«Қазақмыс» корпрациясы» ЖШС «Жезқазғантүстімет» ӨБ құрамындағы құю-механикалық зауыты – аймағымыздағы зауыт, фабрикаларға, шахталардағы өндірістік техникалар мен жабдықтарға түрлі бөлшектер дайындайтын кәсіпорын.
Өндіріс нысанында бірнеше цех ауысыммен және бес күндік жұмыс кестесімен жұмыс істейді. Зауыттағы механикалық цехта еңбек көрігі күндіз-түні қызады да жатады. Мұнда тәулік бойына ауысыммен бөлшектер әзірленеді. Үш бөлімнен тұратын цехтың ең ірісі – темір жону бөлімшесі. Аумағы кең цех ішінде әдеттегідей қызу жұмыс жүріп жатқан шаққа тап болдық.
Бөлімшенің аға шебері Генадий Лазуркевич цех жұмысын қысқаша баяндап, еңбек озаттарымен таныстырды.
– Құю-механикалық зауытының негізгі тірегіне айналған механикалық цехтың атқаратын қызметі өндіріс ошағына келіп түсетін түрліт апсырыстарға қажетті темір бөлшектерді әзірлеп беру. Куә болғаныңыздай, цех ішіндегі станоктарда жұмыс уақытында тыным жоқ. Әрбір бөлшек арнайы сызба үлгісімен әзірленеді. Темір жону бөлімшесінде жиырма біра дам еңбек етеді. Біздің бөлімшеде аға буын өкілдерінің мектебі мықты қалыптасқан. Олар осы салаға келген жастарды тәлімгерлікке алып, кәсіпке баулиды. Бүгінде цехтың ғана емес, зауыттың мақтаныштарына айналған темір жонушылар, еңбек ардагері Алексей Горбанюк, Хамид Исоев, Игорь Пак, Радик Мухамедиянов осы кешенді жұмыстың хас шеберлері. Біздің толқын да, бізден кейін келген жастардың да легі осы кісілердің тәлімінде шыңдалдық. Бөлімшенің жұмысы күндізгі және кешкі ауысым негізінде жүзеге асады. Жоспарғасай сапалы өнім шығару жолында бөлімшенің еңбеккерлері біліктілігі мен білімін арнауда, – дейді Генадий Лазуркевич.
Генадийдің бұл өндіріс ошағында еңбек еткеніне 19 жыл болыпты. 2004 жылы кәсіптік училищені тәмамдаған бетте зауытқа темір жонушы болып келген ол бүгінде өндірістік үдерісті, бөлімшедегі өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарының нәтижелі жүруін бақылайды.
Генадий Лазуркевич
Өз ісіне деген жауапкершілігі мен шеберлікті ұштастырғандардың қатарында Радик Мухамедиянов та бар. Ол аталмыш цехқа 1995 жылы келген. Жиырма сегіз жыл еңбек өтілі бар Радик Загитович бүгінде темірден түйін түюдің қыр-сырынақаныққан тәжірибелі маман. Радик Мухамдияновтың айтуынша, мұнда келуіне анасы Венера Мухамедиянова ықпал еткен.
– Анам осы цехта ұзақ жыл еңбек етті. Жәйремде басталған еңбекжолымның осында жалғасын табуына себепкер бірден-бір кісі болса ол, менің – анам. Алғаш келгенде «ауқымы кең цехта жұмыс жасау қалай болады екен?» деген сұрақ іштей мазалағаны рас. Кейін жұмысқа араласып, үдерістерді үйрене бастаған соң бәрі қалыпты жағдайға айналды. Мұнда темірді сызба үлгісінде дайындауды, техникалық қауіпсіздікке баса мәнберуді, әріптестердің пікірін тыңдай біліп, солардың тәжірибесі мен өз ойыңдағы дүниені ортақ мүддеге бағыттай білуді үйретті. Қазір, міне, өзімнен кейін жастарды да кәсіпке машықтандыратындай дәрежеге жеттім. Мұның барлығы өмір мектебінен жиған тәжірибемнің арқасы, – дейді Радик Загитович.
Радик Мухамедиянов
Бөлімшедегі аға буынның ісін лайықты жалғастырып келе жатқандардың бірі – Ерзат Ізбасаров. Жезқазған қаласындағы кәсіптік бағытта маман даярлайтын №9 кәсіптік училищені темір жонушы мамандығы бойынша тәмамдаған ол 16 жылдан бері осы ұжымда еңбек етіп келеді.
Станок басынан табылған Ерзат Байжанұлы кезекті бөлшекті дайындауға әзірленіп жатты.
– Мұнда негізінен жұмыс қарқыны бәсеңдемейді. Берілгент апсырмаға сай бөлшектерді ауысым кезінде тапсырып кету басты міндетіміз. Айналып тұрған станоктың қасында жұмыс жасау ең әуелі қауіпсіздікті талап етеді. Техника қауіпсіздігі ережесін бұлжытпай орындау өміріміздің кепілі екендігін естен шығармаймыз. Тәлімгерлерім сапалы өнім шығарудан бұрын адамның бас амандығы бірінші кезекте деп дағдыландырған болатын, – дейді Ерғазы.
Ерзат Ізбасаров
Механикалық цехтың аталмыш құрылымында 2010 жылдан бері еңбекетіп жүрген Александр Юдин де темірден бөлшек жасауда шеберлігімен танылып үлгерді. Игорь Пактың тәлімінен өткен ол бүгінде өз кәсібінде шыңдалған маман атанды.
Александр Сергеевичті әңгімеге тартқанымызда:
Александр Юдин
– Тәлімгерім: «бұл жұмыста темірдей тәртіп және төзім керек» деге болатын. Сондықтан мен тәртіп пен жауапкершілікті және қолға алған істі нәтижелі жүзеге асыруда төзімді алдыңғы қатарға қоямын. Сонда қолға алған ісім нәтижелі болады, – деді.
Радик Мухамедияновтің мектебінде шыңдалған Григорий Миков ұжымдағы жас маман. Оның мұнда темір жонушы болып еңбек еткеніне 5 жыл. Бес жыл ішінде станокты ұршықша иіріп, темірден бұйым жасаудың әдістерін меңгерді. Талапшыл жас маман: – Еңбекте табысқа жетем деген адамға алға қарай ұмтылыс керек. Сонда жасаған жұмысыңның нәтижесін көресің. Осы бес жылда мен сонны түсіндім. Үйренгенімнен әлі үйренерім басым. Сондықтан тәлімгерімнің ақыл-кеңесі, тәжірибесі мен үшін үлкен мектеп, – дейді Григорий.
Григорий Миков
Асулан Әубәкіровтің басшылығындағы механикалық цехтың темір жону бөлімінде аға буынның тәжірбиесі, жастардың іскерлігі үйлесім тапқан. Бұл қарапайым еңбек адамдары өндіріске осылайша үлес қосуда.
Бағдат ҚАЗКЕНОВ.