Сейсенбі, 16 Желтоқсан , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Өндіріс өрендері

Темірдің «тілін» тапқандар

21.10.2022
- Өндіріс өрендері
0
Темірдің «тілін» тапқандар
98
БӨЛІСТІ
271
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Темірден түйін түйіп, оны тұрмыста кәдеге жарату халқымыздың ежелден келе жатқан кәсібі екендігін осы өңірден табылған көне жәдігерлер дәлелдеп береді. Бағзыдан бүгінгі заманға жеткен бұл кәсіптің желісі өндірісте маңызды рөлге ие.

«Қазақмыс» корпорациясының өңірдегі өндірістік нысандарға әр үлгіде бөлшек дайындайтын құю-механикалық зауытында бірнеше цех жұмыс жасайды. Солардың қатарында дәнекерлеу және ұста цехы бар. Мұнда темірдің «тілін» тапқан өз кәсібінің майталмандары топтасқан. Аян Баймырзаев басшылық жасайтын цехта еңбек көрігі үнемі қызады да жатады. Өйткені, әрбір бөлшекті икемге келтіріп, дайындау, оларды жоспар бойынша тапсырыс берушіге жеткізу аса маңызды.

Аян Баймырзаевтың жетекшілігіндегі цехта 90 адам еңбек етуде. Мұнда дәнекерлеушілермен қатар ұсталар, жөндеуші-слесарьлар өндірістік үдерістің бір сәтке тоқтап қалмауын назарға алып отырады. Ұжымның жетпіс пайызын жастар құрайды. Аға буынның қатарындағы майталмандар – жастардың тәлімгері. Тілек Түсіпов пен Мағауия Көпеев сынды ардагер ағалардың тәлімін көрген жастар адал еңбекке ұмтылып келеді. Жақында қос майталман «КәсіпҚорған» кәсіподағы тарапынан «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.

Айына 300 тонна әртүрлі бөлшек дайындау міндеті жүктелген ұжым табысқа қол жеткізіп келеді. Бұл әрине өз ісіне жауапкершілікпен қараған қарапайым еңбек адамының арқасында жүзеге асып отыр. Ұжым мақтанышына айналған Данияр Әбдіғалиев бұл цехта 1998 жылдан бастап еңбек етіп келеді. Әуелде слесарь ретінде жұмысқа қабылданған Данияр Мұхтарұлы 2003 жылдан бері ұста. Шахталар мен зауыт, фабрикадан келетін 40 келіден 500 келіге дейінгі бөлшектерді пішімге келтіріп, иіп, дайындауда Данияр Әбдіғалиевтің тәжірибесі мол.

– Бұл цехта түрлі көлемдегі ауыр бөлшектер дайындалады. Арнайы технологиялармен темірлерді пішімге келтіру үшін арнайы пештерде қыздырып, бөлшектерді әзірлейміз. Сызба үлгіге сай бөлшектердің сапалы әрі өндірісте қолданылу мерзімінің ұзақтығына баса мән береміз. Балғалау машинасы арқылы жүзеге асатын үдерістің әдіс-тәсілін мен ұстазым Ильшат Вильдановтан меңгердім. Қазір бригада жетекшісімін, – дейді Данияр Мұхтарұлы.

Цехқа барғанымызда балғалау машинасының жанында күлімдей амандасқан нәзік жан қолына қолғабын киіп, Даниярмен бірге бөлшектерді дайындауға кірісіп жатыр екен. Әйел адамның мұндай іске деген алғырлығы басында таңқалдырды. Дайындалатын бөлшекті пеште белгілі қысымда балқыту үдерісіне аса мән бере қараған нәзік жан Данияр Әбдіғалиевтің шаңырағындағы отанасы болып шықты.

Данияр Әбдіғалиев жұбайы Марина Тәжинамен.

Марина Тәжина да цехтағы білікті маман. Өмірлік жарымен бір салада тер төгіп жүрген Марина Әмірханқызының қайсарлығы мен өз кәсібіне деген сүйіспеншілігі жастарға үлгі боларлықтай. Данияр Мұхтарұлы бір кездері осы цехқа жас маман ретінде келсе, жиырма төрт жылғы тәжірибенің арқасында тәлімгерге айналды. Жеңіс Молдабергенов, Мұратбек Прекенов, Аңсаған Айғожин сынды жастарды қанаттандырып, кәсіптеріне бағыт-бағдар берді. Бір сөзбен айтқанда, Данияр Әбдіғалиев өз кәсібінде шыңдалған, темірден түйін түюдің хас шеберіне айналды.

Цех ұжымының арасында еңбегімен құрметке кенеліп жүргендердің сапында Батырлан Айтбаев та бар. Батырлан Оразалыұлы 3 келіден 40 келіге дейінгі бұйымдарды дайындауға жауапты. Ұсталық өнердің қыр-сырын Ерболсын Көпеев пен Мансұр Мұхамбетжановтан үйренді. Бүгінде Батырлан Айтбаев – тәлімгер.

– Зауыттағы еңбек жолым осы цехта 1997 жылы басталды. Содан бері ширек ғасыр өтіпті. Біз де жас болдық, аға буынның ақыл-кеңесімен өз жұмысымыздың икемін тауып, білгенемізді үйрендік. Ильшат Вильданов, Данияр Әбдіғалиев, Жеңіс Молдабергенов, Мұратбек Прекенов сынды жігіттермен еңбек жолын бастап, әлі күнге дейін бірге еңбек етіп келеміз, – дейді Батырлан Оразалыұлы.

Батырлан Айтбаев бөлшек дайындау үстінде.

Аға буынның ізін жалғаған Батырлан Айтбаев та бүгінде шәкірт тәрбиелеп, өзінің бар білгенін жастарға үйретуде. Оның Мырзабек Байжанов, Бекнұр Үкібай, Досбол Спатаев есімді талапкерлері ұстаз жолын лайықты жалғастырып келеді. Дәнекерлеу және ұста цехының қос озат жұмысшысы ұжымның табысты болуына үлес қоса береміз дейді.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

 

 

                      

 

Бөлісу39Твитерге25
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Тәуелсіздік күні құтты болсын!

15.12.2023
«Жошы ұлысы » һәм «Алтын орда»

«Жошы ұлысы » һәм «Алтын орда»

16.02.2024
Бас прокуратурада құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмыстық қатерлерді болжау саласындағы цифрлық құралдар таныстырылды

Бас прокуратурада құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмыстық қатерлерді болжау саласындағы цифрлық құралдар таныстырылды

13.12.2025
Маңызды жолды қайта жаңғырту жұмыстарының барысын тексерді

Маңызды жолды қайта жаңғырту жұмыстарының барысын тексерді

12.12.2025
«Қазақмыста» 2025 жылғы еңбек жарысының жеңімпаздары марапатталды

«Қазақмыста» 2025 жылғы еңбек жарысының жеңімпаздары марапатталды

12.12.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру