Сенбі, 21 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Кәсіподақ тынысы

Шығыстағы шырайлы жүздесу

26.05.2023
- Кәсіподақ тынысы
0
Шығыстағы шырайлы жүздесу
89
БӨЛІСТІ
247
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Еңбек адамының  құқығы мен мүддесін қорғау бағытында кәсіподақтың  атқарар қызметі орасан. Бүгінгі таңда ел аумағы бойынша елу алты мыңнан аса мүшесі бар тау-кен, металлургия және аралас өндіріс еңбеккерлерінің  «КәсіпҚорған» кәсіподағының  филиалдары қарқынды жұмыс жасауда.

Шығыс Қазақстан облысындағы  өндірістік алаңдағы еңбеккерлердің басын біріктірген  Өскемен қаласындағы филиалдың  қызметі көптің көңілінен шығуда. Анатолий Назаров төрағалық ететін филиал ұжымы еңбек адамына қажетті барлық  қажеттілікті өтеп отыр. Жақында  «КәсіпҚорған» кәсіподағының төрағасы Уәлихан Нұржанов бастаған топ  филиалдың жұмысымен танысып, атқарылған шаруаларды пысықтады. Анатолий Назаров  ұжымымен бірге осы кезге дейін біраз шаруаның бетін қайрыпты.  Семинар кездесуде ол өзінің іскерлік тәжірибесімен  бөлісіп, материалдық көмек беру, жұмыс орындарындағы қауіпсіздікті бақылау,  еңбеккерлерді бұқаралық спортқа тарту сынды жұмыстардағы ерекшеліктерді  алға тартты. Бір қағидаға топтасқан ұйымның әрбір атқарған  жұмысы қарапайым еңбек адамы үшін игілікті екендігін аңғартты.  Жұмысшыларға қолайлы жағдай жасай отырып, кәсіподақтың  қоғамдық өміріне тартуда филиалдың белсенділігі жоғары.

Шығыстағы шырайлы жүздесуде  кәсіподақ төрағасы Уәлихан Қуанышбекұлы филиал жұмысының тиімді тұстарына мән беріп, өзге филиалдар да осы ұйымның тәжірибесін қолданысқа енгізуді алға тартты.

– Біздің басты міндетіміз еңбек адамына қолайлы жағдай жасау екендігін есте шығармаған жөн. Әрбір филиалдың өз ерекшеліктері бар, соны тәжірибе ретінде қолдана білуіміз керек. Өзіміз куә болып отырған Шығыс Қазақстандағы кәсіподақ филиалынан алар тәжірибе мол, – деді төраға.

Сондай-ақ оқыңыз

Саясатсыз сапалы қызмет

Саясатсыз сапалы қызмет

08.03.2025
Әлеуметтік қорғау – басты орында

Әлеуметтік қорғау – басты орында

28.02.2025

Шығыс өңірге сапар барысында Уәлихан Нұржанов «Шығыстүстімет» ЖШС басқарма  төрағасы   И.Даутовпен кездесіп, алғады жоспарларды талқылады. Екі тарап  болашақта еңбекң адамының құқығын қорғауда бірлесе жұмыс атқаруға уағдаласты.  Сонымен қатар, кәсіподақ төрағасы «Кенші» бастауыш ұйымында болып, ұжыммен тілдесті.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

Бөлісу36Твитерге22
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Шолпан шапағы

Шолпан шапағы

13.06.2025
«Комсомол»  колхозы

«Комсомол» колхозы

28.03.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
Ұлытау төрінде «Көкмайса-2025» фестивалі өтті

Ұлытау төрінде «Көкмайса-2025» фестивалі өтті

20.06.2025
«Қазақмыс» Бағдар: Еңбек қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

«Қазақмыс» Бағдар: Еңбек қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

20.06.2025
Әлемдегі тау-кен мектебі облыста филиалын ашады

Әлемдегі тау-кен мектебі облыста филиалын ашады

20.06.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру