Жұма, 9 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Құмсағат

Тағдыр тәлкегі

05.08.2024
- Құмсағат
0
Тағдыр тәлкегі
82
БӨЛІСТІ
228
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

(Жалғасы. Басы газетіміздің өткен сандарында).

 Жанар медбибілер бөлмесіне келіп, орнына жайғаса бергені сол еді қабылдау бөліміндегі медбибі жүгіріп келді.

– Жанар, пышақталған ер адамды жеткізді. Жағдайы ауыр. Хирург операция бөлмесінде, саған тез жетсін деп жатыр. Ассистент боласың.

Жанар бөлмеден шыққанда каталкаға салған пациентті операция бөлмесіне қарай алып бара жатыр екен. Жанар қатарласа беріп медбибінің қолындағы зертхананың сараптамасын алып қарай бастады.

Сондай-ақ оқыңыз

Тағдыр тәлкегі

Тағдыр тәлкегі

16.08.2024
«Климаттық кезбе»

«Климаттық кезбе»

05.08.2024

– Жағдайыңыз қалай? – деді ол қағаздан көз алмаған күйі. Содан кейін барып жаралыға қарады. Жанардың қолындағы қағаздары жерге түсіп кете жаздады. Оның көз алдында, каталкада күйеуі Мұрат жатыр еді. Ол да бұған қарап қалыпты.

– Мұрат!!!

Пациент басын шайқаған күйі жанарын тайдырып, жүзін бұрып алды.

Жанардың жан дүниесі астаң-кестең болып кетті.

– Бұл не өзі. Түсінсем бұйырмасын! Мұрат, бұл сен бе?! Мүмкін емес, сен қайтыс болдың емес пе?..

– Кешіріңіз. Сіз мені біреумен шатастырып тұрсыз…

Жаралы кісі қинала жауап қатты. Жанар әлі сенер емес. «Есім ауысқаннан саумын ба?» деген ой келді Жанарға бір сәт. Енді қайтсын. Көз алдында бір кездері өзі жан-тәнімен сүйген күйеуі – Мұрат жатыр. Бірақ ол «Мен мұрат емеспін» деп әлек.

– Қан қысымы төмендеп барады. Көп қан жоғалтқан. Тездету керек, – деді жанындағылар. Жанар да өз-өзіне келіп, киім ауыстыратын бөлмеге кіріп кетті.

***

Жанар операция үстінде ештеңе ойламауға тырысты. Хирургтің тапсырмаларын қалт жібермей, мүлтіксіз орындап тұрды. Бәрі біткеннен кейін ғана пациентті барлай қарады. Сол. Мұрат. Оны танымауы мүмкін емес. Қаншама күндер, айлар бойы көз алдында көлбеңдеп кетпей қойған бейнені қалай танымасын. Арада бес жыл өтсе де ұмыта алмаған адамы емес пе. Сонда бұл өзі қалай болғаны. Санасына ештеңе кіріп-шығар емес.

Құжаты басқа болса да бұл үшін – Мұрат болған кісіні жансақтау бөлмесіне алып кетті. Жанар операция бөлмесінен сең соққан балықтай есеңгіреп шықты.

– Кешіріңіз, менің күйеуімнің жағдайы қалай. Бәрі ойдағыдай өтті ме?!

Жарықшақтана шыққан дауыстан селт ете қалған Жанар оң жақ қапталында тұрған жас келіншекті енді байқады. Тұла бойынан тоқ жүріп өткендей дір ете қалды. Алдында өзінің кешегі жан құрбысы Жадыра тұр еді. Иә, кәдімгі араларынан қыл өтпестей дос болған, кейін із-түзсіз жоғалып кеткен құрбысы – Жадыра.

Жадыра да Жанарды бірден таныды. Кездейсоқ кездесуден бе, әлде басқа бір нәрсе әсер етті ме, жүзі бозғыл тартқан Жадыра кейін шегіншектей берді.

– Жадыра! Бұл сенбісің?!

– Жанар, сен осы ауруханада істейтін бе едің? Мен білмеппін…

Дауысы біртүрлі, қарлығыңқы шыққан Жадыра Жанарға жасқана қарады.

– Сен операцияға қатыстың ба, қалай өтті?

– Мен… Бұл, шынымен Мұрат қой иә? Түк түсінсем бұйырмасын…

– Кешір, Жанар. Бәрі шым-шытырық болып кетті. Бұлай болады деп ойламап едік… Жанар, уақытың болса отырып әңгімелессек. Менің осы тұрғанда құр сүлдем ғана…

– Иә, әңгімелесу керек. Сендер маған көп нәрсені түсіндірулерің керек…

Жанар біртіндеп өз-өзіне келе бастады. Осы кезде дәліздің келесі басынан Сағынбай көрінді. Жанар қуанып кетті. Демеу болатын бір жан табылғанына қуанды.

– Сағынбай аға, уақытыңыз болса біздің әңгімемізге ортақтассаңыз деп едім. Жалғыз өзім есім ауып қалатын сияқты болып тұрмын.

Екі келіншектің бір-біріне қарасынан үлкен бір сырды ұққан Сағынбай әңгіменің тегін емес екенін түсінді.

– Әрине. Қаласаңыздар біздің бөлмеге барайық. Ол жерде сіздерге ешкім бөгет болмайды.

Солай деді де Сағынбай екі келіншекті күзетшілер отыратын бөлмеге қарай бастады. Шағын бөлме мұнтаздай таза екен. Басы артық ештеңе жоқ. Үшеуі шағын үстелге айнала қойылған орындықтарға келіп жайғасты.

– Жанар, сіздің жүзіңіз біртүрлі солғын тартып тұр екен, мүмкін бір стақан су ішерсіз, – деп Сағынбай су құйып ұсынды. Жанар қарсы болған жоқ. Стақан суды ішіп отырып Жадыраға назарын аударды. Сағынбай өзіне тақау қойылған шәйнекті тоққа қосты. Бөлме ішінде шәйнектің шуылы ғана естіліп тұрды.

– Ал, баста әңгімеңді, – деді Жанар құрбысына қарап.

Жадыра қолындағы бет орамалын умаждап бір сәт отырды да әңгіме тиегін ағытты.

***

Жанар мен Мұрат үйленіп, отау құрғаннан кейін Жадыра өзін бұл қалада артық адам сезінді. Сүйетін жігіті басқа адаммен отасып, бақытты отбасы болып жүргенін сырттай көргеннен ауыр тағдыр жоқ екенін ұқты. Сөйтті де пәтерін жалға беріп, өзі басқа қалаға кетіп қалған еді. Жеті жыл жырақта жүрсе де Мұратты ұмыта алмады. Ақыры туған жерге қайта оралған болатын. Бұл келгенде Жанар екі егіз ұл туғанын естіді. Іші қыж-қыж қайнады. Мұрат енді өлсе де одан айырылмасын сезді. Бірақ, еркек біткеннің өзгені өз әйелінен артық көріп тұратын көрсеқызарлығы Мұратты да жеңді. Оның үстіне Жадыраның өзін бұрыннан сүйетінін, құлын мүшесінің әлі бұзылмағаны оны еріксіз баурап алды. Әуелде екеуі сырттай кездесіп жүрді. Бұл әрекет бара-бара шырмап алды екеуін. Бірін-бірі бір сәт көрмесе сағынып тұратын жағдайға жетті.Оның соңы үлкен жоспарға ұласты…

Ізтай БЕЛГІБАЙҰЛЫ.
(Жалғасы бар).

 

Бөлісу33Твитерге21
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы 2025 жылы 2,8 мың жас маманды тұрғын үймен қамтамасыз етеді

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы 2025 жылы 2,8 мың жас маманды тұрғын үймен қамтамасыз етеді

04.05.2025
Ірі сауда желілеріндегі ассортименттің 60%-ы отандық тауар

Ірі сауда желілеріндегі ассортименттің 60%-ы отандық тауар

04.05.2025
​Кәсіпкердің бірыңғай жеке кабинеті: бизнеске арналған цифрлы сервистің жоғары деңгейі

​Кәсіпкердің бірыңғай жеке кабинеті: бизнеске арналған цифрлы сервистің жоғары деңгейі

04.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру