Сейсенбі, 1 Шілде , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет «Қазақмыс» «Қазақмыс» құрылымдарында

«Шатыркөлдегі» жаңа фабрикамен танысты

21.06.2024
- «Қазақмыс» құрылымдарында
0
«Шатыркөлдегі» жаңа фабрикамен танысты
118
БӨЛІСТІ
327
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Еліміздің оңтүстік аумағында орын тепкен «Шатыркөл» кен орнының маңында «Қазақмыс» корпорациясы жаңа фабриканың жұмысын бастамақ. Осыған орай Премьер-министр Олжас Бектенов сол өңірде болды. Үкімет басшысын жаңа фабрикамен «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Нұрахмет Нүриев таныстырды.

Кәсіпорын Шу ауданының «Шатыркөл-Жайсаң» кластерінде орналасқан. Фабриканың ресми іске қосылуы 2024 жылдың тамыз айына жоспарланған. Қазан айында кәсіпорын жобалық қуатына шығады.

Өндірісте мыс кенін байытудың ең зиянсыз технологияларының бірі қолданылады. Шаң тұту тиімділігі 99% коэффициентті құрайтын заманауи аспирация жүйесінің көмегімен жүзеге асырылады. Cонымен қатар өнімді тасымалдау көлемін азайту арқылы жолдағы шаң айтарлықтай төмендейді. Ал жақын елді мекендер кәсіпорынның әсер ету аймағынан 20 шақырымнан астам қашықтықта орналасқан.

Ерекше артықшылығы – фабриканың құрылысы кезінде топырақтың құнарлы қабаттары үйінді ретінде жиналған және жұмыс аяқталғаннан кейін бұзылған учаскелерді қалпына келтіруге пайдаланылады.

Сондай-ақ оқыңыз

Қауіпсіздікке қалқан болғандар

Қауіпсіздікке қалқан болғандар

29.11.2024
Академик есімі қайта оралды

Академик есімі қайта оралды

22.11.2024

Байыту қалдығы судың топыраққа ағып кетуін болдырмау үшін арнайы қалдық қоймасында сақталады. Сонымен қатар, жылыту мәселесінде электр қуатымен жұмыс істейтін қазандық қолданылады. Бұл – СО2 шығарындысы ең аз көрсеткішті көрсететін экологиялық таза технология.

Кез-келген кәсіпорындағы маңызды мәселелердің бірі – қауіпсіздік. Шатыркөл байыту фабрикасында жаңа өрт депосы, медициналық бекет, сондай-ақ, заманауи өрт дабылы, өрт сөндіру және бейнебақылау жүйесі қарастырылған.

Нұрахмет Нүриев Олжас Бектеновке фабрикада қолданылатын әлемнің жетекші өндірушілерінің заманауи технологиялық жабдықтары туралы айтып берді. Өндірістің тиімділігін арттыру және өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғаудың жоғары деңгейіне ықпал ету үшін қолданысқа технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйесі енгізілді.

Фабрика жұмысшыларының жалпы саны 340 адамнан аспақ. Кадрларды іріктеу кезінде негізінен жергілікті тұрғындарға басымдық беріледі.

Бұдан басқа «Қазақмыс» Жамбыл облысының әкімдігімен меморандумға қол қойып, өңірдегі әлеуметтік маңызды жобаларды іске қосу міндеттемесін мойнына алды.

Бүгінгі таңда ауданда ауызсуға арналған ең терең су ұңғымасы (250 метр) бұрғыланды, көктемгі су тасқынының алдын алу үшін су бұру траншеясы салынды, ондаған шақырым автожол жөнделді және төселді, төрт кентте балаларға арналған спорт алаңдары бой көтерді.

«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС баспасөз қызметі.

Бөлісу47Твитерге30
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Дулығалы мешіті

Дулығалы мешіті

27.01.2023
Шолпан шапағы

Шолпан шапағы

13.06.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
«Қазақмыс» ынтымақтастық: Үстел теннисі қарқын алды

«Қазақмыс» ынтымақтастық: Үстел теннисі қарқын алды

27.06.2025
Облыстық одақта – жаңа төраға

Облыстық одақта – жаңа төраға

27.06.2025
Әріптесіміз мемлекеттік марапатқа ие болды

Әріптесіміз мемлекеттік марапатқа ие болды

27.06.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру