Жұма, 11 Қыркүйек , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Өндіріс және өмір

Шеберліктерін сынға салды

29.11.2024
- Өндіріс және өмір
0
Шеберліктерін сынға салды
105
БӨЛІСТІ
291
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

2024 жылғы 20 қарашада «Қазақмыс Мэйнтенанс Сервисиз» ЖШС-де «КәсіпҚорған» кәсіподағының қолдауымен «Кәсібінің үздігі-2024» кәсіби шеберлік байқауы өтті.

Жарысқа «Жезқазғансервис» және тау-кен, шахта жабдықтары зауытының жерасты электр-слесарьлары мен слесарь-жөндеушілері қатысты. Байқауда 26 үміткер бақ сынады.

Байқаудың негізгі мақсаты – кәсіби даярлық сапасын арттыру, қызметкерлердің біліктілігі мен дағдыларын дамыту, сондай-ақ өз мамандығының үздігін анықтау, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша корпоративтік стандарттар талаптарын білу.

Байқау екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде қатысушылар сұрақ- жауап үлгісіндегі тестілеуден өтті. Бұл теориялық білімді бағалауға мүмкіндік берді. Екінші кезеңде қатысушылар өздерінің кәсіби жұмысына байланысты тапсырмаларды орындай отырып, практикалық дағдыларын көрсетті.

Байқауды ұйымдастырған «КәсіпҚорған» кәсіподағы комитетінің төрағасы Мәриямкүл Тәкішева мұндай шара еңбеккерлердің білімі мен тәжірибесін саралап қана қоймай, бірлесе жұмыс жасауға жұмылдыратынын алға тартты.

Шеберлік сынында үздік шыққан Оңтүстік Жезқазған кеніші № 65 шахтадағы сервистік телімнің жер асты электр-слесарі Мадияр Өмірбеков І орынды жеңіп алды. Тау-кен, шахта жабдықтары зауытындағы құрастыру цехының слесарь-жөндеушісі Ардақ Сейтқұлов ІІ орынды еншілесе, ІІІ орынның жүлдесі «Жыланды» кеніші «Сары-Оба» шахтасындағы сервистік телімнің электр-слесарі Нұрғазы Ахметовтің үлесіне тиді.

Байқау жеңімпаздары дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, қатысушыларға арнайы номинациялар бойынша ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

Бөлісу42Твитерге26

Көп қаралған

  • Әнші Ғалым МҰХАМЕДИН«Құрметті профессор» атанды

    Әнші Ғалым МҰХАМЕДИН«Құрметті профессор» атанды

    213 бөлісті
    Бөлісу 85 Твитерге 53
  • Бәйеш батыр

    228 бөлісті
    Бөлісу 91 Твитерге 57
  • Саналы ата-ана болу – бақытты отбасының негізі

    67 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Экологиялық әдеттерді қалыптастыру және азаматтарды тұрақты тұтыну тәжірибесіне тарту

    67 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Ұлытаудан шыққан рухани шипагер

    197 бөлісті
    Бөлісу 79 Твитерге 49
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру