Бейсенбі, 17 Шілде , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Сүт өнімін өндірудің үздігі

24.01.2025
- Жаңалықтар
0
Сүт өнімін өндірудің үздігі
77
БӨЛІСТІ
213
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Жаңаарқа ауданының тұрғыны Ғалия Отарбаева «Ауыл аманаты» ұлттық жобасының 2024 жылғы үздік қатысушысы атанды. Ол осы жобаның Қызылорда облысында өткен қорытынды жиынында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенованың қолынан «Үздік сүт өнімі» номинациясының жеңімпазы дипломын алып, мерейге бөленді.

Үкіметтің «Ауыл аманаты» бағдарламасы кәсіпке бет бұрып, шаруасын дөңгелетем деген ауыл тұрғындарына аса қолайлы болуда. Мәселен, жоба іске қосылғаннан бері 16 мыңға жуық ауыл тұрғыны жеке кәсібін бастау үшін 2,5 % жеңілдікпен шағын несие алған. Сонымен қатар бұл 17 мыңдай жұмыс орнын құруға мүмкіндік беріпті. Ғалия да осы жобаның игілігіне қол жеткізіп отырған ауыл тұрғындарының бірі.

Жаңаарқа ауданының Бидайық ауылында тұратын ол өткен жылы осы бағдарлама бойынша құжаттарын рәсімдеп, үйін кепілдікке қойып 2,5 пайызбен 9,2 млн. теңге несие алған болатын. Осы қаржыға 30 бас құнажын сиыр, 10 тонна шөп сатып алып кәсібінің аясын кеңейте түсті. Сиырларын бұзаулатып, жаз бойы сауынмен айналысты. Сүтті көпшілік қолды өнімге айналдыра білді. Айран, қаймақ, сарымай, ақ ірімшік, сары ірімшік, кепкен құрт, сүзбе, сыр өнімдерін жасап, пайдасын көрді.

Ауылда туып-өскен Ғалия Амантайқызы мал шаруашылығы кәсібімен бұған дейін де айналысып келген еді. Ол есеп-кредиттік техникумды бітірген соң Қарағанды қаласындағы банкілердің бірінде екі жылдай экономист болып еңбек жолын бастағанымен, көңілі ауылға оралуды қалады.

Сөйтіп, 1994 жылы туған ауылы «Ақтау» кеңшарының Райс бөлімшесіндегі ата-енесінің қолына отбасымен көшіп келді. Осы кезеңде ауыл шаруашылығындағы жаппай жекешелендіру науқанына бетбұрыс басталған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз

Жыл басынан бері Қазақстан экономикасы 6,2%-ға өсті

Жыл басынан бері Қазақстан экономикасы 6,2%-ға өсті

15.07.2025
Президенттің ел экономикасын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау: Үкімет жарты жылда ЖІӨ-нің 6,2% өсімін қамтамасыз етті

Президенттің ел экономикасын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау: Үкімет жарты жылда ЖІӨ-нің 6,2% өсімін қамтамасыз етті

15.07.2025

Нарықтық қатынас көшіне ілесіп бұлар да отбасылық жеке шаруашылық құрды. Шаруа қожалығының ісіне біраз ысылған кездерінде аудан орталығына жақын жерде орналасқан Бидайық ауылына қоныс аударды. Ғалия 1998 жылдан бастап сауған сүтінен өндірген қаймақ, май, ірімшік сияқты өнімдерін қалаға апарып сатумен айналысты. Кәсібінің аясын кеңейтуді көздеп 2000 жылы ауыл тұсынан өтетін Қызылорда – Павлодар автожолының бойынан үй салып, сол жерден сүт өнімдерін сатуды жолға қоя бастады. «Бірлескен істе береке бар» демекші, жолдасы Сәрсенбектің ауыл шаруашылығы саласының маманы болуы да көп көмегін тигізді.

Бүгінде кәсібін нәсібіне айналдырған кәсіпкер Ғалия Отарбаеваның сүт өнімдері аудан тұрғындарымен қатар, олай-бұлай өткен жолаушыларға да жақсы таныс. Сапалы табиғи өнімдерді қолайлы көретін адамдар оның құтты мекеніне жиі соғып тұрады. Адал еңбегінің игілігін көріп отырған еңбекқор ана енді «Ауыл аманаты» бағдарламасының арқасында шаруашылығын одан әрі дамыта түсетін болды.

Амандық РАХҰЛЫ.

Бөлісу31Твитерге19
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Дулығалы мешіті

Дулығалы мешіті

27.01.2023
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
«Доңғалақ» па,«дөңгелек» пе?

«Доңғалақ» па,«дөңгелек» пе?

26.01.2024
Жыл басынан бері Қазақстан экономикасы 6,2%-ға өсті

Жыл басынан бері Қазақстан экономикасы 6,2%-ға өсті

15.07.2025
Президенттің ел экономикасын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау: Үкімет жарты жылда ЖІӨ-нің 6,2% өсімін қамтамасыз етті

Президенттің ел экономикасын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау: Үкімет жарты жылда ЖІӨ-нің 6,2% өсімін қамтамасыз етті

15.07.2025
Нысандарда болды, тапсырма берді

Нысандарда болды, тапсырма берді

11.07.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру