Сейсенбі, 17 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Қоғам

Шаруалар арзан отынмен жеткілікті жабдықталады

Ұлытау жаңалықтары

14.04.2023
- Қоғам
0
Шаруалар арзан отынмен жеткілікті жабдықталады
70
БӨЛІСТІ
195
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Еліміздегі 3 мұнай өңдеу зауытының бүгінгі өндірістік қуаты нарықты қамтуға толық жеткілікті болғанымен, біздегі арзан жанармайдың сыртқа ағылуы оның бағасын арттыру шарасына негіз болғаны белгілі.

Мысал үшін, Ресейде дизель бағасы орташа есеппен литріне 345 теңге, біздегі нарық бағасынан 45%-ға қымбат. Қырғызстандағы баға 64 %-ға жоғары, яғни литріне 390 теңге, Өзбекстандағы баға бізбен салыстырғанда екі есеге қымбат – литріне 480 теңге, бағамыздағы айырмашылық – 101 пайыз.

Алайда, көктемгі егіс жұмыстарына бөлінген 413 мың тонна дизель отынының бағасы сол қалпы сақталады. Қазір одан шаруалар проблема көріп отырған жоқ. Ұлытаулық шаруаларға дизель отыны литріне 212 теңгеден сатылатын болады. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасындағылар бұл ертеректе келісілген баға деп отыр. Сондықтан жанар-жағармайдың қымбаттауы егістік науқанына еш әсер етпейді деп сендірді.

– Егін шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтар үшін уайымдауға негіз жоқ – дейді Нұрғиса Мырзабек, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының бас маманы. – Себебі, осыған дейін алдын ала арзандатылған 840 тонна дизель отынының қоры жасақталды. Биыл 35 300 гектар жерге егістік жұмыстары жүргізілмек. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 5,6 пайызға көп.

Сондай-ақ оқыңыз

Су қателікті кешірмейді

Су қателікті кешірмейді

30.05.2025
Тіл төңірегіндегі текетірес

Тіл төңірегіндегі текетірес

14.03.2025

Қазір диқандардан өтінім қабылдау жұмыстары басталып кетті. Көктемгі дала жұмыстарына 840 тонна дизель отынының 550 тоннасы Ұлытау, 290 тоннасы Жаңаарқа ауданына үлестіріледі. Сұйық отын Павлодар мұнай зауытынан жеткізіліп Жезқазған мен Қарағандының қоймаларында сақталады. Ұлытау облысында егін егу науқаны әні-міне басталады деп күтілуде.

Гүлім МАРАТҚЫЗЫ.

 

Бөлісу28Твитерге18
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
«Комсомол»  колхозы

«Комсомол» колхозы

28.03.2025
«Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз»

«Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз»

05.07.2024
«Қазақмыстықтар» «Алтын Гефест – 2025» байқауында жоғары марапатқа ие болды

«Қазақмыстықтар» «Алтын Гефест – 2025» байқауында жоғары марапатқа ие болды

13.06.2025
AMM 2025: «Қазақмыстың» негізгі бағыттары мен бастамалары

AMM 2025: «Қазақмыстың» негізгі бағыттары мен бастамалары

13.06.2025
Еңбек қауіпсіздігі – басты назарда

Еңбек қауіпсіздігі – басты назарда

13.06.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру