамаларын қолдаймын. Өндірістің ортасынан шыққан Ардақ Мұқажанқызы келгенне бергі уақытта комитетте қызу жұмыстар жүзеге асуда. Бұл бастамалар жалғасты бола береріне сенім мол. Еңбеккерлерлдің кәсіби біліктілігін арттыру, шыңдау мақсатында комитет  шеберлік байқауын ұйымдастырып, үздіктерді ынталандыруы өте құптарлық іс, – деді Дүйсенғали Ибрайханұлы.

Кәсіподақ комитетінің отырысының күн тәртібінде бес мәселе қаралды. Бірінші, күкірт қышқылы цехы еңбеккерлерінің арасында өткен кәсіби шеберлік байқауының жеңімпаздарын марапаттау, екінші,  балқыту цехы жұмысшыларының арасынан  техникалық инспектор тағайындау, үшінші,  Экологтар күніне  орай үздік те озат жұмысшыларды анықтап, марапаттау, төртінші, маусым айына арналған  шығыс құжаттарын дайындау, бесінші,  комитетке жаңа мүшелерді қабылдау.

Күкірт қышқылы цехында өткен шеберлік байқауы  барлық мамандықты қамтыды. Әр кәсіп бойынша бірінші, екенші, үшінші орындар тағайындалып,  ақшалай сыйақымен марапатталды.  Бірінші орынды  слесарь-жөндеушілер   Ғалымбек Қожырбаев, Ардақ Жарасбаев, газдан тазалаушы аппартшы   Айдос Елемесов,  оператор   Әнуар Молдашев  жеңіп алды. Екінші орынды   қорғасынмен дәнекерлеуші  Данияр Қозыбаев, газдан тазалаушы аппарташы  Әсет Қуанышев, химиялық талдау бойынша зертханашы  Александра  Фукс, электр, газбен дәнекерлеуші  Сергей Шульц  екінші орынды еншіледіі.

Кәсіби шеберлік байқауында үшінші орынның жүлдесіне  аппартшылар Олжас Әбілмұрат, Азамат Қараходжаев, Нұрлыбек Жұмабаев, Нұржан Мәлік,   оператор  Марат Мейрамов, электрмонтерлер  Ізбасар Мұхамедия, Әнуар Хамит, абсорбация аппаратшысы  Эльдар Михаилов,  газдан тазартушы аппартшысы  Батырлан Боранқұл ие болды.

Жиынның күн тәртібінде  қаралған негізгі төрт мәселе бойынша отырысқа қатысқан  кәсіподақ мүшелері бір ауыздан шешім қабылдап, балқыту цехына техникалық инспекторлыққа тағайындалған еңбекердің кандидатурасын қолдады. Экологтар күніне орай  еңбек озаттарын марапаттау қолдау тапты.

Маусым айындағы шығыс құжаттарын дайындап, комитетке келіп түскен өтініштер негізінде  материалдық көмек, шипажайға жолдама беру  мәселелері толық шешімін тапты.  Сөйтіп,  комитет отырысында қаралған сұрақтар күн тәртібінен алынды.

Жиынға қатысқан «КәсіпҚорған» кәсіподағы Жезқазған филиалы төрағасының орынбасары Сержан Жақсыбеков, филиалдың бас  қоғамдық инспеткоры Шәкен Кененбаев,  кәсіпорындардағы кәсіподақ комитеті мен бастауыш ұйым төрағалары Жезқазған мыс қорыту  зауытындағы «КәсіпҚорған» кәсіподағы комитетінің  ашық отырысынан соң  талқылауға қатысып,  комитеттің еңбек адамына бағытталған шараларына  оң бағаларын берді.

Осы орайда күкірт қышқылы цехы еңбеккерлерінің арасында өткен байқауда бірінші орынды иеленген Ғалымбек Қожырбаев  кәсіподақ комитетінің атқарған жұмысы жөнінде  былайша пікірін білдірді:

– Кәсіподақ – еңбек адамының шынайы жанашыры деп білемін. Осы зауытта еңбек еткен жылдардан бері  кәсіподақ ұйымымен тығыз қарым-қатынаста мын.  Комитеттің әрбір атқарған жұмысы көз алдымызда өтуде.  Жаңадан сайланған Ардақ Ақылбекова  жұмыс басталған сәттен цехтарда жүріп, біздің жағдайымзды бір бақылап қайтады. Кем-кетігімізді біліп,  оның оң шешімін табуына ықпалын тигізеді.

Кәсіподақ ұйымы еңбеккерлердің кәсіби біліктілігін арттыруда  түрлі байқаулар ұйымдастыруда.  Біздің цехтың еңбеккерлері арасында өткен кәсіби шеберлік байқауының арқасында тәжірибемізді шыңдап, білімімізді  арттырдық. Осындай игі шаралардың басы-қасынан табылуға біздің ұжым әрқашан дайын. Бізді қолдаушы ұйым – «КәсіпҚорғанмен» біргеміз, – дейді Ғалымбек Сламбекұлы.

Ұйымның  еңбеккерлерге деген ықыласына ризашылығын білдіргендердің бірі төртінші разрядты электрмонтер  Әнуар Хамит. Екі жылдан аса осы цехта еңбек етіп жүрген Әнуар шеберлік байқауында  үшінші орынды иеленді.

– Ұжым еңбеккерлеріне щабыт беріп, жігерлендірген кәсіподақ ұйымының байқауы тартысты өтті.  біліміміз бен білігіміз сынға түскен сәтте барлық мүмкіндікті көрсетуге тырыстық. Теориялық, практикалық сыннан сүрінбеуге тырыстық. Бізге осындай мүмкіндік берген «КәсіпҚорған» кәсіподағына ризамын, – дейді жас маман.

Еңбекерлердің қолдаушысы мен қорғаушысына айналған  мыс қорыту зауытындағы «КәсіпҚорған» кәсіподағы комитетінің бағыт-бағдары айқын. Сондықтан ұйымның алдағы жұмыстары нәтижелі бола береді деген сенім мол.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

 

Бөлісу34Твитерге21

Көп қаралған

  • Сала ардагеріне құрмет

    Сала ардагеріне құрмет

    91 бөлісті
    Бөлісу 36 Твитерге 23
  • Бір аптаға ұласқан дүбірлі той

    96 бөлісті
    Бөлісу 38 Твитерге 24
  • «Eco Life: Таза Қазақстан – жастар таңдауы»

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Облысқа қолдау – қомақты

    85 бөлісті
    Бөлісу 34 Твитерге 21
  • Эльмираның бренд шапандары шетелдерге де танымал болды

    149 бөлісті
    Бөлісу 60 Твитерге 37
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру