Жексенбі, 18 Қаңтар , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Мерей

Тегеуріні мықты телім

25.08.2023
- Мерей
0
Кен өндіріп, табысқа жол ашқандар
89
БӨЛІСТІ
247
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

 «Нұрқазған» кенішіндегі №7 үңгілеу телімі өндірістік қауіпсіздікке баса мән бере отырып, жоспарды орындауда алдыңғы шептен көрініп келеді. Ғабит Жүндібаевтың қарамағындағы телімде төрт бригада бар.

Қарағанды өңіріне аты шыққан бригадир Нұржан Аяшев, Нұрбол Сембин сынды білікті кеншілердің даңқының өзі бұл ұжымға үлкен мәртебе. Нұрлан Айтбаев, Ербол Осапановтың да бригадасы жоспарды орындауда белсенді.

Кенішке сапарымыз барысында телім басшысының міндетін атқарушы Ғабит Тасболатұлымен тілдескен болатынбыз.

– Кен өндірісінде үңгілеушілерді жол ашушылар деп атап кеткен. Осы бір ұғымға сай еңбек етіп, ен байлықтың көзін ашуда біздің №7 үңгілеу телімінің атқарып отырған жұмысы қомақты. Айына берілген 250 қума метрді біздегі төрт бригаданың жігіттері 270-280 қума метрге дейін жеткізеді. Он екі кен жару жұмыстары жүргізіліп, 1000 метрге дейін үңгілеумен шұғылданамыз.

Табысты болу үшін біз еңбек қауіпсіздігіне аса мән береміз. Адам өмірі және оның денсаулығы аса маңызды. Қауіптілік деңгейі жоғары аумақтарда жұмысты тоқтатып, сақтық шараларын күшейткеннен соң ғана жұмысты бастау жөніндегі нұсқамалар ауысым сайын айтылып отырады. Бұған біздің жігіттер әбден дағдыланған. Телімде 48 адам еңбек етеді. Оның қырқы үңгілеуші болса, сегізі инженер-техник қызметкерлер. Жұмылған жұдырықтай болған жігіттердің арқасында межелі міндетті еңсеріп келеміз, – дейді Ғабит Жүндібаев.

Ғабит Тасболатұлы 2011 жылы Алматы қаласындағы Қ. Сәтбаев атындағы политехникалық университетін тау-кен ісі бойынша тәмамдап, бірден «Нұрқазған» кенішінің үңгілеу теліміне шебер болып орналасты. Ғабит Жүндібаев еңбек жолында жауапты қызмет сатыларынан өтті.

Ғабит Жүндібаев

Ғабит Жүндібаев телімнің табысты болуына білімі мен тәжірибесін арнап келеді. Тегеуріні мықты телімнің көшбасында болуы кеншілердің ерен еңбегімен ұштасып жатыр.

Біз сөз етіп отырған ұжымда салаға 30 жылын арнаған Бейбіт Жақыпов Оңтүстік Жезқазған кенішіне 20 жасында үңгілеушінің көмекшісі болып келген. 2009 жылға дейін сол кеніште еңбек етіп, «Нұрқазғанға» ауысты. Бейбіт Нұрпанұлы сол кезеңдерде барлық жұмыс қолмен атқарылатын еді деп бастады әңгімесін.

Бейбіт Жақыпов

– Бір саладағы бір мамандықта отыз жыл табан аудармастан еңбек еттім. Кен алудың барлық жолынан өттім. Мен алғаш еңбек жолымды бастағанда бұрғылау станоктары қолымыздан түспейтін. «ЗБУ», «УБШ», «УБС» деген қол бұрғыларымен жұмыс жасадық. Кейіннен электрлі станоктар келді. Оның да тілін меңгердік. Менің өз кәсібімде шыңдалуыма сол кезде бригадир болған Артур Кронвальд, кен өндірісінің майталманы Құрманғазы Ибескеновтің тәлімгерлігі көп септігін тигізді. Кейін өзім де жас мамандарды үйреттім. Қазір Нұржан Аяшевтің бригадасындамын. Мұнда 8 адам бар. Көмекшім Жангелді Мәсікеновтің бет алысына көңілім толады. Үңгілеу жұмыстары аса сақтықты қажет етеді. Сондықтан біз әр ауысымда қауіпсіздік шараларын бұлжытпай орындаймыз, – дейді Бейбіт Жақыпов.

Сөз соңында айтарымыз, Қарағанды өндірістік алаңындағы «Нұрқазған» кенішінің кемел келешегі жолында ауқымды шаралар да атқарылып жатыр. Болашақтағы кеніштің жоспары да ауқымды. Мұқан Үңгітбаев басшылық жасайтын кеніш төл мерекелеріне табыспен жетіп отыр.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

 

Бөлісу36Твитерге22
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
«Жезқазған» қонақүйінде туған ән

«Жезқазған» қонақүйінде туған ән

19.04.2024
Табыс тасқындаған жыл

Табыс тасқындаған жыл

26.12.2025
Полицияның бір күні

Полицияның бір күні

16.01.2026
Мемлекеттік кеңесші. Жаңа Парламенттің негізгі мемлекеттік институттардың қызметін қамтамасыз етудегі өкілеттіктері талқыланды

Мемлекеттік кеңесші. Жаңа Парламенттің негізгі мемлекеттік институттардың қызметін қамтамасыз етудегі өкілеттіктері талқыланды

16.01.2026
Қауіпсіздік қалқанына айналғандар

Қауіпсіздік қалқанына айналғандар

16.01.2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру