Сейсенбі, 16 Желтоқсан , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Спортты дамытудың мүмкіндігі мол

28.11.2025
- Жаңалықтар
0
Спортты дамытудың мүмкіндігі мол
67
БӨЛІСТІ
185
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Ұлытау облысы құрылғаннан бері өңірде спортты дамытудың жаңа мүмкіндіктері ашылуда. Облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Марат АЙДАШЕВПЕН әңгіме барысында осыған көзіміз айқын жете түсті. Осы саланы басқару тізгінін үстіміздегі жылдың басында қолға алған Марат Сұлтанбекұлын спорттың өз адамы десек болады. Павлодар педагогикалық институтын денешынықтыру мұғалімі мамандығы бойынша бітірген ол еңбек жолын 1992 жылы сол қаладағы «Батыр» арнайы олимпиадалық резервтегі жасөспірімдер спорт мектебінің дзюдо бойынша жаттықтырушысы болып бастаған еді. Одан кейін Павлодар облысы әкімдігінде, облыстық туризм, денешынықтыру және спорт басқармасы басшылығында қызмет істеді. Көп жылдар бойы дзюдо күресімен айналысқан ол КСРО кубогының және Азияның чемпионы, Қазақстанның 6 дүркін чемпионы. Ұлытау спортын басқаруға Астанадағы «Жеңіс» дзюдо спорт клубының атқарушы директорлығынан келді.

Марат Сұлтанбекұлы АЙДАШЕВ

– Марат Сұлтанбекұлы, қазақтың қасиетті мекені саналатын Ұлытау өңіріне келіп, бұқараға ортақ саланың тізгінін ұстағаныңызға да жылға жуықтап қалыпты. Жаңа жердегі жұмысыңызды неден бастап жатырсыз? Мемлекет басшысы өткен қыркүйек айындағы Қазақстан халқына Жолдауында бұқаралық спортты дамытуға баса мән беру жайын айтты. Бұл жөнінде жаңа міндеттер жүктелетіні белгілі. Жалпы, облыс бойынша көпшілікті спортпен қамтудың жай-күйі қалай екен?

– Қазіргі уақытта облыста 300 денешынықтыру және спорт ұжымы бар. Статистикалық дерек бойынша оларда 77 943 адам спортпен шұғылдануда. Бұл облыс халқының 35 пайызын қамтиды. Президент атап өткендей, бұқаралық спортты дамыту күн тәртібінен түспейді. Біздің саланың алға қойған жұмыстарын айқындайтын негізгі бағдарламалық құжат «ҚР Денешынықтыру мен спортты дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» болып табылады. Осы тұжырымдамаға сәйкес 2029 жылы денешынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысатын адамдардың үлесін 50 %-ға дейін арттыру көзделуде. Бүгінде 56 мыңнан астам адам олимпиадалық спорт түрлерімен айналысса, олимпиадалық емес спорт түрлерімен 12 мыңға жуық, ұлттық спортпен 6 мыңдай адам айналысуда. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт түрлері де бар.

– Алға қойған міндеттерді ойдағыдай орындауда спорттың материалдық базасы маңызды орын алатыны белгілі ғой. Біздің аудан-қалаларымыздағы жағдай қалай, спорт нысандарының мүмкіндіктері жеткілікті ме?

– Облыста 186 спорттық нысан мен құрылым бар. Атап айтқанда, 11 спорт кешені, 2 спорт сарайы, 64 хоккей корты, 5 жүзу бассейні, 6 стадион, 3 теннис корты, 92 ашық спорт алаңы жұмыс істеп тұр. Облыс орталығындағы ескек есу базасы мен бүгінгі заман талаптарына сай «Жігер» спорттық-сауықтыру кешені басқа жерлерде кездесе бермейді. Жаңадан бой көтерген ескек есу спорт кешені жақында пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, құрылысы жүріп жатқан Жезқазған қаласындағы «СК Намыс» жасөспірімдер спорт академиясы. Жаңаарқа ауданының орталығындағы 210 орындық Денешынықтыру-
сауықтыру кешені, Ұлытау ауданының Жезді кентіндегі 160 орындық Денешынықтыру-сауықтыру кешені осы жылдың аяғына дейін іске қосылады. Былайша айтқанда, өңірде спортты дамытудың мүмкіндіктері жеткілікті.

Спорт нысандарын салу келесі жылы да жалғасады. Жұмыстары басталған Ұлытау ауданындағы 25 метрлік жабық жүзу бассейні, Жезқазған қаласының Талап және Кеңгір ауылдарындағы денешынықтыру-сауықтыру кешендері, Қаражал қаласындағы жабық хоккей корты алдағы жылдың игіліктері деп отырмыз. Сонымен қатар Сәтбаев қаласында спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернат салу, Жезқазған қаласында мұз аренасы мен бассейні бар спорт сарайын салу жоспары бар. Қазірде жобалық-сметалық құжаттамалары дайындалуда.

– Балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту бағытында қандай шаралар атқарылуда?

– Бүгінде облыста ведомстволық бағыныстағы 10 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, 1 жоғары спорт шеберлігі мектебі, 1 денешынықтыру мен спортты дамыту орталығы жұмыс істейді. Бұларда 10200 бала спортпен жүйелі шұғылдануда. Кәсіби «Ұлытау» футбол клубының бар екенін білесіздер. Қазірде балалар арасында футболға қызығушылық арта түсуде. Қалалар мен ауылдарда балалар-жасөспірімдер клубтары құрылған. Облыс бойынша 86 жалпы білім беру мектептері, 14 колледж және 1 жоғары оқу орны бар. Мектептерде 18 800 оқушы, колледждерде 3500 жасөспірім, университетте мыңға жуық студент спорттық секцияларға қатысады.

– Елімізде қазақтың ұлттық спорт түрлері кеңінен өрістеп келе жатқанын көріп жүрміз. Біздің облыста осы сала кенжелеп қалған сияқты. Алдағы уақытта ұлттық спортты дамыту ойлас-
тырылып отыр ма?

– Әрине, бұл бағытта қолға алынып жатқан біраз істер бар. Мәселен, Жаңаарқа ауданында облыстық Ұлттық спорт мектебі ашылды. Балалар мен жасөспірімдерді қамтып отырған мектепте ұлттық спорттың 11 түрі насихатталады. Қазақ күресі, жекпе-жек, тоғызқұмалақ, көкпар, бәйге, теңге ілу, аударыспақ, жамбы ату, дәсүрлі садақ ату, саятшылық және асық ату қанат жайып келеді. Спорттың осы түрлерін таңдаған 1 794 баламен 50 жаттықтырушы-оқытушы жұмыс істейді. Мысалы, биылғы шілде айында Ақтүбек ауылында өткен ауыл спортшыларының ХХІІ спартакиадасында 14 ауылдық округтің спортшылары ұлттық спорттың 11 түрі бойынша сайысқа түсті. Бәсекелі жарысқа ұлттық мектеп түлектері де кеңінен атсалысты. Ұлттық спорт мектебі Жаңаарқаға ғана тән емес, бүкіл облысқа ортақ мектеп болып саналады. Сондықтан да алдағы уақытта ұлттық спортқа бет бұрушылар қатары барлық өңірде көбейе түсеріне сенім мол.

– Облыста спорт шеберлерін, чемпиондарды тәрбиелеп шығаратын ірі жарыстар өткізіле ме?

– Жалпы, салауатты өмір салтын насихаттау және бұқаралық спортты дамыту мақсатында облыс қалалары мен аудандарында әртүрлі спорт түрлері бойынша спартакиадалар, турнирлер, біріншіліктер өткізіліп тұрады. Мәселен, өткен жылы республикалық деңгейде – 13, облыстық – 79, аудан-қалаларда 119 іс-шара өткізілген екен. Соның ішінде 102 олимпиадалық, 78 олимпиадалық емес, 62 ұлттық, 2 мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт түрлерін қамтыған жарыстар болды. Осы бағыттағы істер биыл да жалғасын табуда. Жазғы «Шаңырақ» фестивалі, облыс әкімінің жүлдесіне арналған студент жастардың облыстық турнирі ұйымдастырылды. Жасөспірімдер арасында волейболдан Қазақстан чемпионаты өтті.

Жыл аяғына дейін бірталай ірі жарыстар өткізу жоспарланып отыр. Желтоқсанның басында қазақша күрестен Диқанбай Биткөзов атындағы республикалық турнирді өткізуге дайындалып жатырмыз. Өңірімізде осындай жарыстарда шыңдалып, спорттың әр түрінен ел намысын асқақтатып жүрген спортшылар баршылық. Өткен жылдан бергі көрсеткіштеріне көз салсақ, облыс-
тың спортшылары халықаралық, республикалық және облыстық жарыстарда 460 алтын, 425 күміс, 583 қола медаль жеңіп алды. Осы уақыт аралығында 1 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 8 спорт шебері, 344 спорт шеберлігіне кандидат және 96 бірінші разрядты спортшы дайындалды. Үздік спортшыларды ынталандыру мақсатында 116 спортшы мен жаттықтырушыға облыс әкімінің қаулысымен бекітілген ай сайынғы ақшалай жабдықталым төленуде. Айта кетейін, өңірдегі спорт мектептерінде жаттықтырушылар 37 спорт түрі бойынша жастарды баулиды. Барлығы 262 жаттықтырушы еңбек етсе, оның ішіндегі 120 маман штаттағы жаттықтырушылар.

– Марат Сұлтанбекұлы, орайын келтірсе өңірде спортты дамытудың мүмкіндіктері мол екені байқалады. Осы бағыттағы атқарылар істеріңізге сәттілік тілеймін. Сөз соңында көпшілікке айтар тілек бар ма?

– Әрбір адам спортпен айналысуы керек. Спортпен үнемі айналысқан адамның дені сау, көңіл-күйі көтеріңкі, жалпы денсаулығы мықты болады. Сондықтан, спорт сенімді серіктеріңізге айналсын.

Әңгімелескен Амандық РАХҰЛЫ.

Бөлісу27Твитерге17
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Тәуелсіздік күні құтты болсын!

15.12.2023
«Жошы ұлысы » һәм «Алтын орда»

«Жошы ұлысы » һәм «Алтын орда»

16.02.2024
Бас прокуратурада құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмыстық қатерлерді болжау саласындағы цифрлық құралдар таныстырылды

Бас прокуратурада құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмыстық қатерлерді болжау саласындағы цифрлық құралдар таныстырылды

13.12.2025
Маңызды жолды қайта жаңғырту жұмыстарының барысын тексерді

Маңызды жолды қайта жаңғырту жұмыстарының барысын тексерді

12.12.2025
«Қазақмыста» 2025 жылғы еңбек жарысының жеңімпаздары марапатталды

«Қазақмыста» 2025 жылғы еңбек жарысының жеңімпаздары марапатталды

12.12.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру