Бейсенбі, 19 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Өндіріс және өмір

Тоғыз айды қорытындылады

11.10.2024
- Өндіріс және өмір
0
Тоғыз айды қорытындылады
76
БӨЛІСТІ
211
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Жезқазған қаласындағы өндірістік алаңда «Қазақмыс» еңбек ұжымдарының корпорация басшылығымен жұмыс жиналысы өтті. Балқаш және Қарағанды өндірістік алаңдарының қызметкерлері де кездесуге онлайн режимде қатысты.

Жиын «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Нұрахмет Нуриевтің төрағалығымен ашық диалог форматында өтті.

Онда бірінші басшылар қызметкерлерге компанияның 9 айдағы қызметінің қорытындылары туралы толық есеп берді. Өндірістік қауіпсіздік, әлеуметтік жауапкершілік, компанияның даму жоспарлары және басқа да ағымдағы өндірістік мәселелер талқыланды.

2024 жылы «Қазақмыс» корпорациясы кәсіпорындарды, жабдықтарды жаңғырту және қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсарту жұмыстарын жалғастырды. «Батыс Сары-Обадағы» шахтада желдетпе ұңғысы сәтті іске қосылды. «Жомарт» кенішінде 300 орындық әкімшілік-тұрмыстық корпус пайдалануға берілді. Жезқазған байыту фабрикасында жылына 3,5 млн. тонна өнім өндіретін екінші флотациялық блоктың жаңғыртылуы аяқталды. «Нұрқазған» кенішінде кенді жер бетіне шығару үшін ұсақтау-конвейер кешені салынды, бұл төменгі горизонттардағы қорларды қауіпсіз игеру мүмкіндігін береді. Шу ауданындағы Шатыркөл-Жайсан кластерінде жаңа байыту фабрикасы іске қосылып, қосымша жұмыс орындары ашылды.

Сондай-ақ оқыңыз

Арулар бақ сынады

Арулар бақ сынады

08.03.2025
Салауатты өмір салтына үндеді

Салауатты өмір салтына үндеді

08.03.2025

«Қазақмыс» тобы өз қызмет ететін аймақтардағы әлеуметтік жобаларға ерекше назар аударады. Биыл компания Ұлытау өңіріне 18,5 млрд. теңгеден астам қаржы бағыттады. Ауқымды әлеуметтік жобалардың бірі – Жезқазғанда 320 орындық денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы. Спорт кешенінде бассейн, жаңа жабдықтар және тренажерлар болады. Оның ашылуы осы жылға жоспарланған.

Сонымен қатар, Ұлытау өңірінде күрес және шахмат бойынша екі спорт академиясы ашылады. Күрес академиясы 200 орындық мектеп-интернаттың ашылуын қамтиды. Жас спортшылардың тұруы мен тамақтануын «Қазақмыс» өз мойнына алады. Шахмат академиясы Қазақстандағы ең үлкен және озық академияға айналады – онда 700 бала білім ала алады.

Биыл «Қазақмыс» ұстаздардың педагогикалық трансформациясы бойынша «Ұстаз-Ұлытау» білім беру жобасын жалғастыруда. Қазіргі уақытта жобаны жүзеге асыру Ұлытау, Қарағанды және Жамбыл облыстарындағы 85 мектепте жүргізілуде, бұл қазақстандық мектептердегі білім сапасын арттыруға бағытталған.

«Қазақмыс» Қазақстан ғылымының дамуына да белсенді қатысады. Биыл Ұлытау өңірінде Орталық Азиядағы алғашқы геологиялық кластер ашылады. Ол оқу орталығын, геологиялық кітапхананы, қызметкерлерге арналған жатақхананы, ALS аналитикалық зертханасын, Қазақстандағы алғашқы геофизикалық зертхананы, кендi сақтау орнын, геологиялық мұражайды, жөндеу-механикалық цехты және басқа да нысандарды қамтиды. Геологиялық кластер құрылысы геология саласының техникалық және кадрлық ресурстарын біріктіріп, Ұлытау өңірін геологиялық қауымдастықтың орталығына айналдырады. Жобаның құны – 7 млрд. теңге.

«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Нұрахмет Нуриев атап өткендей, компанияның қызмет ететін өңірлерін дамыту жұмыстары жалғаса бермек.

– Қазір жасалып жатқанның бәрі – үлкен жолдың басы. Кей жерде бәрімізге сабырлық танытып, кей жерде сіздердің белсенді қолдауларыңыз қажет болады. Біз әзірлеп, енгізіп жатқан бағдарламалар ақырында әрқайсыңыз жұмысыңызға келіп, өз үйіңіздей жайлы әрі қауіпсіз сезінуіңіз үшін жасалып жатыр, – деп түйіндеді өз ойын Нұрахмет Нуриев.

«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС баспасөз қызметі.

Бөлісу30Твитерге19
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Шолпан шапағы

Шолпан шапағы

13.06.2025
«Комсомол»  колхозы

«Комсомол» колхозы

28.03.2025
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Ұлытау облысы шағын және орта бизнесті дамытуда көшбасшылық позициясын нығайтты

Ұлытау облысы шағын және орта бизнесті дамытуда көшбасшылық позициясын нығайтты

18.06.2025
Елімізде қайтарылған активтер қаражаты есебінен 318 млрд теңгеге 400-ден астам әлеуметтік нысан салынуда

Елімізде қайтарылған активтер қаражаты есебінен 318 млрд теңгеге 400-ден астам әлеуметтік нысан салынуда

18.06.2025
Ұлытау облысының ветеринария саласында ауқымды жұмыстар жүруде

Ұлытау облысының ветеринария саласында ауқымды жұмыстар жүруде

18.06.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру