Жексенбі, 1 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Техникалық селеннің алғашқы партиясын жөнелтті

07.02.2025
- Жаңалықтар
0
Техникалық селеннің алғашқы партиясын жөнелтті
75
БӨЛІСТІ
208
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

СТ-1 маркалы техникалық селен Балқаш қаласындағы «Қазақмыс Прогресс» ЖШС селен тазарту және шлак өңдеу цехында өндірілді. Бұл – Қазақстанда алғаш рет бірегей вакуумдық дистилляция әдісі қолданылған өнеркәсіптік өндіріс.

Жаңа технология селеннің әлемдік нарықтағы бағасының қосылған құнын 30 %-дан 97 %-ға дейін арттырды. Алғашқы жөнелтілім 100 тоннаны құрады, ал өнімдегі селеннің мөлшері шамамен 99,5 % болды.

Вакуумдық дистилляция әдісі селенді реагент қолданбай жоғары дәрежеде тазартуға мүмкіндік береді, сәйкесінше процесті экологиялық қауіпсіз етеді. Технологияны Satbayev University Металлургия және байыту институтының ғалымдары әзірледі. Осылайша бірегей қондырғы қолданысқа енгізіліп, түсті металдардың әлемдік нарығының талабына сай өнім өндіруге жол ашылды.

Жобаның тарихы 2017 – 2018 жылдары «Қазақмыс Прогресс» ЖШС Балқаш мыс балқыту зауытының (БМЗ) бағалы металдар цехындағы тазарту учаскесінің газ тазарту жүйесін жаңғыртудан басталды. Бұл тазартылмаған селен өндірісін жылына 60 тоннадан 100 тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік беріп, оны тазартуды экономикалық тұрғыдан тиімді етті.

Сондай-ақ оқыңыз

Мемлекет тірегі – тәртіп

Мемлекет тірегі – тәртіп

30.05.2025
Балалардың денсаулығы – назарда

Балалардың денсаулығы – назарда

30.05.2025

Бағалы металдар өндірісінің қосалқы өнімі болып табылатын тазартылмаған селенді тазарту жобасын іске асыру 2020 жылы Балқаш өндірістік алаңында басталды. 2022 жылы жаңа өндірістік учаске іске қосылды, ал 2023 жылы өнеркәсіпте пайдаланыла басталды.

Қазіргі уақытта селен күн батареяларында, көшіру аппараттарында, шыны, керамика өндіруде, сондай-ақ медицина мен химия өнеркәсібінде қолданылады. Балқаштағы жаңа өндірістің іске қосылуы Қазақстан мен «Қазақмыс» компаниясының түсті металдардың әлемдік нарығындағы экономикалық позицияларын нығайтуға жаңа мүмкіндік береді.

«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС PR департаменті.

 

Бөлісу30Твитерге19
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Мемлекет тірегі – тәртіп

Мемлекет тірегі – тәртіп

30.05.2025
Балалардың денсаулығы – назарда

Балалардың денсаулығы – назарда

30.05.2025
Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

30.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру