Мемлекетіміз демократиялық, зайырлы және құқықты ел. АтаЗаң – барлық құжаттардың қайнаркөзі, бастауы болып табылады. Кез келген мемлекеттік орган, мекеме, ұйым өзінің қызметінде Конституцияны басшылыққа ала отырып, өз қызметтерін жүзеге асырады.
Ата-бабаларымыз қаншама қиындықтар мен тосқауылдарды бастан өткерсе де, халықтың мықты ерік-жігерінің арқасында көп жылдар бойы арман етіп, аңсап келген тәуелсіздігімізге қол жеткізіп, егемен еліміздің туын биікке желбіреттік. Тәуелсіз Отанымыздың тұңғыш Президенті сайланып, дербестігімізді растайтын мемлекеттік рәміздерімізді бекіттік. Атап айтқанда, еліміздің Конституциясының 9-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы және Гимні бар. Олардың сипаттамасы және ресми пайдаланылу тәртібі конституциялық заңмен белгіленеді деп көрсетілген.
Мемлекеттік рәміздер – елдің ұлттық болмысын, еліміздің дербестігін, егемендігін мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытатын белгі, мемлекетіміздің өткені, бүгінгі және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі. Халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаhармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер.
Қазақстанның тұңғыш рәміздері – Ту мен Елтаңба 1992 жылдың 4 маусымында қабылданды, ал Әнұран мәтіні сол жылдың 11 желтоқсанында бекітілді. Еліміздің азаматтарының рәміздерге деген қарым-қатынасы, олардың қаншалықты деңгейде өздерін осы елдің азаматы санайтындықтарының және болашаққа сенімінің, отансүйгіштіктің көрсеткіші іспеттес. Мемлекеттік рәміздерімізге шетелдік мамандар жоғары баға берген, онымен қатар әлемдік каталогқа енген. Ел тәуелсіздігі мен мемлекеттікрәміздер – егізұғым. Республика аумағында елдің елдігін танытатын, отаншылдық пен патриоттық рухты оятатын, әр жүрекке мақтаныш сезімін тудыратын нышандар өз дәрежесінде көрініс тауып отыр.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяла-
рының мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы №132 Конституциялық заңының 2-бабына сәйкес, соттар ғимараттарына және сот отырысы залдарына міндетті түрдеҚазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы орнатылады.
Халқымыз өз атамекенін, Отанын, өз халқы, өз тілі, өз мемлекетінің рәміздерін, салт-дәстүрін жүрекпен сүйе білген, әрі ұрпағын да оған тәрбиелеп, баулып келеді.
Жанат Егембердиева,
Ұлытау облыстық сотының судьясы.