Сенбі, 21 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Табысты тасқындатқан тарландар

22.07.2022
- Жаңалықтар
0
Табысты тасқындатқан тарландар
77
БӨЛІСТІ
214
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Өндірісті өңірдің күретамырына, экономиикасының негізіне айналған қара және түсті металлургия саласының  озаттарын ұлықтау шарасы мысты шаһарда кең ауқымда өтті.

Кәсіби мерекеде «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС «Жезқазғантүстімет» ӨБ-не қарасты құю-механикалық зауытында өндірістің үздіктерін үкілеу  шарасы түрлі марапаттар тапсырумен астасты.

Жиналған көпшілікті зауыт директоры Ғани Пірекенов құттықтап, әріптестеріне жылы лебізін арнады.

– Алып мыс өндірісін қалыптастырып отырған «Қазақмыс» компаниясының өнімі әлемдік деңгейде сұранысқа ие.  Осы тұста сапалы өнім өндіру ісіне атсалысқан металлургтердің еңбегі орасан зор.  Біздің құю-механикалық зауыты өндірістік жоспарды орындауда әрқашан табысқа қол жеткізіп келеді. Бұл еңбек ұжымының бірлігінің арқасы. Мен сіздерді мақтан тұтамын, – деді Ғани Елубайұлы.

Мұнан соң «Amanat» партиясының «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС жанындағы Қарағанды филиалының өкілі Әлия Өксікбаева сөз алып,  бір топ еңбек озатын марапаттады.

Сондай-ақ оқыңыз

Ұлытау төрінде «Көкмайса-2025» фестивалі өтті

Ұлытау төрінде «Көкмайса-2025» фестивалі өтті

20.06.2025
Әлемдегі тау-кен мектебі облыста филиалын ашады

Әлемдегі тау-кен мектебі облыста филиалын ашады

20.06.2025

Металлургтердің өндірістегі қолдаушысына айналған «КәсіпҚорған» кәсіподағы  Жезқазған филиалының төрағасы Ақылбек Төлепбергенов:

– Аймақ өндірісінде өзіндік орны бар, шежірелі тарихы қалыптасқан  құю-механикалық зауыты – табыстың тайқазанын тасытып отырған кәсіпорын. Біз Сіздердің  ерен еңбектеріңізді әрқашан қолдаймыз, – дей келіп,  өндіріс озаты Болат Наурызбаевқа бірінші дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісін тапсырды. Сонымен қатар Ақылбек Төлепбергенұлы кәсіподақ төрағасы Ерболат Сатыбалдиннің Құрмет грамотасымен  Айгүл Карбозованы марапаттады. Филиал төрағасының Құрмет грамотасына  Ғазиз Пірекенов, Данияр Зиядан, Бауыржан Мизамбаев ие болды.

Зауыттағы кәсіподақ комитетінің төрағасы Асқар Құлмағамбетов комитет атынан 15 жұмысшыны марапаттады.

Құю-механикалық зауытындағы «JastarBolashaq» жастар одағының төрағасы Уәлихан Елемесов әріптестеріне жылы лебізін арнай келіп,   Ерғали Әбітай, Ербол Орынбаев, Досбол Спатаев, Медиғат Жамалов,  Сұлтанов Жиенбек сынды  жастарға  марапаттар тапсырды.

Осы орайда айта кетейік, дүйсенбі күні зауыттың озат еңбеккері  Еркін Ертісбаев үшінші дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісіне ие  болса, Ильшат Вильдановке Кен өндірісі және тау-кен металлургия кәсіпорындары Ассоциациясының Құрмет грамотасы  тапсырылды.

Табысты тасқындатқан тарландарға марапаттарыңыз құтты болсын демекпіз.

Бағдат АЙТӨРЕҰЛЫ.

 

Бөлісу31Твитерге19
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Шолпан шапағы

Шолпан шапағы

13.06.2025
«Комсомол»  колхозы

«Комсомол» колхозы

28.03.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
Ұлытау төрінде «Көкмайса-2025» фестивалі өтті

Ұлытау төрінде «Көкмайса-2025» фестивалі өтті

20.06.2025
«Қазақмыс» Бағдар: Еңбек қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

«Қазақмыс» Бағдар: Еңбек қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

20.06.2025
Әлемдегі тау-кен мектебі облыста филиалын ашады

Әлемдегі тау-кен мектебі облыста филиалын ашады

20.06.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру