Сейсенбі, 3 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Топжарған

Табысы тасып, тасы өрге өрмелеген

28 тамыз – Кенші мен байытушы күні

26.08.2022
- Топжарған
0
Сала саңлақтары
107
БӨЛІСТІ
297
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Елімізде мыс өндіру бойынша көшбасшы саналатын Қазақмыс компаниясының кен өндіру мен байыту саласындағы толайым табысына негіз болып отырған құрылымдардың бірқатары Қарағанды өндірістік аймағында шоғырланған. Солардың бірі «Нұрқазған» байыту фабрикасы.

Бұл өндіріс ошағы  «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС  «Қарағандытүстімет» ӨБ«Нұрқазған» кенішінің жер асты  мыс-сульфидті кендерін қайта өңдеу мақсатында 2007 жылы іске қосылды.

Бүгінгі күнде фабрикада 530 адам еңбек етуде. Оның құрамында ұсақтау кешені, бас корпус, қойма шаруашылығы, «Кенді тиеу», сорғы қондырғыларына қызмет көрсету және жөндеу телімдері, ӘҚҚ және АТҚ қызметі, электр қосалқы станциясының қызметі бар. Фабриканың қазіргі күндегі өнім көлемі толық жобалық қуаттылыққа шыққандағы жыл сайынғы кенді өңдеу 3,65 млн тонна шикізатты құрайды. Жалпы алғандағ қазіргі таңда «Нұрқазған» байыту фабрикасының табыспен тасы өрге домалап тұр.

Руслан  Скендіров басшылық жасайтын өндіріс ошағында кен байытудың заманауи технологиялары қолданысқа енгізіліп, фабрика соңғы үлгідегі жабдықтармен қамтылған.  Кәсіпорынның қуатты әрі тұрақты жұмыс жасауында қарапайым еңбек адамының атқарып отырған жұмысы маңызды. Сала майталмандары ретінде танылған  екінші және үшінші дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгілерінің  иегері, бас корпустың фолтаторшысы Алтынай Жаңағұлова,  үшінші дәрежелі «Еңбек даңқы» төсблегісігнің иегерлері –  ұсатқау кешенінің басшысы  осы кешеннің Нұрзада Мұрсалов, конвейер машинисі  Татьяна Афонина, аталмыш кешеннің слесарь-жөндеушісі Төлеубай Бердалин, өндірістік-техникалық бөлімнің басшысы Қайрат Аппасов, бас корпустың слесарь-жөндеушісі  Мәулен Қоныспаев еселі еңбектерімен фабриканың табысын тасқындатып келеді.

Фабрикада  бас корпустың алар орны айрықша. Жандос Сембин басшылық жасайтын цех Кең қазбаларын байыту арқылы мыстың концентратын жоғары сапада алуды көздейді. Мұнда қазіргі таңда 109 адам еңбек көрігін қыздыруда. Жандос Жангелдіұлыны айтуынша,  айлық жоспардан тыс, өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері бойынша нәтижелі жұмыстар жүзеге асып келеді.

Сондай-ақ оқыңыз

Ел үшін туған азамат

Ел үшін туған азамат

25.04.2025
Қауіпсіздікке қалқан болғандар

Қауіпсіздікке қалқан болғандар

29.11.2024

– Біздің негізгі мақсатымыз кен байытудан бөлек, өндіріс орында еңбек қауіпсіздігі саясатын жүзеге асыру болып табылады.  Өйткені, әрбір еңбеккердің жұмыс орнынан үйіне аман-сау қайтуы біз үшін маңызды, – дейді цех басшысы.

Жандос Жангелдіұлы «Нұрқазған» байыту фабрикасында 2009 жылдан бастап жұмыс істейді. Өзінің еңбек жолын бас корпустың реагенттер еріткішінен бастаған. Қауіпсіздіктің мінез-құлық аудитін, бақылау-профилактикалық жұмыстарын сапалы талдауды жүргізеді, сондай-ақ анықталған тәуекелдерді  «тәуекелдер тізіліміне» уақтылы енгізуге жауапты маман. Өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі барлық ережелер мен нұсқаулықтарды  басшылыққа алатын Жандос Сембин қауіпсіздік техникасы және өндірістегі тәуекелдерді төмендету бойынша іс-шараларды енгізу процесін ұйымдастыруға және іске асыруға белсенді қатысады. Бүгінгі таңда ол жоғары өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізуге үлкен үлес қосады, еңбек ұжымында үлкен құрмет пен беделге ие.

Цехта өз ісіне деген жауапкершілікпен құрметке кенеліп жүрген еңбеккерлер қатарында диірмен машинистері Бауыржан Сүйіндіков, Қалдыбек Қосбармақов, флотаторшылар Зағипа  Жұмаділлаева, Алтынай Жаңағұлова,  Айман Жолдасова, слесарь-жөндеушілер Аманбек  Хажбай, электрмонтер Бағдат Әуезханов сынды еңбек озаттары бар.

Суретте: Жандос Сембин, бас корпустың басшысы.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

Бөлісу43Твитерге27
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
Мемлекет тірегі – тәртіп

Мемлекет тірегі – тәртіп

30.05.2025
Балалардың денсаулығы – назарда

Балалардың денсаулығы – назарда

30.05.2025
Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

30.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру