Жұма, 18 Шілде , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Өндіріс және өмір

Спортта да сыр бермеген жүйріктер

19.07.2024
- Өндіріс және өмір
0
Спортта да сыр бермеген жүйріктер
85
БӨЛІСТІ
236
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

«Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС және Жезқазған мыс қорыту зауытының басшылығы металлургтердің кәсіби мерекесінде спорттың төрт түрінен жарыс ұйымдастырды.

Оның ашылуына Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Бақытжан Жайлаубаев, «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС Бас директоры Жәнібек Байғабелов, сала ардагерлері қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Бір күн бойы Жезқазған қаласындағы спорт сарайын дүбірге бөлеген бәсекеде металлургтер қол күресі, кір тасын көтеру, қазақша күрес және садақ ату сынды спорт түрлерінен бақ сынады. Сайдың тасындай іріктелген зауыт еңбеккерлерінің ептілігіне қарай төрешілер әділ бағасын берді. Спорттың төрт түріне арнайы жүлделер тігілді. Жарыс қорытындысы бойынша қол күресінен І орынды Ерасыл Әмірғали жеңіп алса, ІІ орынды Әсет Әуезов еншіледі. ІІІ орынның жүлдесін Нұрсұлтан Қоныспаев қанжығасына байлады.

Кір тасын көтеруден Роман Пиксайки І орынның тұғырына көтерілсе, ІІ орынның жүлдесіне Әлімжан Нұркамал лайық деп танылды. ІІІ орынмен Ерлан Ыдырыс марапатталды. Қазақша күрестен 80 келі салмақ дәрежесіне дейін І орынды Әнуар Әбдіғалиев жеңіп алса, Мақсат Маханбетовке ІІ орынның жүлдесі бұйырды. ІІІ орынға Марғұлан Әбжан тұрақтады.

Сондай-ақ оқыңыз

Арулар бақ сынады

Арулар бақ сынады

08.03.2025
Салауатты өмір салтына үндеді

Салауатты өмір салтына үндеді

08.03.2025

Түйе балуан атағын сарапқа салғандара арасында І орынның жүлдесін Юсуп Хасанов алса, Мақсат Маханбетов бұл салмақта да ІІ орынға көтерілді. ІІІ орын Арман Аянбаевқа тиесілі деп танылды. Садақ атуда мергендік танытқан Дастан Төлегенов І орынды, Абылай Туғанбай ІІ орынды алды. Алмаз Қасқырбаевтың қанжығасына ІІІ орын бұйырды.

Сондай-ақ, зауыттағы «КәсіпҚорған» кәсіподағы комитетінің төрағасы Ардақ Ақылбекова жарыста ерекше көзге түскен қатысушыларға ұйым тарапынан арнайы номинациялар тапсырды.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

 

Бөлісу34Твитерге21
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Дулығалы мешіті

Дулығалы мешіті

27.01.2023
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
«Доңғалақ» па,«дөңгелек» пе?

«Доңғалақ» па,«дөңгелек» пе?

26.01.2024
Жыл басынан бері Қазақстан экономикасы 6,2%-ға өсті

Жыл басынан бері Қазақстан экономикасы 6,2%-ға өсті

15.07.2025
Президенттің ел экономикасын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау: Үкімет жарты жылда ЖІӨ-нің 6,2% өсімін қамтамасыз етті

Президенттің ел экономикасын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау: Үкімет жарты жылда ЖІӨ-нің 6,2% өсімін қамтамасыз етті

15.07.2025
Нысандарда болды, тапсырма берді

Нысандарда болды, тапсырма берді

11.07.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру