Жұма, 18 Шілде , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Өндіріс өрісі

Табыстың кілті – еңбекте

30.09.2022
- Өндіріс өрісі
0
Табыстың кілті – еңбекте
92
БӨЛІСТІ
255
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Қойнауына құт дарыған қазақтың дархан даласындағы кен көздерін ашып, оны игілікке жаратып отырған «Қазақмыс» корпорациясының өндірістік алаңдардағы құрылымдарының қатарында «Нұрқазған» кенішінің кен өндіру көлемі жыл сайын ұлғайып келеді. Бұл кеніштің болашағының жарқын екендігін аңғартады. 

Бұл жетістікке кеніш ұжымы өндірісте жаңа техникалар мен қарапайым еңбек адамының өз кәсібіне деген адалдығының арқасында жетіп отыр.  «Нұрқазғанға» сапарымыз барысында 700 метрлік тереңдікке бойлайтын шахтаға түстік. Кеніштің бас инженері Төлеген Құлашев, «КәсіпҚорған» кәсіподағы комитетінің төрағасы Айбын Арынғазинов кен қопарған кеншілер қауымымен жүздестірді.  Біздің шахтада жүздескен ұжымымыздың бірі – дизель телімі болды.

Жер астында өндірілетін кен жыныстарын тиеу, жеткізу жұмыстарымен айналысатын телімде 50-ден аса адам еңбек ететі. Телім аумағына таяна бергенде өздігінен жүретін жер асты машиналары мен тиеу, жеткізу техникаларының тынымсыз жұмыс үдерісіне дайындалып жатқандығын көз шалды.

               Дизельдік телім еңбеккерлері  кеніштің бас инженері Төлеген Құлашев пен «КәсіпҚорған» кәсіподағы комитетінің төрағасы Айбын Арынғазиновпен бірге.

Сондай-ақ оқыңыз

Кен ұсақтау кешенінің қуаты артуда

Кен ұсақтау кешенінің қуаты артуда

06.12.2024
Кен ұсақтау кешенінің қуаты артуда

Кен ұсақтау кешенінің қуаты артуда

06.12.2024

Нұрлан Мамай басшылық жасайтын телімнің жігіттері сайдың тасындай іріктелген, өндіріске қабілетті азаматтар екендігін аңғару қиын емес. Тәулігіне 40-50 тонна кен тасымалдауға қабілетті техникалардың арқасында телімнің жігіттері табысқа кенеліп отыр.

Телімде жер асты жеткізу техникасын шебер меңгерген Рахат Қазбаевты жолықтырдық. Ол – өндірістік үдерістерді жетік білетін маман. Жұмысты ұйымдастыру, еңбек адамының қауіпсіз жағдайда жұмыс жасап, ауысымнан үйіне аман-сау қайта оралуын, жұмыс орнындағы  қауіпсіздікті қамтамасыз ету, техникалардың кен тасымалын  дер кезінде атқару сынды міндеттерге мұқият Рахат Жұмажанұлы  бұл телімде 2011 жылдан бері еңбек етіп келеді.

– Телім еңбеккерлерінің негізгі міндеті – шахтадан шығатын кендерді уақытылы әрі қауіпсіз жер бетіне тасу әрі жеткізу. Негізгі телімдердің бірі болғандықтан мұнда жұмыс үдерісі тәулік бойына үзілмейді. Тиеу, жеткізу машиналарының біразы жаңа.  Қанат Мырзабаевтың бригадасына топтасқан жігіттердің еңбекке деген құлшынысы табыстың негізі болып отыр. Ауысым шебері Ғалым Наурызбаев телімдегі өндірістік қауіпсіздік талаптарын бақылай отырып, еңбекті сапалы істеуге ұжымды жұмылдырып келеді.

Кен өндіру саласы қылтың-сылтыңды көтермейді. Белгіленген межені қауіпсіз орындау  әрбір жұмысшының міндеті. Сондықтан біздің телімнің жігіттері жауапкершіліктің зор екенін түсінеді, – дейді Рахат Қазбаев.

 

                      Рахат Қазбаев,звеношы.

Рахат Жұмажанұлы бүгінде звеношы. Ол бұл дәрежеге бірден жеткен жоқ. 2011 жылы осында келгенде жұмысшыларды тасымалдауға арналған  «Минкада» жүргізуші болды. Екі жылдан соң жер асты жеткізу машинасының  тізгінін қолға алды. Содан кейін кен тиеу техникасын игерді. Осы он бір жыл ішінде Рахат Қазбаев өзінің мамандығына деген ынтасы мен жауапкершілігінің арқасында көзге түсуде.

«Табыс кілті – еңбекте» дейтін дизельдік телімнің ұжымы алдағы уақытта да  өндірісті өркендете бермек.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

«Мысты өңір».

 

Бөлісу37Твитерге23
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Дулығалы мешіті

Дулығалы мешіті

27.01.2023
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
«Доңғалақ» па,«дөңгелек» пе?

«Доңғалақ» па,«дөңгелек» пе?

26.01.2024
Жыл басынан бері Қазақстан экономикасы 6,2%-ға өсті

Жыл басынан бері Қазақстан экономикасы 6,2%-ға өсті

15.07.2025
Президенттің ел экономикасын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау: Үкімет жарты жылда ЖІӨ-нің 6,2% өсімін қамтамасыз етті

Президенттің ел экономикасын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау: Үкімет жарты жылда ЖІӨ-нің 6,2% өсімін қамтамасыз етті

15.07.2025
Нысандарда болды, тапсырма берді

Нысандарда болды, тапсырма берді

11.07.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру