«КәсіпҚорған» кәсіподағының ірі филиалдарының бірі – Шығыс Қазақстанда орын тепкен. Анатолий Назаровтың төрағалығындағы филиал 2023 жылдың 9 айында келісім-шартты бақылау бағыты бойынша кәсіподақ мүшелерімен кеңестер беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жұмысты ұйымдастыру бойынша комитеттер мен бастауыш ұйым төрағалары еңбек ұжымдарында болып, кәсіподақ шеңберінде бекітілген жұмыстарды жүзеге асырды. Келісім комиссиясының отырысында еңбек дауларына қатысты мәселелер қаралып тиісті шешімдер қабылданды.
Өндірісте жүріп, денсаулығынан зиян шеккен, мүгедектікке шыққан жұмысшыларды материалдық қолдау, еңбеккерлерді мерекелерде ұлықтау сынды шаралар ретімен атқарылды. Сонымен қатар, асханалардың да жай-күйі кәсіподақ бақылауында болды. Мерейлі жасқа толған кәсіподақ мүшелерін марапаттау дәстүрге айналды. Мәдени-бұқаралық, спорттық шаралардың ұйымдастырылуы да өз деңгейінде жүзеге асты.
Шығыс Қазақстан облысындағы кәсіподақтың филиалы еңбек адамының лайықты жағдайда жұмыс жасауына тікелей атсалысып келеді. Техникалық инспекторлар тарапынан келісім-шарт негізіндегі көзделген міндеттер бақылауға алынады. Солардың қатарында жұмысшыларды арнайы киіммен, қорғаныш заттарымен қамту жолға қойылған. Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі жөніндегі өндірістік кеңеске қатысып, өндірісте алған жарақаттардың себебі мен салдарын анықтау бойынша комиссияның құрамында жұмыс жасайды.
Бүгінде «КәсіпҚорған» кәсіподағының бір қанатына айналған Шығыстағы филиалдың да шаруасы оңтайлы.
Бағдат ҚАЗКЕНОВ.