Бейсенбі, 15 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Өндіріс өрісі

Тірлігі тындырымды цех

Еңбегімен еңселі

23.12.2022
- Өндіріс өрісі
0
Тірлігі тындырымды цех
88
БӨЛІСТІ
244
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

 «ҚазақмысМэйнтенансСервисиз» ЖШС құрамындағы тау-кен, шахта жабдықтары зауыты құрамында бірнеше цех бар. Аталмыш өндіріс нысанындағы электр қызметі бөлімі зауыттың үздіксіз жұмыс жасауына ықпал етіп отыр.

Абдул Велиев басшылық жасайтын ұжымның тындырымды тірлігі арқасында өзге цехтар қуат көзімен уақытылы әрі толық көлемде қамтылып, өндіріске қажетті техникалар сақадай-сай тұрады. Энергетиктердің кәсіби мерекесі қарсаңында біз ұжымға арнайы бардық. Цех басшысы Абдул Игитович жылы шыраймен қарсы алды. Ат шаптырым жерді алып жатқан цехтың қызу жұмысынан-ақ оның зауыт үшін қаншалықты маңызды рөл атқаратынын аңғардық.

Нұралы Жандәулет

Сондай-ақ оқыңыз

Кен ұсақтау кешенінің қуаты артуда

Кен ұсақтау кешенінің қуаты артуда

06.12.2024
Кен ұсақтау кешенінің қуаты артуда

Кен ұсақтау кешенінің қуаты артуда

06.12.2024

– Ұжымда жиырма адам еңбек етеді. Мұнда электриктер, слесарьлар, байланысшылар, дәнекерлеуші мен темір жонушы да цехтың табысты еңбегіне үлес қосып отыр. Аға буын өкілдері – жастардың тәлімгері. Олар әрқашан өз салалары бойынша жастарға бағыт-бағдар беріп отырады. Қандай ақау туындаса да, соны дер кезінде шешуге біздің цехтың жігіттері жұмылған жұдырықша сақадай сай тұрады, – дейді цех басшысы Абдул Игитович. Цехтың алдыңғы қатарлы еңбек озаттары қатарында есімі жиі аталатын Жезді кентінің тумасы Нұралы Жандәулет бұл ұжымда 1995 жылдан бері еңбек етіп келеді. Слесарь жөндеуші Нұралы Сарбасұлы цехқа келген талай жастың томағасын сыпырып, топшысын қатайтты. Оның тәлімінен өткен шәкірттері шахталарда еңбек көрігін қыздырып жүр. – Бұл цехқа келгелі де 27 жылдан асты. Біздің міндетіміздегі шаруалардың қай-қайсына болсын басшылық тараптан үнемі қолдау тауып келеді. Цех басшымыз да, инженерлер мен энергетиктер, шеберлердің жұмысты ұйымдастыра білуінің арқасында біз шаруаны дөңгелетіп отырмыз. Жолымызды жалғастырар жастардың ісіне көңілім толады. Қазір Төрехан Баймұханов есімді талапкерім бар. Оның жұмысқа деген бет алысына оң баға беремін, – дейді Нұралы Сарыбасұлы.

Зауыттағы энерго қызметінің жүйелі әрі қауіпсіз жұмыс жасауын бақылап, қадағалаушы инженерэнергетик Владимир Мехиев 1979 жылы техникумнан кейін жолдамамен Украинадан Қазақстанға келген. Қазақы ортаға сіңісіп кеткен Владимир Леонидовичтің негізгі мамандығы геология саласымен байланысты. 1979 жылдан 1996 жылға дейін геологиялық-барлау экспедициясының құрамында еңбек еткен ол соңғы 28 жылда осы ұжымның сапалы жұмысына атсалысып келеді.

Владимир Мехиев

– 90-жылдардың тоқырауынан соң геологияның да жағдайы қалжырады. Ондағының көбі әр салаға кетті. Мен де осы зауытқа орналасып, басқа кәсіпті серік етуіме тура келді. Ұжым бір үйдің баласындай, береке-бірлігі мығым. Қазақстанға табан тіреген 43 жылда қазақ халқының қонақжайлығын, ұлттар мен ұлыстарға деген шынайы бауырмалдығын көріп келеміз, – дейді Владимир Мехиев.

Еңбек жолын Жезқазған мыс қорыту зауытында 1990 жылы бастаған Жанкелді Бекетбаев цехта 1995 жылдан бері электрик.

Жанкелді Бекетбаев

Жиырма жеті жыл ішінде Жанкелді Амантайұлы электр қызметінің қырсырына қаныққан маман атанып қана қоймай, бірнеше буынға тәлімгер болды. Кәсібіне баулыған шәкіртінің бірі Сергей Мищенко бүгінде электриктер бригадасына жеткешілік етеді. – Энергетика саласынсыз ешқандай істің алға баспайтыны түсінікті. Өндірісте де дәл солай. Зауыттың ішкі, сыртқы электр желілерінің тұрақты түрде жұмыс жасауына жауапты болғандықтан, бізге жүктелер мінде те ауқымды. Сондықтан, біз қауіпсіздік саясатын қатаң ескере отырып, өндіріс ошағының энергиямен қамтылуын қадағалаймыз, – дейді Жанкелді Бекетбаев.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

Бөлісу35Твитерге22
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
С. Жақыпова Ұлытау облысының әлеуметтік мекемелері мен кәсіпорындарына барды

С. Жақыпова Ұлытау облысының әлеуметтік мекемелері мен кәсіпорындарына барды

15.05.2025
С. Жақыпова Жезқазғанда регрессші кеншілермен кездесті

С. Жақыпова Жезқазғанда регрессші кеншілермен кездесті

15.05.2025
С. Жақыпова Ұлытау облысының әкімі және активімен бірге мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру барысын талқылады

С. Жақыпова Ұлытау облысының әкімі және активімен бірге мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру барысын талқылады

15.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру