Сенбі, 15 Тамыз , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Табиғат жанашырларының еңбегі – болашаққа аманат

05.09.2025
- Жаңалықтар
0
Табиғат жанашырларының еңбегі – болашаққа аманат
80
БӨЛІСТІ
221
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Қыркүйектің алғашқы жексенбісі – көпшілікке беймәлімдеу болғанымен, ел үшін ерекше мәні бар күн. Бұл – Аңшылық шаруашылығы жұмыскерлерінің күні. Атаулы күн табиғатты аялауға, аң-құсты қорғауға, даланың сәні болған жануарлар дүниесін сақтауға атсалысып жүрген азаматтардың еңбегін бағалауға арналған.

«Жезқазған қаласы аңшылар мен балықшылар қоғамы» қоғамдық бірлестігі төрағасы Ермек Құрманбаев.

Қазақ халқы ежелден табиғатпен етене өмір сүріп, аң-құсқа құрметпен қараған. Саятшылық, тазы жүгірту, құсбегілік – ұлттың рухани болмысының айнасы. Бірақ ол дәстүр ешқашан табиғатты жою емес, керісінше, табиғатпен үйлесімді өмір сүруді көздеген. Бүгінде сол асыл мұраны жаңа заманға бейімдеп жалғап жүргендер – аңшылық шаруашылығы саласының мамандары. Кәсіби мереке қарсаңында біз «Жезқазған қаласы аңшылар мен балықшылар қоғамы» қоғамдық бірлестігіне хабарласып, құзырлы мекеменің жұмысымен жақынырақ танысқан едік.

– Жезқазған өңіріндегі аңшылар мен балықшылар қоғамы жыл сайын табиғатты қорғау бағытында ауқымды жұмыстар атқарып келеді. Олардың міндеті тек аңшылықты ұйымдастыру емес, ең әуелі жануарлар әлемін сақтау, табиғи тепе-теңдікті қорғау.

Қоғам мүшелері Кеңгір су қоймасы мен маңайдағы табиғи аумақтарды қоқыстан тазалау сенбіліктерін дәстүрге айналдырған. Сондай-ақ мектеп оқушыларымен кездесулер өткізіп, жастарды табиғатты аялауға шақырады. Бұл – болашақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға қосылған үлес, – деді аталмыш қоғамның басқарма төрағасы Ермек Құрманбаев.

Төрағаның айтуынша, қоғам мүшелері өңірде табиғат пен оның аң-құстарына қастандық жасаушылармен де аяусыз күресіп келеді.

– Заңсыз аң аулау – табиғатқа жасалған қастандық. Сондықтан қоғам қорықшылары күн сайын рейдтер ұйымдастырады. Тек биылдың өзінде отызға жуық заң бұзушылық анықталып, айыппұл салынды. Мұндай қатаң бақылау болмаса, жануарлар әлеміне орны толмас зиян келері анық, – деді ол.

Әңгіме барысында біз дәстүрлі аңшылық пен қазіргі аңшылықтың арасындағы байланыс пен алшақтық жайлы да сөз қозғадық.

– Қазақтың дәстүрлі аңшылық өнері – ел тарихының айнасы. Құсбегілік, тазы жүгірту – өнер мен тәрбие мектебі. Ал қазіргі аңшылық заңмен реттеледі: белгілі бір маусымда ғана рұқсат беріліп, қатаң тәртіп сақталады. Екі кезеңді жалғап тұрған ортақ ұғым – табиғатқа құрмет, – деді басқарма төрағасы.

Қоғамның басты мақсатының бірі – жастарды табиғат жанашыры етіп тәрбиелеу. Оларды сенбіліктерге тарту, экологиялық шараларға қатыстыру – жас буынның бойында туған жерге сүйіспеншілікті қалыптастырады. Өйткені табиғатты қорғау – тек мамандардың ғана емес, әрбір азаматтың борышы.

– Табиғатты қорғау – ұрпақ алдындағы қасиетті парыз. Аңшылық шаруашылығы жұмыскерлерінің еңбегі – сырт көзге көп байқалмаса да, елдің ертеңгі экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Олар табиғаттың қазынасын бүгінгі күнмен ғана емес, болашақпен де байланыстыра қарайды, – деді Ермек Құрманбаев әңгіме барысында.

Аңшылық шаруашылығы жұмыскерлерінің күні – табиғатқа деген сүйіспеншілікті паш ететін, бабалар аманатын бүгінгі ұрпаққа жеткізетін мереке. Күнделікті қарбаласта біз көбіне табиғаттың үнін естуден, даланың тынысын сезінуден қалып барамыз. Ал шындығында, көк майса мен жануарлар дүниесі – біздің болашағымыздың кепілі.

Тақырыпты тұздықтау

  • Аңшылық шаруашылығы жұмыскерлерінің кәсіби мерекесі қыркүйектің алғашқы жексенбісінде атап өтіледі.
  • Бұл күн – жануарлар дүниесін сақтау мен табиғатты қорғауға үлес қосып жүрген мамандардың еңбегін ұлықтау мақсатында белгіленген.
  • Қазақстанда 300-ден астам аңшылық шаруашылығы бар, олардың басты міндеті – жануарлар популяциясын сақтау және экологиялық тепе-теңдікті қорғау.

Анықтама үшін ақпарат:

  • Жезқазған өңірінде жыл сайын ондаған рейд жүргізіліп, браконьерлікке қарсы шаралар атқарылады.
  • Соңғы жылы 30-ға жуық заңсыз аң аулау дерегі тіркеліп, айыппұлдар салынған.
  • Қоғам мүшелері жыл сайын Кеңгір су қоймасының жағалауын қоқыстан тазалау акциясын өткізеді.
  • Жастарды табиғат қорғауға тарту мақсатында мектептерде кездесулер мен сенбіліктер ұйымдастырылады.

Ізтай Белгібайұлы

Бөлісу32Твитерге20

Көп қаралған

  • «Eco Life: Таза Қазақстан – жастар таңдауы»

    «Eco Life: Таза Қазақстан – жастар таңдауы»

    67 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Жеңіс туын желбіретті

    92 бөлісті
    Бөлісу 37 Твитерге 23
  • 🌊 БЕЗОПАСНОСТЬ НА ВОДЕ — ОТВЕТСТВЕННОСТЬ КАЖДОГО

    66 бөлісті
    Бөлісу 26 Твитерге 17
  • 🌊 СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК — ӘРКІМНІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

    66 бөлісті
    Бөлісу 26 Твитерге 17
  • Ұлытаудан шыққан рухани шипагер

    185 бөлісті
    Бөлісу 74 Твитерге 46
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру