Дүйсенбі, 16 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Соғыс зардабы ұмытылмайды

16.05.2025
- Жаңалықтар
0
Соғыс зардабы ұмытылмайды
67
БӨЛІСТІ
187
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Жеңіс таңы атқалы қанша жыл өтсе де, соғыстың зардабы көп адамның жүрегінде қалып қойды. Ұлы Жеңістің 80 жылдығында ел мен жер үшін жанын пида етіп, туған ошағына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл ел болып еске алуда.

Кеңес Одағының жауды талқандап, Жеңіске жетуіне қазақ халқы да лайықты үлес қосқаны белгілі. Ел ішіндегі ерен еңбектің жөні де ерекше болды. Соғыс ауыртпалығын бастан өткеріп, қиыншылыққа мойымай шаруаларын атқарып, майданға аттанған туған-туысқандарын зарыға күткен сондай елдімекендердің бірі – қияндағы Шеңбер мен Терісаққан ауылдарының тұрғындары болатын. Жаңа құрылып жатқан колхозды ұйымдастырып, көтеру жолындағы іске азаматтары бел шеше кірісе бастағанда соғыс өрті бұрқ ете қалып, ел қорғауға жарамды жандардың барлығы әскер қатарына алынды. Ауыл тіршілігінің ауыртпалығы егде адамдар мен әйелдердің, бала-шағаның мойынына артылды.

Шеңбердің тумасы, марқұм Шоқан Оспанбековтің «Терісаққаның басы – Желдіадыр» деген кітабында сол кездегі ауыл өмірі мен майданға аттанған азаматтардың тағдыры жан-жақты баяндалады. Бас көтерер азаматтар соғысқа кеткен соң колхоз басқармасының төрағасы Рахима Түсіпқызы ауылдың үлкендерін жинап, науқандық шаруашылықтарды жүргізуге кіріседі. «Басбұлақта» және «Қатпада» 20 гектардай жерді жыртып, егін салып, суару үшін Терісаққан өзеніне бөгет салу көпшілік дауыспен Найманбайдың Жұмабегіне жүктеледі. Ол қар еріп, жер беті көксоқталана бастасымен қасына Қараның Қаукелегі, Сұлтанның Әбіші, Төлегеннің Сартайы, Бірахметтің Шермұханбеті, Сабдалының Шәрібі сияқты буыны енді қатайып келе жатқан балалардың оншақтысын ертіп, «Басбұлақтың» тоғанын жөндеуге кіріседі. Ауылдағы үлкен кісілердің басын қосып, бөгет салатын жерді белгілейді. Ертеден жер жағдайын білетін Байсақалдың Мағзұмы, Татайдың Райымбегі, Жақыптың Ондыбайы, Қожағұлдың Сейдахметі, Тепенің Мағзұмы, Қырғызбайдың Ақышбегі, Сәрсеннің Оразбегі, Рахымбектің Мәдиі, Тілеубайдың Әнкіші, Бостанның Абылайы, Ниязалының Рүстемі, Шатаның Сағындығы, Махаттың Ермекбайы, Ербатырдың Бұхарбайы бас қосып, «Талап» колхозының басқарма төрағасы Рахима Түсіпқызын қатыстырып, Терісаққан өзенінің ой жерінен бөгет салуды ақылдасып, көмектерін береді.

Соғыс жылдары қазіргі байланыстың бірі жоқ. Тек қана пошташы ғана аудан орталығы Ұлытауға күнде қатынайды. Аудан мен колхоз орталығының арасы 150 шақырым. Осы аралыққа төрт бекет қойылған. Осы бекеттердің әрқайсында бір-бір үйден қысы, жазы отырады. Пошташылар осы бекеттерге тоқтап дем алатын, тамақтанатын, ат айырбастайтын. Пошташының келуін елдің бәрі күтетін. Әсіресе, балалардың екі көзі жолда болатын. Күнделікті келетін мерзімі жақындағанда қара жолдың бойын қуалап, жүгіріп барып қарсы алатын еді. Пошташы атамыз Байтуғанның Смайылы атынан түсіп, қаптаған қара домалақ балалардың ортасында тұратын. Маңдайларынан сипап, кейбірінің бетінен сүйетін. «Соғыс аяқталуға жақын, біз жеңіп жатырмыз. Әкелерің, ағаларың таяуда келеді. Уайымдамаңдар. Жақсылап тілеуін тілеңдер» деп атына мініп, колхоз кеңсесіне қарай жүріп кетуші еді.

Келген хаттардың ішінде жараланып госпитальда жатқандар, жарасынан жазылып соғысқа қайтадан кіргендер, соғысып алға қарай кетіп бара жатқандар туралы хабар көп келетін. Соғыста өлгендер жөнінде қара қағаздарды да алып жататын. Бұхарбай баласы Мұқа, Сейдахмет баласы Сабыртай, Ғалы атаның жалғыз ұлы Қырқымбай «қайтыс болды» деген қара қағаз келгенде шалдардың көз жасы сақалдарын жуып, жерге тамыпты. Қара қағаз бірінен соң бірі келіп, қараша ауылды қасірет бұлты басқанымен қайратты ел қажымады. Соғысқа кеткендерден алғашқы болып 1943 жылдың басында Жақыптың Шәкені, Ғалымбек Құсайынов, Сұлтан Ниязалин, Қонысбай Мусин, Шаймерден Ермекбаев оралды. Біреуі бір қолынан, біреуі бір аяғынан, жамбас сүйегінен, қабырғасынан айрылғандар. Екі көзінен бірдей су қараңғы соқыр болып Жамал апайдың үлкен ұлы Хайролла да келді. Оны қарсы алғанда жерге аунап жыламаған жас, қарғыс айтып зарламаған ана қалмады.

Сондай-ақ оқыңыз

«Қазақмыстықтар» «Алтын Гефест – 2025» байқауында жоғары марапатқа ие болды

«Қазақмыстықтар» «Алтын Гефест – 2025» байқауында жоғары марапатқа ие болды

13.06.2025
AMM 2025: «Қазақмыстың» негізгі бағыттары мен бастамалары

AMM 2025: «Қазақмыстың» негізгі бағыттары мен бастамалары

13.06.2025

Бұдан кейін келгендердің ішінде Әмірдің Сейдіғазысы, Оспанбек қажының Аханы, Бәймендінің Қасымы, Әлінің Яхудасы, Есімбайдың Мұсасы, Қожағұлдың Молдахметі (Татанов), Кәридің Сұлтанбегі, Шақымның Ғалымбегі, Мақсұттың Ахмедиясы, Әбдиғалидың Есілбайы, Сүтбайдың Дүйсенбайы, Бексұлтаны, Әнтейдің Iзбасары, Сәрсеннің Уахиты, Үдербайдың Әбілі, Құдайқұлдың Бақайы, Жақсылықтың Бөгенбайы, Достанның Хасені, Бұхарбайдың Мақышы, Ермекбайдың Шәймердені, Баяхметі, Маханбеттің Ахметі, Ыдырыс қожаның Зейнелі, Қойлыбектің Балтасы, Айдарбектің Жұмашы, Әбінің Төлегені, Қыдыкеннің Тоғайы, Райымбекұлы Әбжамит, Мағзумның Нәзікені, Шәмкені (Шәмшидені), Саурықтың Баянбегі, Әдилбекұлы Иген, Байсоқырұлы Дүкенбай, Шатаның Ержаны, Жақияұлы Тоқаңдар еді. Олардың көбі жараланған. Мәселен, Ахан Оспанбек қажы баласы соғыста 1943 жылдың жазында оң жақ аяғынан жараланған екен. Жіліншігінің сүйегі сынып, бірненше бөлікке бөлінген. Алты ай госпитальда жатып, аяқты емдетіп, жазылмаған соң елге қайтарыпты.

Осы екі ауылдың аймағындағы «Желдіадыр», «Қызыл Ту», «Талап» колхоздарынан соғысқа аттанып, майдан даласында қаза болғандар мен хабарсыз кетті дегендерді санасақ, отызға жетіп жығылады екен. Олар кімдер еді? Атап айтсақ, Ғалекенің Қырқымбайы (жалғыз еді марқұм, шаңырағы шайқалып қалды), Мұстафаның Көжегі, Бәйменденің Камалы, Қазымы, Мәліктің Әнуарбегі, Камалбегі, Иманбайдың Кәрібайы, Байсақалдың Мағзиі, Омардың Сәдуақасы, Дәрібайдың Төлегені, Әнкіштің Жәкені, Нұраның Белгібегі, Сыздықтың Шәмшесі, Бұхарбай пірәдардың Мұқашы, Бәбекенің Шопаны, Жақияның Бекіші, Байтуғанның Омары. «Желдіадыр» колхозынан Бейсекейдің Төлеуі, Орағы, Сұнқары, Телібайдың Рамазаны, Маханы, Кенжеболаттың Шәмкені. «Қызыл Ту» колхозынан да бірнеше адам майдан даласынан қайтпай қалған. Олардың ішінде Махамбеттің Қабдолласы, Байсоқырдың Жібекбайы бар.

Шоқан Оспанбековтің осы оқиғаларды баяндаған кітабындағы мына бір бетін тебіренбей оқу мүмкін емес. «Соғыс бітті, соғыс аяқталды, сүйінші сұрауға басқарма бізді жіберді» – деп қуанышты хабардан жүздері нұрланып. «Жақсы болған екен. Өздеріңе де құтты болсын. Енді соғыс болмасын. Германның тұқымы құрысын. Сүйіншілеріңді алыңдар, береміз!» деп жатыр ағатайым. Бұл 1945 жылдың 10 мамыры еді. Үш атты, екі өгізге мінген бесеуміз үйге келдік. Сүйінші сұраушылар даурығысып, жақсылық хабарды апама айтып жатыр. Бұл жақсылықты естігеннен кейін апам қатты толқыды, дауыс қылып жылады. Киіз үйдің желбауына асылып тұрып: «Бауырларым-ау, соғыстың құрығаны рас па, өтірік пе? Затсыздардың соғысы елді құртып кетті ғой. Жерге қарап қалдық қой. Соғысқа барамын деп кетіп, «әлгі біреудің» (менің әкемді қажы атам осылай атауды үйретіпті) далада өлгенін естідік. Құлындарым Зағипа, Қалифа, Рабиға, қайынсіңілім Ғазиза жоқшылықтан ауырып қайтты. Өмірден өтті. Қарғыс атқыр қырғын соғыстың зардабы емей немене?» деп айналаны азан-қазан қылып жылады-ай кеп. Жер бауырлай құлап, жатып алды. Анамның осындай қатты күйзелісін мен өмірімде алғашқы және соңғы рет көрдім. Есімнен мәңгі өшпестей болып сақталып қалыпты».

Иә, соғыстың тақсырет-тауқыметін тартқан ауылдастарымызды көріп, әңгімелеріне қанығып өстік. Мен өзім сұрапыл соғыс аяқталып, Жеңіс туы желбіреген жылы туыппын. Ес біліп, мектепке барған кезімізде де ауыл адамдарының майдан даласынан оралмаған балалары мен бауырларынан бір жылы хабар болар ма екен деп елеңдеп, қайғы шегіп жүргендеріне куә болдық. Қасіретті жылдардың зардабы ешқашан ұмытылмайды-ау.

Жеңіс СМАҒҰЛОВ,
Шеңбер ауылының ардагері.

Ұлытау ауданы.

Бөлісу27Твитерге17
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
«Комсомол»  колхозы

«Комсомол» колхозы

28.03.2025
«Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз»

«Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз»

05.07.2024
«Қазақмыстықтар» «Алтын Гефест – 2025» байқауында жоғары марапатқа ие болды

«Қазақмыстықтар» «Алтын Гефест – 2025» байқауында жоғары марапатқа ие болды

13.06.2025
AMM 2025: «Қазақмыстың» негізгі бағыттары мен бастамалары

AMM 2025: «Қазақмыстың» негізгі бағыттары мен бастамалары

13.06.2025
Еңбек қауіпсіздігі – басты назарда

Еңбек қауіпсіздігі – басты назарда

13.06.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру