Жұма, 6 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Өндіріс өрісі

«Шығыстың» шырайы  

Еңбегімен еселі

25.11.2022
- Өндіріс өрісі
0
«Шығыстың» шырайы  
90
БӨЛІСТІ
250
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Бұл бұрғышыны бұлай әспеттеу астарында тағылымды сыр жатыр. Әкесі Иса саналы ғұмырын забой төбесін бекітуге арнады, сөйтіп кеншінің қауіпсіз еңбек етуін қамта – масыз етті. Арқадағы «алыптарға» соқпақ салып берген шахтаның бірі — Шығыс Жезқазған кенішіндегі №57-де тер төкті.

Бұл өзі қалыптасқан даңқты еңбек дәстүрі бар, небір бағалы бастаманың ошағына айналған қуатты кәсіпорын екенін біздің аймақта бәрі біледі. Бүгінде Бауыржан да осы «Шығыстың» шырайын шығарып «Анненск» шахтасында шыңырауды шиырлап, шпур бұрғылап жүр. «Кенші» дегенің керемет кәсіп қой, оны меңгерген адам анау-мынауыңа мойымайды. Бауыржан Ермағамбетов те сондай жолдан өткен азамат. Кеншілер қаласындағы №19 орта мектепті бітірді. Сосын кәсіптік-техникалық училищеге түсіп, дәнекерлеуші мамандығын алып шықты. Сол жылы күзде Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге аттанды. Қайтып келген соң шахтапроходкалау тресінде шамалап жұмыс істеді. «Шамалаған» себебі, көңілі кеніш жаққа ауа беретін. Әрі-сәрі күйде жүргенде бес жылың да байқатпай өте шығыпты. Кеншілік кәсіптің қолайына келетін мамандық алмағанына өкінген кезі де болған. Бірақ, бәрі өзіне байланысты екенін білді.

Әлі жас, жалындаған «жиырма бестің» жалына жаңа жармасқан. Сосын «тәуекелдің желқайығына» мінді де, жаңадан қатарға қосылып жатқан Анненскіге жұмысқа орналасты. Кеншілік кәсіпті жерасты электр слесары болудан бастады. Көп ұзамай бұл бесаспап кеншіге нағыз керек мамандық екеніне көзі жетті. Тәжірибесі толысып, разряды көтерілді. Бес жылдан кейін шпур зарядтайтын жерасты машинасына жүргізуші болып ауысты.

Нағыз кеншілікке бір-ақ қадам қалған еді. Ол да көп күттірген жоқ. Араға үш жыл салып бұрғылау қондырғысының «құлағын» ұстады. Сөйтіп, кеніштің табалдырығын аттаған тұстан тура тоғыз жыл дегенде дегеніне жетті. Кен өндіру кезінде сапалы бұрғыланған әрбір шпур өнімділікке қаншалықты әсер ететінін кеншілер қауымы өте жақсы біледі. Білікті бұрғышылар қатарындағы Бауыржанға әріптестері дән риза.

Сондай-ақ оқыңыз

Кен ұсақтау кешенінің қуаты артуда

Кен ұсақтау кешенінің қуаты артуда

06.12.2024
Кен ұсақтау кешенінің қуаты артуда

Кен ұсақтау кешенінің қуаты артуда

06.12.2024

Әлібек ӘБДІРАШ.

Суретте:  Бауыржан ЕРМАҒАМБЕТОВ.

Бөлісу36Твитерге23
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
Мемлекет тірегі – тәртіп

Мемлекет тірегі – тәртіп

30.05.2025
Балалардың денсаулығы – назарда

Балалардың денсаулығы – назарда

30.05.2025
Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

30.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру