Жұма, 13 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Қоғам

Шабындықта – қызу еңбек

11.08.2023
- Қоғам
0
Шабындықта – қызу еңбек
89
БӨЛІСТІ
247
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Жаздың бір күні – қыстың бір айына азық. Мұны шаруа баққан ел жақсы біледі. Әсіресе, мал өсіріп, оның өнімін ұқсатып отырған шаруа қожалықтарының иелері қазіргі қолайлы сәттерді тиімді пайдаланып қалуға тырысуда. Олар таңсәріден шабындыққа шығып, табиғаттың берген несібесін мейлінше шашау шығармай шауып алуға күш салуда.

Соңғы бірер жылдан бері табиғат ана жаңбырдан тарыншылық көрсетіп жүргені мәлім. Жауын-шашынның аз болуынан шабындықтардағы шөптің шығымы да мардымсыз. Биыл да солай. Күздегі мол жауыннан кейін биыл шөп те мол шығар деп үміттенген едік. Олай болмады.

Десек те, жерден өнгенді жерде қалдырмауға тырысқан Ұлытау ауданының шөпшілері шабындықта қарқынды еңбек етіп жатыр. Мәселен, Борсеңгір ауылының малшылары биыл қысқа қажетті 17,8 мың тонна мал азығын дайындауды жоспарлар отыр. 5 шаруа қожалығы  және өз жерлерін шабумен айналысып жатқан 12 жергілікті тұрғын осы үрдістен көріну мақсатында уақытпен санаспай еңбек етуде. Солардың қатарында «Сарықамыс» шаруашылығы лиманның шөбін толығымен шауып болды. Қазір олар шабылған шөптерін тайлауға кіріскен. Бүгінгі күні борсеңгірліктер шамамен 8000 тоннаға жуық шөп шапты. Науқанға округ бойынша 16 трактор, 5 тырнауыш, 8 шалғы, 3 волокуша қатысуда.

Аманкелді ауылында да шөп шабу науқаны ойдағыдай жүріп жатыр. Округ бойынша биыл 15323 тонна шөп әзірлеу жоспарланған екен. Бүгінгі күні жобамен 7660 тоннадай шөп шабылыпты. Қазір шабындықта 35 трактор жүр. Оның 17-сі шалғымен.

Сондай-ақ оқыңыз

Су қателікті кешірмейді

Су қателікті кешірмейді

30.05.2025
Тіл төңірегіндегі текетірес

Тіл төңірегіндегі текетірес

14.03.2025

Ал, Қаракеңгір округі бойынша биыл 16161 тонна мал азығын дайындау жоспарланған. Осы жоспарды орындау үшін қазір округтегі шабындықтарда 24 бригада жұмыс жасауда. Олар 64 техниканың күшімен 9620 тонна шөпті шауып үлгеріпті.

Шөп шабу науқаны Сарысу ауылдық округінде де қызу жүріп жатыр. Биылғы меже –  18861 тонна. Округте 110 шаруа қожалығы тіркелген. Шабындықта 16 шаруа қожалығы шөп дайындау жұмысымен айналысуда. Мұның сыртында ауыл орталығында 62 үй мал ұстайды. Оларға 3000 тонна шөп қажет. Шөп шаруа қожалықтарының көмегімен түсіріледі. Бұл қалыптасқан дәстүр.

Қысқасы, аудан шаруашылықтарының қай-қайсында болмасын, жасыл орақ науқаны ойдағыдай өтуде. Тек, қай өңірде болмасын, шөптің түсімі бұрынғы жылдан көп төмен.

Ізтай БЕЛГІБАЙҰЛЫ.

 

Бөлісу36Твитерге22
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
«Комсомол»  колхозы

«Комсомол» колхозы

28.03.2025
Сапалы өнім өндіруде

Сапалы өнім өндіруде

06.06.2025
Су құбырларын жаңартуға жұмсалады

Су құбырларын жаңартуға жұмсалады

06.06.2025
Жаңа демалыс аймағы ашылды

Жаңа демалыс аймағы ашылды

06.06.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру