Жұма, 6 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Өндіріс және өмір

Тасымал қарқыны толассыз

05.08.2024
- Өндіріс және өмір
0
Тасымал қарқыны толассыз
80
БӨЛІСТІ
222
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Мақалаға арқау болып отырған теміржолшылардың өңір индустриясын қалыптастырудағы атқарып отырған жұмыстары мезгіл таңдамайтын, уақытпен санаспайтын, жауапкершілік жүгі ауыр міндеттерді еңсеруді талап етеді.

Жүк тасымалын ұйымдастырудағы «Транко Жез» ЖШС кәсіпорнында орны ерекше бір құрылым бар. Ол – теміржол қызметін ұйымдастыру бөлімі. Оған Қайрат Ералиев басшылық жасайды. Қайрат Амангелдіұлының тізгініндегі бөлімде 12 станция бар. Олардың құзырына жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол жөндеу жұмыстарын жүргізу жатады. Қайрат Ералиевті әңгімеге тартқанымызда:

– Отандық теміржол саласында, соның ішінде ауыр жүк тасымалын ұйымдастырып, жүзеге асыруда біздің «Транко Жез» ЖШС қызметі нәтижелі деп айтуға толық негіз бар. Өзім басшылық жасайтын бөлімге қарасты станциялардың жүйелі жұмысының арқасында жүк толассыз діттеген жеріне жетуде. Теміржолдың қауіпсіздігі, жол бойында қауіп-қатерге тосқауыл болып, барынша сақтық шараларын жүргізу біздің міндетіміз болып табылады. Желі байланыстырушысы, механизатор, электрик сынды мамандар жол бойындағы байланыс желілерінің үздіксіз жұмыс атқаруын қадағалап, бақылайды. 350 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отырған бөлім тарапына жүктелген міндеттерді уақытылы атқаруға дағдыланғанбыз, – дейді Қайрат Амангелдіұлы.

Сондай-ақ оқыңыз

Арулар бақ сынады

Арулар бақ сынады

08.03.2025
Салауатты өмір салтына үндеді

Салауатты өмір салтына үндеді

08.03.2025

Қайрат Ералиев

Қайрат Ералиев Қызылжар станциясының тумасы. Оның осы кәсіпті таңдауына әкесінің ықпалы мол болыпты. Амангелді ақсақал теміржол саласының ардагері. Қызылжар станциясында ұзақ жыл қозғалыс қызметінде еңбек етіп, қазір бейнетінің зейнетін көріп отыр. Алматы теміржол институтын 1991 жылы тәмамдағаннан бергі уақыттағы ғұмыры осы саламен байланысқан Қайрат Ералиевтің омырауында ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» төсблегісі жарқырайды. 33 жылдық тәжірибесі бар оны әріптестері «теміржолдың тарланы» деп жатады.

Жүйткіген электровоздың межелі жерге уақытылы жетуінде тоқ желілерінің сапасында мін болмауы атқарылатын жұмыстың басты міндеті деп саналады. Осы тұрғыдан алғанда кәсіпорындағы электрмен қамтамасыз ету бөлімінің атқарар шаруасы қыруар.

Қайрат Түлкібаевтың тізгініндегі бөлімде қазіргі таңда 14 адам жұмыс істейді. 1500 вольттық желілерден ақау шықпауын қамтамасыз етіп отырған олардың жұмыстары қауіп-қатерге толы. Қауіпсіздік ережелерін ескермеген жағдайда қандай қауіптің орын алуы мүмкін екенін жігіттер жақсы түсінеді. Қайрат Жүрсінұлы – теміржол саласында 35 жылдық тәжірибесі бар зор тәжірибелі маман.

Қайрат Түлкібваев

– Теміржол саласының құрылымында маңызға ие бағыттардың бірі – электр желілерін тұрақты түрде тоқпен қамтамасыз ету. Негізгі мамандығыма сай, электрмен қамтудағы тәжірибемді жастарға үйретіп келемін. Осында алғаш келген жылдарда аға буыннан жинақтағандарымды кейінгілер өз жұмысында пайдалануда. Соңғы 10 жылдың көлемінде бұл салаға жастардың келуі қуантуда. Бірнеше жас буынның кәсіби маман болып қалыптасуына үлес қостым. Өзім мақтан етіп айтып жүрген Олег Чернявский қазір бөлімдегі білікті электрмонтер, – дейді Қайрат Жүрсінұлы.

Қайрат Түлкібаев теміржолшылар әулетінің өкілі. Ағасы Ибрагим Исабайұлы вагон қараушыдан, шебер дәрежесіне көтерілген. Зейнетке шыққан соң да еңбектен қол үзбей бірнеше жыл кәсіпорын базасынан жас мамандарға кәсіби бағдар бойынша сабақ беру кабинетін ұйымдастырды. Інілері Аман мен Нұржан да осы кәсіпорыннан қанаттанды. Қайрат Жүрсінұлының саладағы еңбегін бағалаған «КәсіпҚорған» кәсіподағы 2022 жылы «Кәсіподақтың Құрметті қайраткері» төсбелгісімен марапаттады.

Өнімді еңбек, табысқа деген ұмтылыстың табы сезілетін «Транко Жез» ЖШС-ндегі Қуандық Тлеубаевтың жол қашықтығы бөлімі станциялар арасындағы жолдардың сапасына тікелей жауапты. Бұл бөлімге 5 станция қарайды. 19 жылдық тәжірибесі бар Қуандық Жолдыбекұлының қарамағында 80 адам еңбек етуде. Жол жөндеушілер бригадасының тынымсыз қызметінің арқасында теміржол желісінде жүк тасымалында тоқтау жоқ.

– «Саусақ бірікпей, ине ілікпейді» дейді халқымыз. Тасымалды ұйымдастыру жұмыстарында біздің ұжымның ауызбіршілігі арқасында межелі міндеттерге жетіп отырмыз. Бірлік бар жерде табыс бар екендігін жігіттер жақсы біледі. Ешқайсын бөліп жаратыны жоқ, бәрі өз шаруашылығына мығым, – дейді бөлім басшысы.

Қуандық  Тлеубаев

«Медный» станциясындағы жол жөндеушілер бригадасының жетекшісі Серікбай Сейтовтің саладағы еңбек өтілі 18 жылды құрайды. Жол жөндеу жұмыстарын уақытылы әрі сапалы орындауда Сейтов бригадасы үнемі алдыңғы қатардан көрініп келеді. Он жігіттен құралған ұжымның шаруасы басшылық тарапынан оң бағасын алып келеді. Серікбай Сейтовтің тәлімінен өткен Руслан Жүкенов, Серікбол Боранқұл мен Шыңғыс Тілеубергенов кәсіби тұрғыда шыңдалған мамандар.

Серікбай Сейітов

Сейтов бригадасында екпінді еңбектің үлгісін көрсетіп жүрген жол жөндеушілер қатарында Руслан Әлкебаевтың есімі әріптестерінің арасында құрметпен аталады. 15 жылдық тәжірибесі бар Руслан Бимендеұлы Қайрат Тлеубаевтің, Серікбай Сейтовтің мектебінде шыңдалды. Кәсіби тұрғыда тәжірибесі толысқан Руслан Әлкебаев еңбегімен елеулі азамат атанды.

Руслан Әлкебаев

Теміржол саласына келгеніне небары 7 ай толған жол жөндеуші Руслан Жакеновтің өз кәсібіне деген ынтасы мен ұмтылысы басшылық пен әріптестерін тәнті етіп келеді. Жас болса да шаруаны тыңғылықты атқарып жүрген Русланнан күтер үміт әлі алда.

Руслан Жакенов

Тасымал қарқынының толассыз жүруінде теміржол саласынан ойып тұрып орын алған «Транко Жез» ЖШС кәсіпорнының теміржолшылары өздерінің кәсіби мерекелеріне осындай табыспен жетуде. Қаншама қашықтықтан тасымалданатын жүктердің межелі уақытта діттеген жеріне дін-аман баруында ұжымның жұмыла атқарған шаруасы жатқанын ұмытпаған абзал.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ. 

 

 

Бөлісу32Твитерге20
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
Мемлекет тірегі – тәртіп

Мемлекет тірегі – тәртіп

30.05.2025
Балалардың денсаулығы – назарда

Балалардың денсаулығы – назарда

30.05.2025
Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

30.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру