Адам денсаулықтың қадірін ауырғанда біледі. Мен де соның бірімін. Ем іздеп жүріп, ойламаған жерден «ШипаЛайф+» парафин орталығына тап болдым. Шындығында, зайыбым зорлағандай қылып алып барды. Қалада ондай медициналық мекеме барын сонда білдім.
– Кеншілер қаласындағы алғашқы «Shipalife+» парафин орталығы екі жылдан бері тұрғындарға қызмет көрсетіп келеді. Атауы «Шипалы өмір» деген мағынаны білдіреді. Ал, «+» таңбасы тек парафин (жылу терапиясы) ғана емес, қосымша массаж түрлері де бар дегенді мегзейді.
Біздің орталықтың ерекшелігі, Қытай елінің нүктелі массажын қолданамыз. Яғни, ешқандай дәрі-дәрмексіз, екпесіз келген адамды нүктелі массаж, вакуумдық массаж, жылу терапиясы арқылы емдейміз. Сондай-ақ, аппаратты массаж, ине терапиясы, гирудртерапия (сүлік), тағы басқа қызмет түрі бар. Жақында біліктілігімді көтеру мақсатында Қытайдың Санья қаласына барып, мамандармен тәжірибе алмасып келдім, – дейді орталықтың басшысы Дина Батырбекова.
Орталықтан алты күн ем-дом қабылдап, арасына апта салып екі мәрте сүлік салдырдым. Қазір көңіл-күйім жақсы. Ем-домның бел ортасында жүретін Динаға, массаж жасайтын Тоғжан мен Айгүлге, көмекшілері Марина мен Индираға ризамын. Қолдарың дерт көрмесін!
Әлібек ӘБДІРАШ,
Қазақстанның Құрметті журналисі.
СӘТБАЕВ.