Сейсенбі, 8 Қыркүйек , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Топарда турбоагрегат іске қосылып, тұрғын үй құрылысы басталды

19.09.2025
- Жаңалықтар
0
Топарда турбоагрегат іске қосылып, тұрғын үй құрылысы басталды
70
БӨЛІСТІ
194
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Жобаны ҚР Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов пен Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекбаевқа «Kazakhmys Energy» ЖШС бас директоры Темірлан Өтегенов таныстырды.

Қарағанды облысының Топар кентінде «Топар БЭТС» қызметкерлеріне арналған тұрғын үй құрылысы басталды. «Комфорт+» санатындағы 80 пәтерлі бес қабатты үйдің іргетасына символикалық капсула салынды.

– Жаңа тұрғын үйлердің құрылысы «Kazakhmys Holding» ЖШС Директорлар кеңесінің төрағасы Эдуард Огайдың қолдауымен жүргізілуде. Бұл жоба жұмыскерлерге еңбек етуге, жақсы өмір сүруге қолайлы жағдай жасап қана қоймай, компаниямызға дарынды жастарды тартуға және оларды қолдауға мүмкіндік береді. Осылайша компанияның және өңірдің дамуына жағдай жасалады, – деді Темірлан Өтегенов.

– Бүгін заман талабына сай екі тұрғын үйдің құрылысы басталды. Мұнда «Қазақмыс» жұмыскерлеріне отбасымен бірге тұруға арналған 80 пәтер болады. Бұл – жас мамандарға баспанаға қол жеткізуге және туған жерінде жұмыс істеуге берілген мүмкіндік. Топардың дамуына қосқан үлесі үшін «Қазақмыс» компаниясына алғыс білдіремін, – деді облыс әкімі.

Жобаның бастамасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған «Жұмысшы мамандықтарының жылымен» тұспа-тұс келді. 2026-2027 жылдары Балқаш пен Жезқазғанда жергілікті ЖЭО қызметкерлеріне арналған осындай тұрғын үйлер салынады.

Осы күні «Топар бас энергия тарату станциясында» қуаттылығы 130 МВт болатын жаңа турбоагрегат іске қосылды. Ол станцияның жалпы қуатын арттырып, өңірді тұрақты энергиямен қамтамасыз етеді.

2021 жылы басталған жоба Энергетика министрлігі мен кәсіпорын арасындағы инвестициялық келісім аясында іске асырылды. Бюджеті шамамен 20 млрд теңгені құрады.

Жаңа агрегат тозығы жеткен жабдықтың орнын басты. Ол өңірдің энергетикалық қауіпсіздігін айтарлықтай нығайтып, өнеркәсіп пен әлеуметтік саланың дамуына ықпал етеді.

Осылайша, екі ірі жоба өңірдің әлеуметтік мүмкіндігін арттырып, энергетикалық тұрақтылықты қамтамасыз ететін және Топар мен Қарағанды облысының дамуына серпін беретін маңызды қадамға айналды.

«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС PR департаменті.

Бөлісу28Твитерге18

Көп қаралған

  • Аймақ басшысы Ұлытау ауданындағы аурухана құрылысының барысын тексерді

    Аймақ басшысы Ұлытау ауданындағы аурухана құрылысының барысын тексерді

    69 бөлісті
    Бөлісу 28 Твитерге 17
  • Заң мен тәртіп – тұрақты қоғамның негізі

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – ортақ міндет

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Противодействие коррупции — общая задача

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Газетіме сәлем жолдаймын

    107 бөлісті
    Бөлісу 43 Твитерге 27
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру